400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 7санын үйрету, таныстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы материал балабақшаға тәрбиешілерге көмек көрсетет теп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы











Ашық сабақ:

7санын үйрету, таныстыру.

Ересек топ 12.11.2018ж.





Тәрбиеші: Дюсембаева Г.Т.



























Тақырыбы: 7санын үйрету, таныстыру.

Мақсаты: Сандар туралы білімдерін қалыптастырып, 7 санымен таныстыру. 7санын көрнекілектер арқылы балалардың естеріне меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Балаларды достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: ойын, сұрақ жауап

Көрнекіліктер: 7саны презентация "Бауырсақ" ертегі кейіпкерлері.

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері:

Балалар бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз ерекше болмақ. Біздерге көптеген апайлар қонаққа келіпті. Қане бәріміз амандасайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, қанекей бәріміз,

Салем дейік үлкенге!

Сәлеметсіздерме!

Қане балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

Күз мезгілінде қанша ай бар?

Оларды атап өтейікші.

Бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Бүгін бізде математика оқу іс әрекеті. Өткен оқу іс әрекетін еске түсіру үшін сандарды тура және кері санау. (слайдта көрсетілген сандарды санап шығады). Енді балалар 6 санының көршісін табайық.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз 7саны. Яғни біз бүгін 7санымен танысамыз. Сабағымызды бастамас бұрын балалар біз қандай ертегілерді білеміз. (ертегілерді естеріне түсіру слайдпен көрсету).

Бауырсақ ертегісі. Қанекей кім бауырсақ ертегісің біледі. (тақтаға бауырсақтың суретін ілу).

Балалар бізге ертегілер елінен бауырсақ қонаққа келді. Бізден көмек сұрай келіпті. Атасынан, әжесінен қашып жолға шыққан екен, алдынан кенет қоян кездесті. Балалар қоян аш екен. Қоян бауырсақты жемекші егер біз қоянның шартын орындасақ бауырсақты босатады.

Қоянның тапсырмасы: Ойын "Кім тапқыр"

Санын білмей сәбіздің

Қоян әбден тосылды

Көмектесіп жіберші

Құтқарып сен досың ды.

Оң қолында төрт сәбіз

Сол қолында үш сәбіз.

Барлығы нешеу болады? (7 сәбіз)

Айболда бес доп,

Нұрболда екі доп

Барлығын қосқанда,

Болады неше доп? (7 доп)


Алма ағашта жеті алма

Қандай тәтті жесе алма

Жетеуінді жеп қойсам

Қалады онда неше алма.( 0 )

Балалар қоянның тапсырмаларын жақсы орындадыңдар. Ол сендерге риза болып бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай домалап жүре бергенде алдынан қасқыр шығады. Ол да бауырсақты жемекші. Балалар қасқырдың бізге қояр шарты.

Ойын «Қай пішін жетіспейді»

Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.

Жақсы балалар, біз қасқырдың да тапсырмаларын орындап тастадық. Қасқырда бауырсаққа тиіспеді.


Сергіту сәті: видео


Бауырсақ әрі қарай домалап жүре бергенде алдынаң аю кездеседі. Олда аш екен бауырсақты жемекші. Аюдың да бізге қояр шарты бар. Аюдың шартын орындасақ бауырсақты босатады. Не істейміз, балалар көмектесеміз бе?

Аю бал жинайтын кесе сатып алыпты. Бірақ санын білмейді. 6 кіші кесе, 1 үлкен кесе барлығы неше кесе? Аюдың тапсырмасын өте жақсы орындадық. Аю бауырсаққа тиіспеді. Түлкі де аш екен, бауырсақты жемекші. Түлкінің шарты: логикалық есептер шығару.

Екі сиырда қанша мүйіз бар? төрт

Бір мысықтың аяғы қанша? төрт

Бағдаршамда неше көз бар? үш

Бір қолда неше саусақ бар? бес

Бір аптада неше күн бар? жеті

Балалар біз түлкінің тапсырмасын орындасақ та, қу түлкі құлығын асырып бауырсақты жібермей тұр. Мен 7 саны туралы көп білгім келіп тұр дейді. Олай болса 7саны қандай сан екенін, бұл санның қасиетін келген қонақтарға да айта кетейік.

7 саны бұрынғы заманнан бері құпияға толы қасиетті сан.

Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, қыран бүркіт, қымай тазы, жүйрік ат, бекрен мылтық.

Жеті күн: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті шелпек, жеті жұлдыз, жеті күн, жеті нота, жеті жарғы.

Мінекей балалар қу түлкі де 7саны туралы көп білгесін бауырсаққа тиіспеді. Ал бауырсақ болса келген ізімен домалап орманды аралап ата әжесіне аманесен қауышады.

Балалар, тапсырмаларды орындау барысында қай санды көбірек естідік? 7санын

7 саны сандық қатарда алтыдан кейін тұрады.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Балалар бүгінгі сабақта қандай санмен таныстық?

"Жеті" сөзін оқыту. Сандар туралы санамақ айтқызу.

1- дегенім бесік, шықтым содан өсіп,

2- дегенім елім, далам, тауым көгім.

3- дегенім үміт, үміт артар жігіт.

4- дегенім төзім, төзе білем өзім.

5- дегенім бақыт, бағалайтын уақыт.

6- дегенім ақыл, тыңдағаның мақұл.

7- дегенім жалау, жүректігі алау.


Балалар біз сандар туралы көп білетіндігіміздің арқасында, мейірімділігіміздің арқасында бауырсақты да құтқардық. Бауырсаққа ақылды бол дейміз. Бауырсақ тарату.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі