400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспарлау үлгісі



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3 .А

Мектеп: Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қанатбаева Ж.Б

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.18- термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру


Сабақтың мақсаты

  • Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану формулаларын есте сақтайды.



  • Термодинамиканың екінші заңы туралы түсінік бере алады.

  • Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамаларын түсіндіре алады


Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану.

Бағалау критерийі

  • Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану формулаларын есте сақтай алады.



  • Термодинамиканың екінші заңын түсіндіреді


  • Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамаларын есте сақтайды.


Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаттары:

  • Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамаларға ауызша анықтама бере алады.

Пәндік лексика және терминология:

  • Термодинамика

  • Энергия

  • Статистика

Жазылымға,айтылымға сөз тіркес.

Диалогка,жазуға қажетті сөз тіркестері:

  • Термодинамиканың бірініші заңына сәйкес, сырттан __________алмай жұмыс істейтін қозғалтқыш жасау мүмкін емес.

  • __________ екінші заңына сәйкес, денеге берілген жылу мөлшерін толығымен жұмысқа айналдыру мүмкін емес.

  • Термодинамиканың бірінші заңы абсолют, яғни оны барлық жерде қолдана беруге болады, ал

термодинамиканың екінші заңы абсолют емес және ___________ сипатқа ие болады.


Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, ізденімпаздық,адалдық, өмір бойы білім алу.

Құндылықтарға баулу топтық ,жұптық, жеке жұмыстар «Блиц кездесу», «Ашық және жабық сұрақтар», «Ақпараттық сүзу», «Сәйкестік» әдістер арқылы іске асады


Пән аралық байланыс

Математика, информатика,химия

Алдыңғы білім

7.2.4.1. Механиканың алтын ережесін еске түсіреді.

Термодинамиканың бірінші заңын біледі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин.

Оқушы назарын шоғырландыру үшін оқушыларға тақырыпқа байланысты шамаларды беру арқылы ширату жаттығуын өткізіп топқа бөлемін


«Блиц-кездесу» әдісі

Іс- қимыл арқылы оқушылар бір-біріне Шамаларды көрсету арқылы топқа бөлінеді.


І топ. Ішкі энергия —U

ІІ топ. Жылу мөлшері—Q

ІІІ топ. Атқарған жұмысы—A


Сабақтың оқу мақсаты мен таныстыру.

1.Тапсырма. жеке жұмыс

«Ашық және Жабық сұрақтар» әдісі арқылы алдынғы тақырыпты еске түсіру.


1.Термодинамиканың І заңындағы изохоралық процестің теңдеуі ме?

2. Термодинамиканың І заңындағы изотермалық процестің теңдеуі ме?

3. Термодинамиканың І заңындағы изобаралық процестің теңдеуі ме?

4. Термодинамиканың І заңындағы адиабаттық процестің теңдеуі ме?


Мұғалім нәтиже бойынша саралай отырып ауызша кері байланыс береді.

Х.Б.Ж шамалар слайдтан көрсетіледі.

















Интерактивті тақтада көрсетіледі










Сабақтың ортасы

20 мин

2.Тапсырма: топпен жұмыс

«Ақпаратты сүзу» әдісі

Графикалық органайзер «Ақпаратты сүзу» әдісі Топтық жұмыс оқушыларға мәтін беріледі.Берген ақпараттан маңыздылығы көп және аз сөздерді сүзеді.маңызды сөздердің анықтамасын жазып алады.( оқу әңгімелері тәсілі)

( Оқушыларға мәтін беріледі)

Жылу процестерінің қайтымсыздығы.

Термодинамиканың екінші заңы.

Табиғаттағы көптеген процестер қайтымсыз.Жылу алмасу кезінде энергия қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге беріледі.Жерге құлайтын дененің механикалық энергиясы ішкі энергияға айналады.Бұл процестер табиғатта өздігінен кері қайтпайды, олар қайтымсыз.Термодинамиканың екінші заңы жылу процестерінің бағытын қарастырады.Ол тәжірибелерге және табиғатта болып жатқан құбылыстарға негізделіп тұжырымдалған.Заң жылу құбылыстарының қайтымсыздығын және олардың бір бағытта жүретінін білдіреді.Термодинамиканың екінші заңы туралы ғалымдар жасаған бірнеше анықтамалар бар.Біз екі ғалымның пікіріне тоқталайық.В. Томсонның қортындысы бойынша.

  • Жеке бөлініп алынған энергия көзінің салқындауының арқасында үздіксіз жұмыс жасау мүмкін емес.

Клаузистың анықтамасы.

  • Температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге жылу берілуі мүмкін емес.

Томсон тұжырымдаған термодинамиканың екінші заңы бір ғана энергия көзінен алынған энергия есебінен механикалық жұмыс атқаратын екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес екенін түсіндіреді.



І топ.Табиғаттағы қайтымсыз процестерге мысалдар келтіріп атаңдар

ІІ топ. Термодинамиканың екінші заңын түсіндіріңдер

ІІІ топ. Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңының бірнеше тұжырымдамаларын есте сақтаңдар.

Дескриптор арқылы кері байланыс жүргізіледі.



  • Табиғаттағы қайтымсыз процестерге мысалдар келтіре алады.

  • Термодинамиканың екінші заңын түсіндіре алады.

  • Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамаларын ауызша, жатқа айта алады.



Топтың жұмысын мұғалім нәтиже бойынша саралай отырып символьдық белгілермен белгілеген оқушылардың кері байланыс береді. (+); ( ); (-)















Бағалау парағы

№

Дескрипторлар

Иә

«+»

Жоқ

« »

1

Табиғаттағы қайтымсыз процестерге мысалдар келтіре аламын.



2

Термодинамиканың екінші заңын түсіндім



3

Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамаларын ауызша, жатқа айта аламын.







3. Тапсырма: топтық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі

Тұжырымдамалар толық берілген. Жазылған сөздерді сәйкестендіріп қою керек: Клаузиус; Планк; Кельвин;

1. Жылу өздігінен аз қызған денеден қатты қыздырылған денеге өте алмайды.(_________)

2.Нәтижесінде жылуды толығымен жұмысқа айналдыратын периодты процестің болуы мүмкін емес(_________)

3.Салқын жүйеден жылу алып, оны жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес.(__________)



Топтың жұмысын мұғалім нәтиже бойынша саралай отырып, ауызша кері байланыс береді.











А4 парағы



мәтін





























































Плакат, түрлі- түсті маркер













































Бағалау парақтары таратылады

Сабақтың соңы

10 мин

Кері байланыс. жеке жұмыс. «Бүгінгі күннің фразасы» физикалық жылу үдерістеріне мақал-мәтелдер айту.

1. Адам азықсыз алысқа бармас.

2.Тонның жылуы терісінен емес,жүнінен.

3.Ескі мұз ерігіш,жаңа дос жерігіш.

4.Быламық бетінен, көже түбінен суыйды.















Мұғалімнің үй тапсырмасын орындау туралы нұсқаулығы

Үйге тапсырма:

Оқушылардың сыни тұрғыдан шығармашылық қабілетін дамытуға берілген тапсырмалар.



  • 1.Табиғаттағы барлық процестер дерлік алмасумен,үйкеліспен, диффузиямен қатар жүргендіктен олар қайтымсыз. Неліктен?



  • 2.Қайтымды және қайтымсыз процестерге қысқаша әңгіме құрып келу.




  • 3.Қазіргі замандағы физиологияда және биологияда, қозғалтқыш жасауда,жылутехникаларының қайсында қолданады



























Саралау – Сіз қандай тәсіл мен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




І. Саралаудың «Қарқын» тәсіліне «Блиц кездесу» әдісі сәйкес

ІІ. Саралаудың «Дереккөздері» тәсіліне «Ақпараттық сүзгі» әдісі сәйкес



ІІІ. Саралаудың «Жіктеу» тәсіліне «Ашық және жабық сұрақтар» әдісі

«Сәйкестендіру» әдісі сәйкес.



ІV.Саралаудың «Бағалау»тәсіліне «Бүгінгі күннің фразасы» әдісі

сәйкес келеді.



«Ақпараттық сүзгі» әдісі

«Ашық және жабық сұрақтар» әдісі

«Сәйкестендіру» әдісі

«Бүгінгі күннің фразасы»

Дескриптор арқылы кері байланыс жүргізіледі

Партада оқушылардың отыруына,сынып тазалығына,интербелсенді тақтамен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесіне көңіл бөлу.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:





2:




Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:




Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
820
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі