Ашық сабақ 8 сынып Металдардың белсенділігін салыстыру.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 8 сынып Металдардың белсенділігін салыстыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал пән мұғалімдеріне өте керек болады деп ойлаймын. Дайын ашық сабақ жоспары. Мұғалімдер өздеріне жүктеп алса болды. Рахмет сіздерге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Металдардың белсенділігін салыстыру

Мектеп: Шағын жинақталған Саржыра негізгі орта мектебі

Күні:

Сынып: 8

Мұғалімнің аты – жөні:

Райбаева Т.К.

Қатысқандарсаны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың

Тақырыбы

Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. №3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әркеттесуі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

8.2.4.4-қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу

8.2.4.5-металдардың қышқылдармен әректтесуінің реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: Қышқылдардың қолданылуын және металдардың кернеу қатары бойынша жұмыс жасау ережелерін біледі, атайды.

Басым бөлігі: Қышқылдардың металдармен реакция теңдеулерін жазып, өнімдерін атай алады.

Кейбірі: Cутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыра алады. Күрделі теңдеулер құрып есептер шығара алады.

Бағалау критерийі

- Қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды

- Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология. Термин сөздер бойынша сөйлеу шеберлігін дамытады.

Пәнге қатысты сөздік қоры мен терминдер: химиялық реакция, қышқылдар, реактивтер, сутегі, газ, сұйылтылған, сынауық, газ өткізгіш сынауық, тамшуыр, сіріңке, шырпы, металдар

Сыныптағы диалог:

-Қышқылдардың қолдану аймағы.

-Қышқылдық,сілтілік орта деген не? ............

-Cутек газының бөлінуін қалай байқаймыз?

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті,қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, білім алуға дайындау

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, физика

Алдыңғы білім

7.2.2.1- Қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

7.2.2.2 -Қышқылдардың әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

3 минут







5 минут

Психологиялық ахуал орнату І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, психологиялық жағымды ахуал тудыру. «Досқа тілек» оқушылар стикерлерге бір сыныптысына арнап тілек жазып, стикерді мыжып, лақтырады. Стикерді алған оқушы ашып оқиды .

Оқушылар стикер түстері бойынша 3топқа бөлініп отырады.



Үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл» әдісі. Топтық жұмыс


1-топ

Металдардың белсенділік қатарын пайдаланып, мына металдардың оттекпен қандай жағдайда әрекеттесетінін анықтаңдар: калий K, натрий Na, алюминий Al, мырыш Zn, хорм Cr, сынап Hg, кальций Ca, темір Fe. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.


2-топ

Металдар сумен әрекеттескенде белсенділіктеріне байланыстыметалл оксидтерін немесе гидроксидтерін түзеді. Литий, мырыш, темір, натрий сумен әрекеттескенде қандай өнім түзеді?


3-топ

Металдар мен олардың қасиеттері арасындағы сәйкестікті табыңдар:


Су буымен әрекеттеседі

Мыс


Мыс

Ыстық сумен әрекеттеседі

Суық сумен белсенді әрекеттеседі

Сумен мүлдем әрекеттеспейді

Мыс

Мыс












Дескриптор

1.Металдардың белсенділік қатарын пайдалана алады

2. Металдардың сумен, оттекпен реакция теңдеулерін жаза алады

3. Металдар мен олардың қасиеттері арасындағы сәйкестікті табады



Қалыптастырушы бағалау(Оқушылар бірін-бірі бағалау)




Қағаз қиындылары






Мақтау,

мадақтау














Сабақтың ортасы

1 минут



7 минут



































7 минут




























1 минут













5 минут





























10 минут


Жаңа сабақ:

«Стоп кадр» әдісі арқылы видео көрсетілім №1.



Мұғалімнің түсіндірмесі (тыңдалым дағдысы қалыптасады)

Тәжірибеден көретініміз: қышқылмен шабытты әрекеттесетін магний, одан соң мырыш, баяуырақ әрекеттесетіні темір, ал реакцияға мүлде түспейтіні мыс. Соңғы сынауықтан сутек бөлінбейді. Демек, металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әр түрлі.



Металл сұйылтылған қышқылмен әрекеттескенде өнімінде сутек газы мен тұз түзіледі.

Реакция нәтижесінде сутектің түзілгенін шала жанған шырпыны реакция болып жатқан сынауыққа апарғанда, «пах» деген дыбыстың шығуымен дәлелдейді.

Metall + acid = metal salt + hydrogen


Mg + 2HCl = MgCl2 + H2

Магний тұз қышқылы магний хлориді сутек

Mg + H2SO4 = MgSO4 + H2

Магний күкірт қышқылы магний сульфаты сутек

Fe + 2HCl = FeCl2 + H2

Темір тұз қышқылы темір хлориді сутек

Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2

Темір күкір қышқылы темір сутек


І. Жұптық жұмыс «Ой қозғау» әдісі.

1-тапсырма. Төмендегі суретте берілген қышқылдардың

қолдану аймағын атаңыз;


Төмендегі кестені толтырыңыз;


Қышылдардың аты

Қолдану аймағы

Қасиеттері














Дескриптор

1.Қышқылдардың қолдану аймағын атайды


2.Адам өміріндегі маңызын анықтайды



Қалыптастырушы бағалау («бас бармақ» әдісі бойынша)



II. Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырма «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі.


1топ Сен қалай ойлайсың, «Егер алюминий және мыс тиындарын тұз қышқылына салсақ не байқалады?

2топ Не себепті қышқылға су құюға болмайды?

3топ Суретте не байқалады?

Дескриптор

Қышқылдардың қасиеттерін біледі

Қауіпсіздік ережелерін сақтайды

Қалыптастырушы бағалау


3-тапсырма. «Оқы, түсін, жасап көр» әдісі. Зертханалық тәжірибе.

Сұйылтылған тұз қышқылы мен мырыш арасында

қандай реакция жүреді?


Құралдар:мырыш,тұз қышқылының ерітіндісі,сынауықтар,штатив.


Тәжірибенің тақырыбы

Не істедіңіз?

Нені бақыладыңыз?

Реакция

теңдеуі






Дескриптор

1.Мырыштың қышқылмен әрекеттесу мүмкіндігін анықтайды

2.Сутек газының бөлінгенін байқайды

3.Қауіпсіздік ережелерін сақтайды





Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам»

әдісі





Видео көрсетілім №1.





































Суреттер



Нұсқау беру және айту











Дәптермен жұмыс




















































Мақтау, мадақтау, марапаттау







Қажетті құралдар мен реактивтер







Дәптермен жұмыс














Сабақтың

соңы

1 минут















1 минут


Үйге тапсырма: «Эссе» Қышқылдардың адам өміріндегі маңызы




Кері байланыс: Сабақ соңында оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.


Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет








Сурет,

Стикерлер















Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық

және қауіпсіздік техникасын

сақтау

Сұйылтылған қышқылдардың қасиеттерін,металдардың кернеу қатарына байланысты металдардың қасиеттерін түсіндіре және бағалай алады,жазу дағдысы төмен оқушыларға ракция нәтижесінде не байқалатынын ажыратып сипаттап жазуға көмектесу.Кейбір оқушылар зертханалық жұмысты орындап, газдың бөлінуін дыбысы арқылы дәлелдейді, талдау, қорытынды жасау, сондай-ақ шығармашылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мәселенің бірегей шешімдерін табу.

А-деңгейі:

Мына металдардың қайсысы тұз қышқылымен әркеттеседі: кальций, мыс, магний, сынап, күміс, натрий? Іс жүзінде жүретін реакциялардың теңдеуін жазыңдар.

В-деңгейі:

Мына заттардың өзара әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін құрастырыңдар.

а) мырыш пен күкірт қышқылы;

ә) алюминий мен оттек;

б) магний мен оттек;

в) алюминий мен мыс (II) сульфаты;

г) кальций мен су;

ғ) темір мен су.



С-деңгейі:

Реагенттер мен өнімдерді сәйкестендіріңдер:


Реагенттер

Өнімдер



Темір+күкірт қышқылы

Сынап+тұз қышқылы

Барий+күкірт қышқылы


Темір(II)сульфаты+сутек

Өнім түзілмейді

Барий хлориді+сутек

Барий сульфаты+сутек

Сынап хлориді+сутек



Тапсырмалар беру арқылы кері байланыс жасаймын. Топта, жұпта орындаған тапсырма нәтижелерін қорытындылап, дескриптор, қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын. Бағалаудың «Мақтау, мадақтау, марапаттау»,

«Оқушылардың бірін – бірі бағалау»,

«Бас бармақ»

«бағдаршам» түрлерін пайдаланамын.


- Сабақ басталар алдында шаршаудың алдын алу үшін барлық оқушыларға дене қимылдарын жасатамын

- Химия кабинетінде

гі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақталуын қадағалаймын реактив-

терді қолдану, қышқылдармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықта қамтылған сақтық шараларын сақтауды ескертемін

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
961
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі