400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 8 сынып Халықтың ұдайы өсуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Дүние жүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктеп түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Бөлім 4 Әлеуметтік география


Бөлімше: 4.1 -бөлім: Геодемография

ЖОББ Мерей мектебі

Күні: 12.02.20 ж.


Мұғалімнің аты-жөні: Избанова Л.Ф.


Сынып: 8

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны: 2


Сабақ тақырыбы

Халықтың ұдайы өсуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.2 дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді;

Сабақ мақсаттары

Халықтың ұдайы өсу түрлерін анықтайды;


Дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктей алады;


Ұдайы өсудің типтері қандай географиялық аймақтарда орналасқанын біледі;

(тақырып бойынша жеке тапсырмалар орындайды)


Бағалау критерийлері

«Жетті» деп есептеледі, егер:,

дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктей алса;

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология

халық санын анықтау әдістері;

туу;

өлім-жітім коэффиценттері;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Халық санын анықтаудың ... әдістері бар;

Туу дегеніміз ... ;

Өлім-жітім коэффиценттерін ... арқылы анықтайды;

Табиғи өсімнің механикалық өсімнен айырмашылығы ... ;

Екінші салдары... болуы мүмкінТағы бір себебі, .... болып табылады.

Солтүстік/оңтүстік/батыс/шығыс жартышарларында ...байқалады


Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Экономика және математика пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім


7 сыныптан Әлем халқы тақырыбы

Сабақ барысы

кезеңдер


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут



5-минут
















































5-минут








10-минут

Қорғауға және

Бағалауға







Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Топқа топтастыру: Қиынды суреттерді құрастыру

Үй тапсырмасын сұрау: Оқушылардан адамдардың ерекшелігі туралы сұрау, қандай қиыншылққа кездескені туралы сұрау.

«Ой шақыру» үшін сұрақтар қоямыз:

Бейнефильм арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  • Не байқадың?

  • Не айтылды?

  • Қалай ойлайсындар ?

  • Біз не білгіміз келеді?

Оқушылардың ойын тындап, оларға «Демографиялық дағдарыс», «Демографиялық жарылыс», «Өтпелі кезең» арқылы топтасып отырады.


Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.

Ұдайы өсудің бірінші типі — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде.

Ұдайы өсудің екінші типі -дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды.

Үшінші тип- Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр.

Бірінші тип- демографиялық дағдарыс (кризис) деп аталады.

Екінші тип – демографиялық жарылыс деп аталады.

 Демографиялық жарылыс – дүние жүзіндегі халық санының күрт өсуі. ХХ ғасырдың бас кезінде халық саны тез қарқынмен өсе бастады да, ғасырдың орта тұсында әсіресе екінші жартысында күрт көбейді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі.

Тапсырма 1

Жұптық жұмыс.

Атласты пайдаланып, дамыған елдер мен дамушы елдерді жіктеңіз;


Бағалау : жұптар жұмыстарымен алмасады. Бір- бірін тексеру

Дескриптор

1.Халықтың ұдайы өсуі бойынша аймақтарды, елдерді жіктей алады;.

2.Ұдайы өсудің типтері қандай географиялық аймақтарда орналасқанын біледі;


Топтық жұмыс

Тапсырма 2

1 топ

Жапония елінің демографиялық өсу типін анықтап, өз жауаптарыңызды негіздеңіздер.

2 топ

Конго елінің демографиялық өсу типін анықтап, өз жауаптарыңызды негіздеңіздер

3 топ

Бразилия елінің демографиялық өсу типін анықтап, өз жауаптарыңызды негіздеңіздер

Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Өзара бағалайды.


Дескриптор

1.Елдің өсу типін анықтай алады;

2.Жауаптарына негіз айта алады;

3.Елдің демографиялық өсу типін анықтайды;









Видео














Слайд







Мәліметтер




5-минут

Қорғауға және

Бағалауға

















5минут

Қорғауға және

Бағалауға



















2-минут

Тапсырма 3

Сәйкестендіру

Ұдайы өсудің бірінші типі — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде.

Ұдайы өсудің екінші типі -дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды.

Үшінші тип- Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр.

Бірінші тип- демографиялық дағдарыс (кризис) деп аталады.

Екінші тип – демографиялық жарылыс деп аталады

Дескриптор

1.Әр анықтамаға сәйкес жауабын табады

2. 5 сәйкестіктің кем дегенде 4 табу


Тапсырма 4

«Дүниежүзі халқының ұдайы өсу типтері» тақырыбында тест.  


1. Халық саны көп аймақты көрсет:

   1) Европа;     2) Азия;      3) Африка;     4) Солтүстік Америка;     5) Австралия

2. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:     

1) Шығыс жарты шарда батыс жартышарға қарағанда халық көбірек орналасқан.      

2) Солтүстік жартышарда оңтүстікке қарағанда халық саны азырақ.

3) Жер планетасындағы адамдардың көбісі теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте тұрады.


3. «Демографиялық жарылыс» тән:    

1)әлемнің барлық елдеріне     2) дамыған елдерге    3) дамушы елдерге

4. Европаның ең халқы көп мемелекетті көрсетіңіз.

     1) Испания;                      2) Германия;              3) Швеция;          4) Дания.      

5. ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән ел:     

1) Алжир        2) Алжир және Үндістан 3) Алжир, Үндістан, Канада              

4) Алжир, Үндістан, Канада, Перу

6. Қай аймақта халықтың жоғары табиғи өсуі байқалады?

1) Солтүстік Америка 2) Африка 3) ТМД елдері 4) Шетелдік Европа

7.  қай мемлекеттерге ұдайы өсудің төменгі типі тән?      

     1) Австрия            2) Мексика           3) Сауд Аравиясы          4) Қазақстан


Жауаптар:

1-2, 2-1, 3-3, 4-2, 5-2, 6-2, 7-2.


Үйге тапсырма: Жекелеген мемлекеттердің ұдай өсу типтері бойынша анықтап, мәлімет жинап келу.




Сабақтың соңы

35-40

минут

Кері байланыс. "Бағдаршам әдісі"Бұл әдіс бойынша оқушыларға үш түрлі стикер таратылады. Сол бойынша оқушылар сабақты түсінген, түсінбегендерін білдіреді. Жасыл – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламынСары – мен түсінемін, бірақ барлығын емес.Қызыл – мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым.

7. Рефлексия

Оқушылардың сабақтың нәтижесін смайликтер арқылы көрсетеді


Түрлі –түсті стикерлер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
2098
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі