400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары қмж 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.3А өткізгіштерді жалғау

Мектеп:

М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

03.02.2022 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Қасым Ғ

Сынып:

8 «А,В»

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.11 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үйренуі тиіс:

Электр тізбектерінің элементтерін атау;

Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғайды;

Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:

Жалпы кедергіні табады.

Ом заңын қолданады.

Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:

Параллель және тізбектей жалғау жалғанудың артықшылықтары мен кемшліктерін талдайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

Тізбектей және параллель тізбектерді дұрыс жинайды;

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, ток күшін, кернеуді есептейді.

Тізбектің жалпы кедергісін есептейді.

Дұрыс қорытынды жасайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған әрекеттері

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

1 сабақ

1-10 мин

(W) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеп, жаңа сабақтың тақырыбымен; оқу мақсатымен; бағалау критерийімен таныстыру.


  • Үй жұмысын тексеру.

Үй жұмысын тексерту

Презентация

1 сабақ ортасы

11-15 мин







































26-38 мин

(W) Өткен тақырыпты қайталау.

(W) Білімдерді негіздеу.

Электр тізбегі деген не?

  • Электр тізбегі – электр тогы өту үшін арналған элементтердің, құрылғылардың жиыны.

  • Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі тұйықталған деп аталады.

  • Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке құрығыны электр тізбегінің элементі деп атайды.

  • Электр тізбектерінің сызбасы– электр тізбегінің графикалық кескіні.

  • Электр тізбегінің негізгі бөліктері:

    • Ток көзі

    • Ток тұтынушылары

    • Жалғағыш сымдар

    • Кілт

Электр тізбегінің қандай элементтерін біледсіз? Олардың кейбіреулерін атаңыз.

https://learningapps.org/312733

https://learningapps.org/368825

https://learningapps.org/3139728

https://learningapps.org/4246872


Ойланыңыз және сызбаларды салыңыз:

  • а) Сізде гальвани элементі, шам, екі кілт және жалғағыш сымдар бар. Екі кілт те қосулы тұрғанда электр тізбегіндегі шам жанатындай сызба салыңыз.

  • б) төбеден аспашамдың орнататын жерден үш сым шығып тұр, аспашамды қосқаннан кейін олардан электр тогы өтеді. Егер аспашамды дұрыс қоссақ, екі сөндіргіш келесідей жұмыс жасайды: олардың біріншісі бір шамды ғана қосып-сөндіреді, ал екіншісі екінші шамды ғана қосып-сөндіреді. Аспашамдағы шамдардың, сөндіргіш пен ток көзінің жалғану сызбасын салыңыз.


Екі сызбаның айырмашылығы неде?

(D) Мұғалімнің демонстрациясы.

Тізбектей жалғаудың заңдылықтарын шығару

Құралдар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екірезистор 47 және 100 Ом, 2 вольтметр, 1 амперметр.

  • Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.

  • Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді өлшеңіз.

  • Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток күшін өлшеңіз.

  • Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:

  • Болжап қорытынды жасаңыз.

Рисунок 1

U1

U2

Uобщ

I1

I2

Iобщ








Алынған өлшеулердің нәтижелеріне сәйкес сыныппен бірге өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі заңдылықтарын қорыту.


(D) Мұғалімнің демонстрациясы.

Параллель жалғаудың заңдылықтарын шығару

Құралдар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екірезистор 47 және 100 Ом, 2 вольтметр, 1 амперметр.

  • Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.

  • Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді өлшеңіз.

  • Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток күшін өлшеңіз.

  • Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:

  • Болжап қорытынды жасаңыз.

U1

U2

Uобщ

I1

I2

Iобщ









Алынған өлшеулердің нәтижелеріне сәйкес сыныппен бірге өткізгіштерді параллель жалғау кезіндегі заңдылықтарын қорыту.


(W) Жаңа материалды меңгеру.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ұғымын енгізу.

Дәптермен жұмыс


Электр тізбегі – электр тогы өту үшін арналған элементтедің, құрылғылардың жиыны.

Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі тұйықталған деп аталады.

Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке құрығыны электр тізбегінің элементі деп атайды.

Электр тізбектерінің сызбасы– электр тізбегінің графикалық кескіні.

Электр тізбегінің негізгі бөліктері:


Презентация



Z:\Students\физика 8 сынып 3 тоқсан/ЛернингАппс




Ноутбуктар

1 сабақтың соңы

38-40 мин

Өткізгіштерді тізбектей, параллель, аралас жалғаған кездегі

Слайд 15,19,21

2 сабақтың басы

41-43 мин

Сабақтың тақырыбымен; мақсатымен; бағалау критерийімен таныстыру.

Презентация

2 сабақ

44-60 мин
















61-77 мин

(W) Жұмыс нәтижелерін талдау және өткізгіштерді параллель және тізбектей заңдылықтарын жазу.

(I/W) Бекіту.

Есептер шығару.

Есептер

дескрипторлар

1

Кедергілері 2, 3 және 5 Ом үш тізбектей жалғанған резисторлардың жалпы кедергісі қандай? Сызбаны салыңыз.


  • Өткізгіштердің тізбектей

жалғануы кезіндегі

жалпы кедергіні анықтайды.

  • Өткізгіштердің параллель

жалғануы кезіндегі

жалпы кедергіні анықтайды.


2

Кедергілері 2 және 4 Ом екі параллель жалғанған резисторлардың жалпы кедергісі қандай?


3

100 бірдей резисторлардың кедергілері 2 Ом. Барлығы параллель жалғанған. Олардың жалпы кедергісі нешеге тең?


4

Бір резистордың кедергісі 2 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 2 Омнан кем. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей әлде параллель ма?


  • Өткізгіштердің тізбектей

жалғануы кезіндегі жалпы кедергіні анықтайды.

  • Өткізгіштердің параллель

жалғануы кезіндегі жалпы

кедергіні анықтайды.

  • Қорытынды жасайды.


5

Бір резистордың кедергісі 4 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 5 Омнан көп. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей әлде параллель ма?


6

Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар тізбектей жалғанып, кернеуі 4,5 В батарейкаға қосылған. Тізбектің ток күшін анықтаңыз..


Берілгенін жазады;

  • Өткізгіштердің жалпы

кедергілерін анықтайды;

  • Тізбек бөлігі үшін Ом

заңын жазады;

  • Тізбектегі ток күшін

анықтайды;

  • Алынған білімдерге

негізделіп қорытынды

жасайды..

7

Кедергілері 20 және 35 Ом екі резистор батарейкаға параллель қосылған. Бірінші резистордағы ток күші 0,2 А. Екі резистордан қандай ток өтеді.


8

Ток көзінің кернеуі 3,6 В. Резисторлардың кедергілері сәйкесінше 2 және 4 Ом. Тізбектей және параллель жалғану кезіндегі тізбектің жалпы кедергісі мен әр резистордың ток күшін табыңыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.11.2023
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі