400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтың жоспары географиядан сабақ беретін мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

09.12.2020

Мектеп: «Көктал орта мектеп-бақша» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жазыбаев Т.С.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көлдер мен мұздықтар. Көлдердің қалыптасу ерекшеліктері мен таралуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.5. Көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттайды;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: көлдер мен мұздықтар туралы біледі, пайда болуымен танысады.

Басым бөлігі :көлдердің пайда болу тегін түсінеді, картадан көрсетеді. Мұздықтардың түрлерін анықтайды.

Кейбір оқушылар: көлдер мен мұздықтарды экологиялық жағдайына баға береді және оларды қорғау жолдарын ұсынады.

Бағалау критерийі

1.Көлдер мен мұздықтар туралы біледі, түсінеді.

2.Көлдер мен мұздықтардың географиялық орнын, ерекшелігін салыстырады

3.Көлдер мен мұздықтардың табиғи ерекшелігінің маңызын анықтап талдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқылым : мәтінмен танысады көлдер мен мұздықтардың ерекшелігін және географиялық орнын оқиды.

Тыңдалым: Бір – бірінің пікірін тыңдайды.

Айтылым: Олардың табиғи және ерекшеліктерін айтып шығады .

Жазылым: Көлдердің мұздықтарға әсер ететін факторларды жазады.

Термин сөздер: көл,мұздық,фрин,глетчер,

Құндылықтарды игерту:

Қазақстандағы көлдер мен мұздықтар жайлы танып, оларды қорғап, адамзаттық құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Физика-тығыздық заңы, судың тығыздығы

Математика- көл,мұздықтардың тереңдігін есептеуде қолданады

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Өзендер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері:


Ресурстар


Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу . Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Білу . «Адасқан бөліктер » әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау

1. Өзеннің теңізге немесе көлге, өзен жайылмасы

мұхитқа барып құятын жері:

2. өзеннің басталар жері: өзен сағасы

3. табиғи жолмен жасалған арна өзен бастауы

арқылы ағатын су:

4. өзеннің толысып, тасу кезеңінде

жағалауларын екі жағына да арна, жайылма,терасса

уақытша жиналатын сулы алап:

5.Өзеннің негізгі элементтері: эрозия базисі

6. Өзеннің суы барып құйылатын көл, өзен

теңіз, мұхит деңгейі

«Кластер» әдісі оқушылар шеңбердің ішіне өзен бөліктерін жазып, кластерді толтырады

Схема 2

Дескриптор:

-өзен аңғарының бөліктерін біледі;

-өзен аңғарының негізі элементтерін ажыратады

ҚБ: Мадақтау.Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын. Тамаша! Жарайсың!


компьютер,

кеспе қағаздар





Сабақтың ортасы

20 мин









Түсіну. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Галлерияға саяхат» әдісі сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға суреттер беру. Бұл суреттер нені білдіреді?















Суретпен тақырыпты байланыстырып сабақ тақырыбын анықтайды.

Қолдану. Жаңа сабақты түсіндіу «Демострация» әдісі. «Көлдер мен мұздықтар» туралы слайд арқылы түсінік қалыптастыру

Көлдер. Дүниежүзілік мұхитпен тікелей байланысы жоқ, табиғи қазаншұңқырда, ойыста орналасқан су айдынын көл деп атайды. Жалпы алғанда, көлдер құрлық ауданының 2%-жуығын ғана алып жатыр. Бірақ көлдер құрлықта біркелкі таралмаған. Өйткені аумақтағы көлдердің санына климат пен жер бедерінің сипаты тікелей әсер етеді. Климат ылғалды, ойыстар мен қазаншұңқырлар көп кездесетін аумақтарда көлділік деңгейі де жоғары болады. Көлдердердің типке бөлінуі

Схема 3


Талдау. «Сәйкестендіру» кестесі көлдерді материк бойынша сәйкестендіру

Көл атауы

Материк

Байкал


Балқаш


Каспий


Эйр


Чад


Жоғары көл


Титикака


Дескриптор:көлдерді материктер бойынша сәйкестендіреді

ҚБ: «көлдер» арқылы бағалау

«Сөздер банкісі» әдісі (жекелей жұмыс). Барлық оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушыларды қатар бойынша 2 топқа бөлемін: «Көлдер» және «Мұздықтар». Дұрыс жауап берген оқушы өзіне және өз тобына балл жинайды.

1. Рифтілік көлдер—Байкал, Танганьика

2. Көлдер құрлық ауданының неше пайызын алып жатыр?

3. Көл дегеніміз не?- Дүниежүзілік мұхитпен ешқандай байланысы жоқ, табиғи қазаншұңқырларда, ойыста орналасқан су айдыны

4. Поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан ірі көл-Таймыр

5. Орталық Азиядағы орнын ауыстырып отыратын көл-Лобнор

6. Танзания мемлекетінің аумағында Африканың ең әйгілі үш көлі-Виктория, Танганьика, Ньяса

7. Мұздықтар құрлық ауданының қанша пайызға жуығын алып жатыр-11

8. Құрлық мұздықтары нешеге бөлінеді?-жамылғы, тау мұздықтары

9. Аляскадағы Хабборд мұздығының ұзындығы қанша?-145км

10.Қар сызығы дегеніміз-жыл бойы қардың ерімей сақталатын биіктігі

11. Тянь-Шань тауларындағы қар сызығының орташа биіктігі-3800м

12. Алтайдікі-2600м

13. Сауыр тауларында-3300м

14. Трог сөзінің аудармасы-астау

ҚБ: бағалау парағы


суреттер, слайд




































суреттер, кестелер

Сабақтың соңы

10 мин







Жинақтау «Фишбаун» әдісі.Көлдер туралы мәліметтерді айта отырып, балық қаңқасын құрайды

1. Басы-шығу тегіне байланысты көлдер неше типке бөлінеді, атап жаз

2. Қабырғалары- Жер шарындағы ең терең көл-Байкал, Еуразия көлдерінің арасындағы ең үлкен көл-Каспий теңізі, Африкадағы қалдық көл-Чад, «Тамаша су» деген мағынаны білдіретін көл-Онтарио, Тұздылығы ең жоғарғы көлдер-Үлкен Тұзды көл, Өлі теңіз

3. Құйрығы-Әлемдегі ең терең көл-Байкал көлі







Дискриптор:

-көлдердің типтерін ажырата алады;

-көлдер туралы біледі

ҚБ: «балықтар» арқылы бағалау


Бағалау. мұғалімнің «Бағалау парағы»

Рефлексия «Блум» таксономиясы арқылы оқушы өзін-өзі бағалау.Үйге тапсырма:


оқулық, балық қаңқасы














Бағалау парағы, «Блум» таксоно

миясы




Үйге тапсырма:

Дүниежүзінің ірі көлдеріне презентация жасау.

Саралау

Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Жаңа сабақ бойынша оқушылар көлдердің шығу тегін, мұздықтардың қалыптасуын анықтап, Қазақстанның көлдерін картадан көрсетеді. Берілген жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар бойынша жоспар негізінде көлдерге, мұздықтарға сипаттама бере алады, шаруашылық маңызын анықтайды. Сабақтың барысында, «Жұптық жұмыстар», Жеке жұмыс», орындау арқылы сабақ мақсатына жету үшін жұмыстар жүргізілді

Бағалау

Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Тапсырма барысында сабақ мақсатына сай құрылғын бағалау критерийлерін ұсынамын. «Ынталандыру сөздері», «бағалау парағы» арқылы бағалап, материалды игеру деңгейін анықтап қорытындылауға мүмкіндік болды.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Оқушыларға жағымды орта әзірлеу, сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру,техникалық қауіпсіздік ережелерінің орындалуын бақылауда ұстау. АКТ тиімділігін қолдануға жағдай жасау. техника қауіпсіздігін ескеру.



Рефлексия

Сабақтың мақсаттары, немесе оқу мақсаттары шынайы және қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазың

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі