400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. 8 сынып. Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге ашық сабақ өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұмабаева Толқын Ордабекқызы

Қызылорда облысы, Жосалы кенті, С. Есқараев атындағы №27 орта мектеп



Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: №27

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмабаева Толқын

Күні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сынып: 8


Сабақтың тақырыбы

Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі рөлі

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме)

8.3.2.4-әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Тірі ағзалардың әртүрлі температураға бейімделуіне мысалдар келтіреді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Әр түрлі температураға бейім жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін ажыратады

Кейбір оқушылар:

  • Ағзаны әртүрлі температурадан(ең жоғары, ең төменгі) температурадан қорғану әдістерін ұсынады

Бағалау критерийі

Тірі ағзалардың әртүрлі темератураға бейімделуіне мысалдар келтіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жылу құбылыстарының тіршілік ұшін маңыздылығын түсінеді.

Тақырыпқа қатысты термин создерді еркін айтады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жылу, анабиоз, температура,

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Ағзадағы тіршілік процесінің уақытша бәсеңдеуі немесе тоқтатылуы ........ деп аталады.

Адам суықтан қалай қорғанады?

Жануарлардың ағзасында жылу реттеу қалай жүзеге асырылады?

Құндылықтарға баулу

Қоғамдағы ұлттық бірлік пен келісім

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пəнаралық байланыс

Жаратылыстану, география

Алдыңғы білім

Жылулық құбылыстар, температура, ішкі энергия

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы


8 мин

2мин

















5мин








1 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Көңіл –күйің қандай? Тренинг.

Оқушылар қолдарындағы смайликтерді көрсетеді.

Топқа бөлу (оқушыларды температура, жылу, ішкі энергия деген сөздер жазылған стикерлер арқылы бөлу)

І-тон Температура

ІІ-топ Жылу

ІІІ-топ Ішкі энергия

Үй тапсырмасын тексеру

«Ақылды доп» ойыны арқылы тексеру.

  1. Табиғаттағы жылу берілуге мысалдар келтір

  2. Техникада жылу берілуге мысал келтір

  3. Қандай заттар жақсы жылуоқшаулағыш болып табылады?

ҚБ:«Алақан соғу» әдісі арқылы дұрыстығын айтып отырады.


Смайликтер






стикерлер



















Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы


28 мин



1 мин











5 мин






















1 мин


15 мин












1 мин








5 мин


«Мағынаны ашу» бөлімі.

1. «Мюнстенберг әдісі» арқылы жаңа тақырыпты ашады.

Интербелсенді тақтадан әріптердің ішінен сөздер немесе сөз тіркестерін тез оқып бір сөйлем құрастыру;

Анграпағзалардыңфлкрстжылуджисяфапрөлі иварплдқұбылыстарыныңвцйщшлдржтірітрьобмиимимиөмірлеріндегіррьоьрьпртап

2.АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып электронды оқулықтан әртүрлі температураға бейім өсімдіктер мен жануарлар туралы видеоролик көрсету

«Серіктес» әдісі. Бір-бірінің тапсырмаларын толықтырады. жұптық жұмыс.

Тапсырма:Әр түрлі температураға бейім өсімдіктер мен жануарларды теріп жазыңдар.

Өсімдіктер




Жануарлар












Селеу бояу, шырмауық, құм қияғы, жүзгін, адыраспан, домалақ кірпіге ұқсас құмаршық, ақсексеуіл.  ақбөкен, бұлдырық, түлкі, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, қасқыр, сұр келес, сарышаян

ҚБ: « Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.


3.Топтық жұмыс. «Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі

Жаңа тақырыпты әрбір оқушы жеке жұмыс жасап оқиды, ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі. Бүкіл топ болып талқылайды. Постер қорғайды.

1-топ тапсырмасы. «Өсімдіктердің әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделуі»

2-топ тапсырмасы. «Жылу құбылыстарының жануарлар өмірлеріндегі рөлі»

3-топ тапсырмасы. «Адамдардың суық жағдайға бейімделуі және суықтан қорғануы»

Кері байланыс орнату.

1) Топта жұмыс істеу ұнады ма?

2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме?Неліктен? Топтар бір-бірін "Мадақтау сендвичі" арқылы бағалайды. 1.Топты мақтау.2.Сын айту.3.Ұсыныс айтып,мақтау

Жеке жұмыс:1-тапсырма. «Физикалық диктант»

Тұжырымдамадағы бос орынға дұрыс сөздерді қойып, толықтырып оқыңдар.

1.Шөлдің аптап ыстығында тек тамыр жүйесі үлкен ..........тікен өсімдіктер ғана өсе алады.

2......... су тапшы жағдайда және ыстықта өмір сүруге бейімделген.

3.Дөңгеленіп бүктеліп жату арқылы ........ өз денесінің жылуын сақтайды.

4.Аязды күндерде бұтақта отырған ........ қауырсындарын қомпайтып отырады.

5.Адамдардың өмір сүруі үшін дене температурасы ........ болу керек.

6.Адамдар .......... қасиетке ие болатын киімдер киеді.

ҚБ:интербелсенді тақтадан дұрыс жауаптары шығады. Оқушылар «сен-маған, мен-саған» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

2-тапсырма.

Қалыптастырушы бағалауға дескриптор арқылы тапсырма бердім.



Тапсырма

Ағзаның суықтан, ыстықтан қорғану тәсілдері қандай?

Тіршілік иесі

Жаз мезгілі

Қыс мезгілі

Адам





Жануар





Өсімдік







Бағалау критерийлері

№

Дескриптор



Өсімдіктер мен жануарлардың ыстыққа және суыққа төзу ерекшеліктерін анықтайды

№1

1-2 Өсімдіктердің ыстыққа және

суыққа төзу ерекшеліктерін

табады

3-4 Жануарлардың ыстыққа және

суыққа төзу ерекшеліктерін

табады

5-6 Адамның ыстыққа және

суыққа төзу ерекшеліктерін

табады



Ағзаны әртүрлі температурадан(ең жоғары, ең төменгі) температурадан қорғану әдістерін ұсынады

№2

Адамның суықтан және ыстықтан

қалай қорғанатынын көрсетеді

Жануардың суықтан, ыстықтан

қалай қорғанатынын көрсетеді

Өсімдіктің суықтан, ыстықтан

қалай қорғанатынын көрсетеді














Интербелсенді тақта














Интербелсенді тақта


















Оқулықпен жұмыс





Түрлі-түсті қағаз
















Сабақтың соңы


4мин

3 мин









1 мин




Кері байланыс: “Аяқталмаған сөйлемдер”
* Бүгін мен........................................................... білдім

*.............................................................................. қызықты болды.

*................................................................................. қиын болды.

*................................................................................. екенін түсіндім

Үйге тапсырма. Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі рөлі


Аяқталмаған сөйлемдер жазылған парақшалар



Стикер тарату




Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау


1.Тапсырма әдісі бойынша оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қою арқылы сөзбен қолдау көрсетемін және ынталандырамын.

2.Қарқын тәсілі бойынша оқушылар «Физикалық диктант» орындағанда кейбір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам жұмыс істейді.

3.Қорытынды тәсілі бойынша бір тапсырманы орындаса да, нәтижелері әртүрлі болады.


1. Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылады..

2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау,жұптық әдіс, мадақтау сэндвичі, «мен-саған, мен-саған» әдісі арқылы бір-бірін бағалау,бағдаршам арқылы бағалау критерийі арқылы бағаладым.

3. Кері байланыс -Аяқталмаған сойлемдер



Рефлексия



Сабақ мақсаттары

немесе оқу мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына

Қол жеткізді ме? Егер

оқушылар оқу мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде

уақытты тиімді

пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма

жəне неліктен?





Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын

тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде

келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?














Тапсырма

Ағзаның суықтан, ыстықтан қорғану тәсілдері қандай?

Тіршілік иесі

Жаз мезгілі

Қыс мезгілі

Адам





Жануар





Өсімдік







Бағалау критерийлері

№

Дескриптор



Өсімдіктер мен жануарлардың ыстыққа және суыққа төзу ерекшеліктерін анықтайды

№1

1-2 Өсімдіктердің ыстыққа және суыққа төзу ерекшеліктерін табады

3-4 Жануарлардың ыстыққа және суыққа төзу ерекшеліктерін табады

5-6 Адамның ыстыққа және суыққа төзу ерекшеліктерін табады



Ағзаны әртүрлі температурадан(ең жоғары, ең төменгі) температурадан қорғану әдістерін ұсынады

№2

  • Адамның суықтан және ыстықтан қалай қорғанатынын көрсетеді

  • Жануардың суықтан, ыстықтан қалай қорғанатынын көрсетеді

  • Өсімдіктің суықтан, ыстықтан қалай қорғанатынын көрсетеді


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
19 сәуір
1938
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі