|
Ұйымдастыру - іздестіру
|
Кіріспе әңгіме
Тәрбиеші:-Сәлеметсіздер ме?Бүгін бізде ерекше күн. Біз
бүгін көңілді күнімізді атай мен әжейдің ауылында
өткіземіз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер
болады?
-Бір аптада неше күн бар?
-Балалар сендерге мына өлең жолдарын оқып берейін мұқият
тыңдаңдар.
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
-Балалар өлең жолында қандай сан туралы
айтылған?
Жеті санын сатылай кешенді технологиясы бойынша
талдайық.
Анықтамасы: 7 саны натурал сан, неге? себебі, 7 саны бірнеше бірліктен
құралады.
Әр санда өзіндік кие болады, әр санның қасиеті, тәрбиелік
мәні, саналы орны болады. Балалар, бүгін біз 7 санына байланысты
«Жеті атамен» танысамыз.
Балалар «Жеті ата» туралы қандай мақалдар
білесіңдер?
Жеті атасын білмеген жетесіз дегенді қалай
түсінесіңдер?
-Балалар, осы Жеті ата туралы мәліметті Атамыздан
сұрайық.
Ата:-Балалар біз қазақ халқы шыққан тегімізге қатты мән беретін
халықпыз. «Жеті ата»-бір кісіден тараған аталас
қауым.
-Яғни шыққан тегімізді, руымызды, жеті атамызды білуіміз
керекпіз. Әрбір ата-ана баласына жастайынан жеті атасын талдап,
айтып отыру керек. Менің де сендерге арнаған бейнебаяным бар, соған
назар аударып, мұқият тыңдайық.
(жеті ата туралы слайд көрсету)
Ата: -Ал, балалар, мен сендермен қазақтың ұлттық ойыны
«Соқыртеке» ойынын ойнағым келіп тұр. Ойын шарты: Балалар шеңберге
тұрамыз. Ортаға бір бала шығады. Ортадағы баланың көзі байланады.
Шеңберде тұрған балалар соқыртеке сөзін айтады. Көзі байланған
бала, балаларды қуып, бір баланы ұстау керек. Ұсталынып қалған бала
сұраққа жауап беру керек.
-7 санын сатылай технологиясы бойынша
талда?
-Жеті атаны айтып бер.
-Жеті санына байланысты мақал айт.
-Ендеше балалар, қазір экранға назар аударып, санамақ
қайталаймыз.
Санамақ:
1-дегенім бөрік,
Кисең басқа көрік.
2-дегенім етік,
Киер сәнді етік.
3-дегенім ішік,
Теріден тігер пішіп.
4-дегенім тымақ,
Қыста кисең жылы-ақ.
5-дегенім байпақ,
Іші жылы тайпақ,
6-дегенім алқа,
Мойныңа тақ алда.
7-дегенім жейде,
Кір болмасын кейде.
Боямақ дәптерімен жұмыс.
Жеті саны мен жеті қошқар мүйіз оюын
бояу.
|
Көктем мезгілі
Көктем мезілінде үш ай бар.
Көктем мезгілінде жаңбыр жауады, күн жылынады, жерге көк
шөптер мен гүлдер өсіп шығады.
Бір аптада жеті күн бар.
-Жеті сан туралы айтылған.
Балалар бірге қайталайды.
- Жеті атасын білмеген жетесіз.
- Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын
жер.
- Жеті атасын білген жетімдік
көрмейді.
(Балалар слайдқа назар аударады.)
Балалар шеңберге тұрып, соқыртеке сөзін
айтады:
«Соқыртеке бақ-бақ,
Біз айтамыз тақпақ.
Мықты болсаң кәнекей,
Бәрімізді тап-тап»
-7саны натурал сан, неге?, себебі, жеті саны бірнеше
бірліктен құралады.
-Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Тек ата.
Баба.
Балалар мақал айтады.
Балалар бірге санамақты
қайталайды.
Балалар боямақ дәптерімен жұмыс
жасайды.
|
|
Рефлексиялық -түзетушілік
|
Қорытындылау:
-Балалар, бүгін біз қандай санды сатылай кешенді
технологиясы бойынша талдадық?
-Балалар жеті санына байланысты қандай мақалдар
білесіңдер?
-Балалар, сендер өз жеті аталарыңды білесіңдер
ме?
-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнады
ма?
Ата: -Жарайсыңдар, балалар! Ата-аналарыңнан Жеті аталарыңды
сұрап, жаттап алыңдар. Маған сендермен өткізген бүгінгі күнім өте
қызықты болды. Сау болыңдар балалар!
|
-Жеті санын сатылай кешенді технологиясы бойынша
талдадық.
-Балалар жеті санына байланысты мақал
айтады.
-Балалар жеті аталарын айтады.
-Ия, ұнады.
-Рахмет атай!
-Сау болыңыз!
|