Материалдар / Ашық сабақ 8-сынып физика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 8-сынып физика

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 8-сынып "Электр тогының жұмысы" қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
22 Қырқүйек 2024
102
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Білім беру ұйымының атауы

Рудный қаласы білім бөлімінің «№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Пәні:

Физика

Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Ошанова Багдагул Абуовна

Күні


Сынып 8 В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.12 жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;

Көпшілігі: Токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

Кейбірі: Токтың жұмысы мен қуатына мысалдар келтіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


Сабақтың басы

10 минут



Өткен білімді еске түсіру





















Жаңа білім


10 минут

















































Бекіту




15 минут





























































































Сабақтың соңы.


10 минут











Бағалау





Үй тапсырмасы



Кері байланыс

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты, міндетін айтып, бағалау критерийлерін түіндіремін.

Балалар, біз күнделікті тұрмыста токпен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды қолданамыз?

(оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, ұялы телефон, тоңазытқыш,теледидар, үтік т.с.с)

Электр тогы дегеніміз не?  Электр тогының қандай әсерлері болады?

Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылар қарама -қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді.Үйге берілген тапсырманы бір- біріне сұрақ -жауап қойып өз ойларымен бөліседі.

Сұрақтар: өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндеқандай шама тұрақты болады?өткізгіштерді параллель жалғау кезінде қандай шама тұрақты болады? т.б.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.

Сабақтың тақырыбын ашады.Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін.Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін.Кез келген тогы бар тізбектегі электр энергиясы басқа энергияға, мысалы ішкі энергиясына айналады, яғни тогы бар өткізгіш жұмыс жасайды. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді:(вентилятор,миксер,үтік т.б)

Ал, енді сұрақ: электр тогының жұмысы неге байланысты?

Тақтадағы электр тізбегі бойынша демонстрациялық тәжірибе көрсетемін.

Нені байқадыңыз?Оқушылар 2-ші схемада электр шамының 1-шіге қарағанда бәсеңдеу екенін көріп, ток күшінің жұмысы кернеуге байланысты екеніне көздері жетеді.Мұғалім тақтаға A~U белгілеп қояды, оқушылар дәптерлеріне белгілейді.

Тағы токтың жұмысы неге байланысты екен, ол үшін тақтадағы схема бойынша тізбек құрамыз,

Реостатың көмегімен ток күшін азайтып көбейте отыра, оқушылар электр шамының жарықтығының өзгергенін байқап, токтың жұмысының ток күшіне тура пропорционал екеніне көзі жетеді. Қорытынды: A~I Сондай-ақ токтың жұмысының уақытқа тәуелді екенін де айта кете    A=I·Ut    формуланы қорытып шығарамыз.SI  жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді.      1Дж=1A·1B·1c

   II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.   Электр  қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең:   P = А/t= I U

    Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:

P=U2/R және P = I2R

Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат  бірлігіне ватт алынған: 1Вт

 

«Айналмалы бекет» әдісі. Жеке жұмыс (I)

1. Электр санауышында ток жұмысының 1кВ·сағ=3,6·106 Дж   екенін дәлелдеу.

864·106 Дж-ды кВ·сағ айналдыру.

2. 1кВ·сағ-қа тариф 19 теңге болса,бір айда 180 кВ·сағ-қа қанша төлейміз? (оқулықтан ізденіп формуласын табады)

3. Электр тогын қалай үнемдеуге болады?Берілген суреттер бойынша бір айға кеткен энергияның мөлшерін анықтаңдар?


Жеке жұмыс.Еептер беріледі, тексеретін кезде жауабын мұғалім айтады, оқушылар өздерін тексереді.

1Группа 2 .Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.








Жауабы: 26 Вт

  1. Қуаттары 1 40 Вт және 2 60 Вт екі шам бірдей кернеуге есептелген. Егер екі шамды ток көзіне тізбектеп қосса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?



Жауабы: 14,4 Вт; 9,6 Вт

3. Егер J1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)


Группа 1







Жауабы: 100 Вт

4. Кернеуі 220 В желіге қосылған қуаты 900 Вт электр пешіндегі сым орамасының ұзындығы 50 м, ал көлденең қимасының ауданы 1,2 мм2 болса, орама жасалған сымның меншікті кедергісін анықта.

Жауабы: 1,3 Оммм2

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау


Үй тапсырмасы: §42, 44 21 жаттығу (8,9)



Оқушылар тұрмыстық құрылғылар арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.(теледидар, үтік, тоңазытқыш)




















Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді

Демонстрациялық әдіс-өте тиімді әдіс.Барлық бала қызығушылығымен сабаққа қатысады.Тіпті белсенділігі төмен оқушы да тәжірибе жасап, қолымен ұстап, көзімен көріп сабаққа қатысып отырады
















































«Айналмалы бекет» әдісі барлық оқушы сабаққа қатысып, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке дағдыланады.





Оқушылар теориялық білімдерін практикада есептер шығаруда жалғастырады.
















































Оқушылар сабақ бойынша рефлекция жасап сұрақтарға жауап береді



Бағалау критерийлері


- токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;
- токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

- алған білімін тұрмыста қолдана біледі



Дескриптор:

-Өткізгіштерді тізбектей, параллель жалғаудың формулаларын біледі

-Тізбектей,

параллель жалғаудың айырмашылығын ажырата біледі.

Жалпы балл-2



Дескриптор:

-Прямая соединительная линия 2 Электрсанауышымен жұмыс жасай алады

-Прямая соединительная линия 1 Токтың жұмысының өлшем бірліктерін ажырата алады

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Қуат формуласын біледі және оны қолданады

-Тізбектей және параллель жалғау заңдылықтарын біледі және қолданады

-Кедергі формуласын біледі және оны қолданады.

Жалпы балл-6






























































Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл














Интерактив тақта,

оқулық


Физика 8-сынып.

Н.А.Закирова Р.Аширов


Демонстрациялық құралдар:


амперметр,


вольтметр,ток

көзі,

кілт,

қыздыру шамы,

реостат,

сымдар,

секундомер













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!