жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 8 сынып
Сабақ жоспары
Сабақ: |
Мектеп: Семей қаласы №11ЖОББМ |
|||||||
Күні :18.11.2019 |
Мұғалім: Абишева Роза Абдикаримовна |
|||||||
Сынып: 8 «Г» класс |
Қатысқан оқушылар саны:12 |
Қатыспағандар:
|
||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Жұмыс әлемі |
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
А4 Сенімді және еркін жауап беру/ сөйлеу О5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу |
|||||||
Сабақ мақсаты: |
Оқушылар өзіне таныс тақырыптар бойынша дайындықсыз қарым-қатынасқа түседі. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердегі негізгі ойды күнделікті өмірмен байланыстырады |
|||||||
Құндылықтарды игерту: |
Жауапкершілік, ынтымақтастық, шынайылық |
|||||||
Пәнаралық байланыс: |
Психология, кәсіби бағдар беру |
|||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
Active Studio, PowerPoint (презентация) |
|||||||
Жетістік критерийлері: |
өзіне таныс кез келген тақырыпта сөйлеп, басқалармен қарым-қатынасқа түсе алады; ұқсас мәтінді тауып, тақырыпқа сәйкес ақпаратты таба алады және өмірмен байланыстыра алады. |
|||||||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар: Таныс тақырыптарға диалог, жағдаяттарды жалғастырғанда айтылым дағдысына жаттығады; Оқыған материалдарын өмірмен байланыстырады; Пән лексикасы және терминология: Жұмыс әлемінің ресми стилі бойынша жаңа сөздерді меңгеру; Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, оқылған мәтінде ________________ой айтылған, ал бүгінгі таңда ... ................................. Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________.
|
|||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Сөздердің сөйлемдегі өзара байланысу тәсілдерін меңгеріп, лексикалық тақырыптар бойынша төрт дағдысын дамытылды. |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер
|
||||||
Оқушылар өзіне таныс тақырыптар бойынша дайындықсыз қарым-қатынасқа түседі. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердегі негізгі ойды күнделікті өмірмен байланыстырады |
||||||||
Сабақтың басы 5 минут
|
Қызығушылықты ояту: 1. Шеңберге тұрып, бүгін қай күн екенін айтады, «Сәрсенбі-сәтті күн» деп, бір-біріне сағат тілі бағытымен жақсы тілектер білдіреді. 1,2,3 санап топқа бөлінеді. 2. Бір мамандық бойынша сөздерді топтастырып, керек заттарды жинақтап, сол кәсіп туралы 1 жақсы пікір айтады.
|
Пікірді дәптерге жазады. Кейін эссе жазғанда қажет болады. |
||||||
Сабақ ортасы 20 мин
15 мин |
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады. 1-Тапсырма: І. Топ. мәтінді мұқият оқып, «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша мәтінді талдаңыздар. 1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікір айтыңыздар. 2.Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер. 3.Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер. 4.Қорытынды. Мәтіннің негізгі тақырыбы бойынша қорытынды шығарыңыздар. 1-мәтін. Сіз жұмыс іздеп жүрсіз бе? Лайықты жұмысыңызды тапқан жоқсыз, солай ма? Онда оқу бітіруші студент қалай жұмыс тапты екен, соған назар аударайық. Англияның «Күнделік пошта» газеті 15 ақпан күні мынандай қызықты ақпарат берді. Адам Пакитти есімді университет тәмамдаушы студент өзінің қалтасында қалған ең соңғы 500 фунт стерлинг ақшасына көше бойындағы үлкен жарнама тақтасын сатып алып, оған өзінің жұмыс іздеп жүргені жайлы ақпарат жазған. Адам Пакитти (Adam Pacitti) оқуы біткеннен кейін бірнеше ай бойы жұмыс іздеп сандалған. Ақыры Лондондағы үлкен жарнама тақтасына өзінің суретімен қоса: «Мен ең ақырғы 500 фунт стерлинг ақшамды осы жарнама орнына жұмсадым. Маған жұмыс беріңіз», - деп төмен жағына өзінің жеке веб парақшасын жазған. Ойламаған жерден ол үлкен табысқа жетті. Осы жарнама ілінген күннен бастап оған 100-ден аса жұмыс ұсынылған. Қазір Адам Пакитти көңіліндегі жұмысын тапты.
2-мәтін. 1-Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша мәтінді талдаңыздар. 1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікір айтыңыздар. 2.Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер. 3.Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер. 4.Қорытынды. Мәтіннің негізгі тақырыбы бойынша қорытынды шығарыңыздар. Ғалымдар: жауапты жұмыс адамды семіртеді Аустралия мамандары адамды семіздікке апаратын жұмыстың түрін атады. Олардың айтуынша, маңызды шешім қабылдап, үнемі жауапкершілік арқалайтын қызметкерлер салмақты тез қосып алуға бейім. Күрделі мәселелерді шешіп, жұмыстың бүкіл ауыр жүгін арқалаудан адам күйзеледі. Бұл ретте түрлі лауазымды қызметті атқарушыларға оңай соқпайды. Сондай-ақ ақыл-ой жұмысымен аз айналысатын мамандарға семіру қаупінің жоқтығы да анықталды. Ал адамның мансабы артып, жұмыс жүгі ауырлаған сайын, ол тамақтану нормасынан ауытқып, салмақ қоса береді. Себебі үнемі уайымдау адамның энергия жұмсауын талап етеді.
3-мәтін. 1-Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша мәтінді талдаңыздар. 1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікір айтыңыздар. 2.Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер. 3.Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер. 4.Қорытынды. Мәтіннің негізгі тақырыбы бойынша қорытынды шығарыңыздар. 2-курс студенті 1000 АҚШ доллары көлеміндегі айлық ақшаға жұмыс жасай ала ма? Қандай мамандықты оқыған дұрыс - экономист пе, әлде юрист пе? Менің жауабым: программист! Өз басымнан өткен тәжірибем бойынша айтатыным, программист мамандығын үйреніп, сол бағытта білім жинауға кеңес беремін. Ол қиын емес. Үйрену көп уақыт алмайды. Бірақ нәтижесі өте жақсы болады. Жұмыс іздеу деген қиын емес. Жұмыс сізді өзі іздейді деуге болады. Сонымен қатар, өзіңіз әр-түрлі қосымша жұмыстарды жасауыңызға да болады. 21 - ғасыр технологиялар ғасыры. Заман жаңалықтарынан әрдайым хабардар болып жүресіздер. Егер программист болғыңыз келсе, қай бағытта жұмыс жасау керек және қандай дереккөздер қажеттігі жайлы сұраныс болса, пост жаза аламын
ІІ тапсырма. Жағдаят. Сурет бойынша жағдаят құрастырып, әңгімелеу. Жетістік критерийі:
(әр топтың тапсырмасы әр түрлі) БАҒАЛАУ: Жетістік критерийі бойынша бірін-бірі бағалайды.
|
Презентация
http://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/21618/
Лайықты-
назар аударайық
шешім қабылдау - бейім -
уайымдау,қам жеу-переживать талап ету - |
||||||
Сабақтың соңы 3 мин |
КЕРІ
БАЙЛАНЫС:
|
Слайд |
||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
||||||
1-тапсырма бойынша кейбір оқушылар, жаңа сөздерді қолданып, оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын баяндап айтады. Жаңа сөздерді қолданып, өз пікірін білдіреді.
|
Оқылым, айтылымда оқушылардың сөздік қоры, грамматикалық норманы дұрыс қолдануы тексеріледі. |
география пәнімен байланыс материалдар арқылы іске асырылды. Оқушылардың өміріне қауіп тудыратын тапсырмалар жоқ. Сабақ барысында Active Studio, PowerPoint, ноутбуктер пайдаланылады. Денсаулық сақтау құндылығы мен өзгенің пікірін тыңдау мәдениеті қалыптастырылады. |
||||||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
|||||||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.
2.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
||||||||
1-Тапсырма: І. Топ. мәтінді мұқият оқып,
«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша мәтінді талдаңыздар.
1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікір айтыңыздар.
2.Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.
3.Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.
4.Қорытынды. Мәтіннің негізгі тақырыбы бойынша қорытынды шығарыңыздар.
1-мәтін. Сіз жұмыс іздеп жүрсіз бе?
Лайықты жұмысыңызды тапқан жоқсыз, солай ма? Онда оқу бітіруші студент қалай жұмыс тапты екен, соған назар аударайық.
Англияның «Күнделік пошта» газеті 15 ақпан күні мынандай қызықты ақпарат берді. Адам Пакитти есімді университет тәмамдаушы студент өзінің қалтасында қалған ең соңғы 500 фунт стерлинг ақшасына көше бойындағы үлкен жарнама тақтасын сатып алып, оған өзінің жұмыс іздеп жүргені жайлы ақпарат жазған.
Адам Пакитти (Adam Pacitti) оқуы біткеннен кейін бірнеше ай бойы жұмыс іздеп сандалған. Ақыры Лондондағы үлкен жарнама тақтасына өзінің суретімен қоса: «Мен ең ақырғы 500 фунт стерлинг ақшамды осы жарнама орнына жұмсадым. Маған жұмыс беріңіз», - деп төмен жағына өзінің жеке веб парақшасын жазған. Ойламаған жерден ол үлкен табысқа жетті. Осы жарнама ілінген күннен бастап оған 100-ден аса жұмыс ұсынылған. Қазір Адам Пакитти көңіліндегі жұмысын тапты.
1-Тапсырма: мәтінді мұқият оқып,
«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша мәтінді талдаңыздар.
1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікір айтыңыздар.
2.Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.
3.Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.
4.Қорытынды. Мәтіннің негізгі тақырыбы бойынша қорытынды шығарыңыздар.
2-мәтін. Ғалымдар: жауапты жұмыс адамды семіртеді
Аустралия мамандары адамды семіздікке апаратын жұмыстың түрін атады. Олардың айтуынша, маңызды шешім қабылдап, үнемі жауапкершілік арқалайтын қызметкерлер салмақты тез қосып алуға бейім.
Күрделі мәселелерді шешіп, жұмыстың бүкіл ауыр жүгін арқалаудан адам күйзеледі. Бұл ретте түрлі лауазымды қызметті атқарушыларға оңай соқпайды. Сондай-ақ ақыл-ой жұмысымен аз айналысатын мамандарға семіру қаупінің жоқтығы да анықталды. Ал адамның мансабы артып, жұмыс жүгі ауырлаған сайын, ол тамақтану нормасынан ауытқып, салмақ қоса береді. Себебі үнемі уайымдау адамның энергия жұмсауын талап етеді.
1-Тапсырма: мәтінді мұқият оқып,
«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша мәтінді талдаңыздар.
1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікір айтыңыздар.
2.Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.
3.Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.
4.Қорытынды. Мәтіннің негізгі тақырыбы бойынша қорытынды шығарыңыздар.
2-курс студенті 1000 АҚШ доллары көлеміндегі айлық ақшаға жұмыс жасай ала ма?
Қандай мамандықты оқыған дұрыс - экономист пе, әлде юрист пе?
3-мәтін. Менің жауабым: программист!
Өз басымнан өткен тәжірибем бойынша айтатыным, программист мамандығын үйреніп, сол бағытта білім жинауға кеңес беремін. Ол қиын емес. Үйрену көп уақыт алмайды. Бірақ нәтижесі өте жақсы болады. Жұмыс іздеу деген қиын емес. Жұмыс сізді өзі іздейді деуге болады. Сонымен қатар, өзіңіз әр-түрлі қосымша жұмыстарды жасауыңызға да болады. 21 - ғасыр технологиялар ғасыры. Заман жаңалықтарынан әрдайым хабардар болып жүресіздер.
Егер программист болғыңыз келсе, қай бағытта жұмыс жасау керек және қандай дереккөздер қажеттігі жайлы сұраныс болса, пост жаза аламын

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген