жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 8-сынып Дене шынықтыру Жеңіл атлетика дағдыларын шолу және дамыту
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарау: 8 . Жеңіл атлетика дағдыларды шолу және дамыту Мектеп: Қайнар орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Разиванова Айсара Күні: 08.06.2018 Қатысқандар саны: Сынып: 5 Қатысқандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын дамыту |
||
|
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары |
5.3.4.4 - денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болу. |
||
|
Сабақ мақсаттары: |
1.Барлық білім алушылар денсаулықты нығайту барысында қауіпсіздік ережесін біледі. Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын түсінеді. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. 2.Білім алушылардың көпшілігі денсаулықты нығайту барысында қауіпсіздік ережесін біледі. Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын түсінеді. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. Денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларын талдайды, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын жасағанда адам ағзасына тигізетін әсерін ажырата алады. 3.Білім алушылардың кейбіреуі денсаулықты нығайту барысында қауіпсіздік ережесін біледі. Ойын арқылы жеңіл атлетика дағдысын түсінеді. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. Денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларын талдайды, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын жасағанда адам ағзасына тигізетін әсерін ажырата алады. Ойын кезінде көшбасшы бола алады. |
||
|
Жетістік критерийлері: |
-Қауіпсіздік техникасын сақтап, жаттығуларды орындайды. |
||
|
Тілдік мақсаттар: |
Пәнге қойылатын сөздік қор жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады. Сөре –полежение полки Қарқын- темп Жылдамдық- скорость Мәре-финиш орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру. |
||
|
Құндылықтарды бойға сіңіру. |
Білім алушылардың бойына Құрмет толеранттылық, гуманизм қоршаған әлемге деген оң көзқарас,және ата-анаға, отбасына, үлкендерге және достарға жылы сезімді білдіру және қамқоршылық танытуды дарытамын. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика , жаратылыстану, өзін-өзі тану, |
||
|
АКТ пайдалану дағдылары |
Интернет желісі (планшет, ноутбук) газет журнал радио торабының желілері арқылы қолданамын |
||
|
Алдыңғы білім |
-отбасынан - ауладан - сабақтан тыс уақытта - бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет Б-бүкіл сыныппен жұмыс: Т-топтық жұмыс Ж-жеке жұмыс ЖЖ-жұптық жұмыс Кмұғалімнің көмегі ТӘЖ-тәжірибе |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 10 мин. |
Шаттық шеңбер құрамын. Жағымды ахуал жасаймын. Білім алушыларды шаттық шеңберге жұптық амандасу жүргіземін. Оқушылардың зейінін шоғырландыруға «Балық құс аң» әдісі жүргіземін. «Балық, құс, аң» Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: - Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді. Сабақтың ортақ мақсатын айқындап алу үшін білім алушылармен бірге «Миға шабуыл» әдісін іске асырамын. «Өрмекші» әдісі өрмекші торы арқылы сабақ тақырыбына сай сұрақтар қойылады. 1.Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек? 2.Сөренің қандай түрлері бар? 3.Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер? 4.Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек? Жүгіру шапшаңдығы неге байланысты? Бой жазу жаттығулары:Білім алушылардың жарақат алып қалмас үшін мен Ноутбуктан «Қаңқалар билейді» биін билетемін. .Білім алушылардың сүйектері, бұлшық еті, тыныс алу мүшелері, ептілігі жылдамдығы дене қасиеттері дамиды. |
Кең бос ашық алаң ысқырық, уақыт өлшегіш. «Өрмекші торы» |
|
|
Сабақтың ортасы
|
1.Тапсырма «Аңшылар мен үйректер» ойыны Оқушылардың жылдамдық, дәлділік, ептілік сапасын жетілдіру барысында «Аңшылар мен үйректер» ойыны беріледі. Білім алушылар теңдей екі командаға 1 және 2 санау арқылы бөлінеді. Үйректер диаметрі 10-15 метрлік шеңбер ішіне өз қалауынша орналасады да, аңшылар шеңбердің сыртында тұрады. Аңшылар біреуінің қолында волейбол добы болады. Мұғалім белгі берісімен аңшылар шеңбердің ішіне кірмей, допты әр бағытта бір-біріне лақтырып қалады. Ал үйректер шеңбердің ішінде бұлтара жүріп допты өздеріне тигізбеуге тырысады. Доп тиген үйректер ойыннан шығады. Үйректердің бәрін атып тауысқаннан кейін,ойынды басқарушы үйректерді атуға аңшылар қанша уақыт кетіргенін анықтайды. Бұдан кейін аңшылар мен үйректер орын ауыстырып ойнайды. Үйректерді атуға ең аз уақыт жұмсаған команда жеңіске жетеді. Дискриптор 1.Ойында уақытты тиімді пайдалана алады 2.Білім алушылар шапшаңдыққа, дәлділікке, ептілікке қасиеттерін көрсете алады. 2-тапсырма Жүгіру секіру,лақтыру эстафета ойындары 1.«Кім алысқа секіреді?» эстафетасы. Екі команда секіру сызығына таяу келіп лекке қосылады. Алдыда секіруге арналған екі алаңқай болады. Бірінші тұрған білім алушы сөре сызығына келіп,бір орыннан екі аяқпен бірдей серпіле ұзындыққа секіреді. Олардың өкшесі тиген жерден екінші нөмірлілер секіреді. Секіру осылай жалғаса береді. Қай команданың секірген қашықтығы ұзын болса сол команда жеңіске жетеді. 2. «Допты лақтыру» ойыны Білім алушылар бастапқы бөлінген екі топ сөреге келіп тұрады. Екі команданың көшбасшылары ойынды бастайды. Алдында тұрған кедергілер арасынан волейбол добын жерге ұру арқылы жүріп барып себетке лақтыру тапсырылады. Себетке доп түскен жағдайда 2 ұпай беріледі. Ойын ары қарай жалғасады. Ойын соңында допты алып жүру техникасы және себетке салынған доп есептелініп қорытынды шығарылады. Дескрипторлар: 1.қауіпсіздік ережелерді сақтайды 2.көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. 3.Тапсырмадағы ойынды талдап және өз-өздеріне бағалау жүргізе алады. |
Кең бос ашық алаң ысқырық, уақыт волейбол добы өлшегіш және конустар. |
|
|
Сабақтың аяғы 5 мин. |
Білім алушылардың тыныс алу жүйесін қалпына келтіру мақсатында «Кері байланыс бутерброды» Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл: 1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; 2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі бүгінгі ойындар өте қызықты өтті Енді/келесі жолы секіру жаттығуларын жамыту Маған ұнады |
Мектеп алаңы. |
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. |
|
|
Сабақ мақсатын құрған кезде саралау жұмыстарын жүргіздім. Білім алушылардың дене қасиеттері ескере отырып тапсырма беремін . - Сабақ кезінде топтық ,жеке жұмыс кезінде өте жақсы ойыншыны топты бағалауды тапсырамын. -Орташа білім алушыны топ басшының эстафеталық ойындардағы жаттығуларды жасату арқылы білім алушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырамын. -Үлгерімі төмен білім алушыларға эстафеталық ойындардағы қарапайым жаттығулар жасатамын допты кедергілер арасынан өткіземін . |
-Дискриптор арқылы бағалау -Топтық жұмыс - Кері байланыс «бутерброды» арқылы Маған ұнады Келесі жолы Маған ұнады |
Білім алушының дене қасиеттерін, мүсінін қадағалаймын. Қауіпсіздік ережесін сақтауын ескеремін |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? |
|
||
|
Жалпы бағалау: Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген