400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімге керек сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

9.4А Процесстерді электронды Мектеп: КММ «№65 ЖББОМ»

кестелерде модельдеу.

Күні: 24.02.2020ж Мұғалімнің аты-жөні: Мағдатова А.Е.

Сынып: 9 Қатысқандар: 14 Қатыспағандар: 14

Сабақтың тақырыбы

Жобаны қорғау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.1.1 Компьютерді ұзақ уақыт бойы қолдануға байланысты

қауіптерді сынап бағалау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: компьютердің адам ағзасына тигізетін кері әсерін сынап,қорғанудың әдістерін бағалау.

Көпшілігі: компьютерді ұзақ уақыт бойы қолданудың қауіптерін сынап бағалау, жоба құру.

Кейбіреуі: компьютерді ұзақ уақыт бойы қолданудың қауіптерін өмірмен байланыстыру, жоба құру.

Бағалау критерийі

- компьютердің адам ағзасына тигізетін кері әсерін сынап,қорғанудың әдістерін бағалайды;

- компьютерді ұзақ уақыт бойы қолданудың қауіптерін сынап бағалайды, жоба құрады;

- компьютерді ұзақ уақыт бойы қолданудың қауіптерін өмірмен байланыстырады;

Тілдік мақсаттар





Пәндік лексика және терминология:

Жобаны қорғау- Защита проекта- Project Protection.

Қауіпсіздік- Безопасность- Securty.

Интерфейс-интерфейс-Interface

Адам-машиналық өзара әрекеттесу –Человеко -машинное –взаймодействие- HCI human-computer - interaction

Диалог:

  1. Компьютер адам ағзасына қандай аурулардың тууына әсер етеді?

  2. Компьютерде қолдануға байланысты қауіптер?

  3. Компьютерде отырғанда денсаулыққа зиян келмес үшін алдымен ... керек, содан соң...., қажет.

Құндылықтарға баулу

Шығармашылыққа, сын тұрғысынан ойлауға,бірін-бірі тыңдауға, жауапкершілікке, ашықтыққа, бір-бірінің пікірін құрметтеуге.

Пəнаралық байланыс

Физика (электр құралдары мен электрмагниттік сәуле шығару).

Биология(Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері).

Алдыңғы білім

Оқушылар электронды құрылғылардың жалпы адам ағзасына зиянын,қауіптерін біледі. Компьютердің қауіпсіздік ережесі туралы білімі бар.

Сабақтың барысы









Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




2минут







2 минут





Ширату

Мұғалім сұрағы: Оқушы жауабы:

-Әрбір адам? - Досым, сыныптасым

-Әрбір сабақ? - Үйрену, оқу, іздену ...

-Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық ...

Топқа бөлу. «Сөз қиындылары» әдісі

Қиындыларды құрастыру арқылы сыныпты екі топқа топтастыру.

  • Информатика сыныбында өртті сумен өшіруге болмайды. Құммен немесе көбікпен өшіру керек.

  • Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Оқушылар осы қауіпсіздік ережелерге қатысты не білесіңдер?












АКТ. интербелсенді тақта

Үлестірме материал

6 минут

(Т) «Медиа» әдісі бойынша оқушыларға бейнеролик көрсетіледі. (оқушыларға бейнероликті көріп отырып, сұрақ дайындау тапсырылады)

1. Компьютерде ұзақ отыру қандай ауру түрлеріне шалдықтырады?

2. Компьютер адамның көру қабілетіне қалай әсер етеді және оның кері әсерінің алдын алу шараларын атаңдар.

3. Не себепті компьютерде ұзақ отыратын адам остеохондроз ауруына шалдығады?

Дескриптор:

  • Компьютерде ұзақ уақыт отыру кезінде шалдығатын ауру түрлерін жазады.

  • Компьютердің адамның көру қабілетіне тигізетін әсерін анықтайды.

  • Алдын алу шараларын атайды.

  • Компьютерде ұзақ отырғанда пайда болатын ауру себептерін анықтайды

ҚБ «Бутерброд» әдісі. Бірін-бірі бағалау.

Екі топ бір- бірін бағалайды. Осы әдіс бойынша бірінші топ екінші топқа қосатын жерлері болса айтады немесе сұрақтарын қояды.


https://www.youtube.com/watch?v=hmY-9ykgo8c









Сабақтың ортасы


8 минут


(Т) «Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы тапсырмалар беріледі.

1.Компьютерді, мобильдік құрылғыларды ұзақ пайдаланудың салдары(1-топ)

2.Компьютердің адам ағзасына электронды құрылғылардың әсері туралы (2-топ)

ҚБ Бірін-бірі бағалау. «Екі жұлдыз-бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Саралау: диалог ,қолдау жүргізіледі.



15 минут


«Кім, шапшаң?» әдісі бойынша мына тапсырманы орындайық : (жоба)

(Ж)Сараланған тапсырма.

Оқушыларға тақырыптар беріледі, 4-беттен тұратын слайд дайындау,қорғау.

1. Компьютердің ұзақ уақыт бойы қолдануда бала ағзасына әсері және ғаламтордың зияны.

2.Компьютер қолданатын адамдардың физиологиялық жақтарына тигізер зардабы.

3.Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны.

Дескриптор:

  • Компьютерді ұзақ уақыт бойы қолдануда адамдардың физиологиялық жақтарына әсер ететін қауіптерді анықтайды.

  • Компьютерді ұзақ уақыт бойы қолдануда шалдығатын түрлі аурулар себебіне мысалдар келтіреді.

  • Компьютердің адам ағзасына тигізетін әсерінен қорғану тәсілдерін табады

  • Жоба дайындайды.

ҚБ Өз-өзін бағалайды.(дескриптор бойынша)

Саралау: диалог , қолдау көрсету .



Оқулық 9 сынып

Г.И. Салғараева, ж.б. – Астана: «Арман-ПВ», 2019

10-11 бет




АКТ. интербелсенді тақта, слайд











5 минут

Қорытындылау:

(Ұ) «Сәйкестендіру» әдісі арқылы білім алушылардың білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.

1 .Бұлшық еттер проблемасы

Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу аллергия негізіндегі тыныс алу жолдарының ауруларына шалдықтыруы мүмкін.



2. Жүйке жүйесіне әсер ету проблемасы

Күні бойы компьютерде жұмыс істеп, қолдың ұйып қалғанын байқаймыз, кейде кенет өткір және шаншып ауырғанын сезінеміз.


3.Компьютердің потенциалды әсері

Көз жасаурап, кескіннің айқындылығы жоғалады, компьютерде ұзақ отыру бірте-бірте көздің мүлдем көрмей қалуына алып келеді.


4. Компьютер және асқорыту жүйесі

Адам ағзасының реттеуші және үйлестіруші қызметі жүйке жүйесі атқарады.


5 .Көзге әсер ету проблемасы

Ойынға тәуелділік адамды әлеуметтік қарым-қатынас пен құндылықтарды бағалау тәрізді қасиеттерінен айырады.


6. Омыртқаға әсер ету проблемасы

Агрессивті мінез күрделі компьютерлік ойындардың әсерінен де пайда болады.


7.Компьютер және тыныс алу органдары

Ұзақ уақыт отырып жұмыс жасау ерте ме, кеш пе арқадағы ауырсынуға, омыртқаның қисаюына әкеледі.


8. Компьютердің мінез-құлыққа әсері .

Бұлшық ет жиырылған кезде жылу бөлініп, қанның құрамы өзгереді, соның әсерінен денеде күрделі тірлік әрекеттері жүзеге асады.


9 Компьютерлік ойындарға тәуелділік.

Қозғалыстың аздығынан, дұрыс тамақтанбауынан көптеген адамдардың денсаулығы бұзылады.


10 Білезік тунельдік синдромы

Қатерлі ісіктер пен жүрек қан тамырлары ауруларының пайда болуы, адам зиянды электромагниттік сәулелерді басқа тұрмыстық техникаларға қарағанда компьютерден көбірек алады.


Тапсырма орындап болғаннан кейін, экраннан дұрыс жауабын көрсетемін.

Дескриптор:

  • Компьютерде ұзақ уақыт отырғанда пайда болатын ауру себептерін анықтайды.

  • Сәйкестендіреді.


ҚБ. Өзара бағалау. «Плюс-минус-қызықты» әдісі Оқушылар тапсырма бойынша ұнамды, ұнамсыз, қызықты мәліметтерін айтады: П (+), М(-), Қ (қызықты).






Үлестірме материал



Оқулық 9сынып

Арман пв. Г.И. Салғараева, ж.б. – Астана: «Арман-ПВ», 2019ж

10-12 беттер

















Сабақтың соңы


2 минут


















Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Рефлексия:

«SMS-хабарлама» тәсілі

Қағаздан жасалған ұялы телефондарында орындалады.Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгін сабақта мен ****** түсіндім, **** білдім, ***** көзімді жеткіздім.

  • Бүгін сабақта қуантқаны******

  • Мен өзімді****үшін мақтар едім

  • Маған ерекше ұнағаны******

  • Сабақтан соң маған ****** келді

  • Бүгін маған *** сәті түсті

  • Қызық болғаны*****

  • ****** қиындық тудырды

  • Менің түсінгенім*****

Мен енді ******** аламын

Үйге тапсырма.

Компьютерлік құмар ойындарға тәуелділіктің адам психикасына әсері қандай? (жауап дайындау)

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

Көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

Қабілетті оқушыларға қандай

Тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

Қауіпсіздік техникасын

сақтау

Әрбір оқушыға өзінің қажеттілігіне қарай, саралау жүргіземін. «Сөз қиындылары» арқылы топқа бөлдім. Оқушылардың жеке, жұпта,топта жұмыс істеуі

ұйымдастырылды.

  • Сабақ бойындағы «Медиа» әдісі оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

  • Сабақ барысындағы «Кім, шапшаң?» әдісі арқылы сараланған тапсырмада жоба дайындайды, жоба құрады.

Өзіне қажетті ақпараттарды дереккөздерден іздеп табуға, дағдыланады.

Үлгермей жатқан оқушылар ақпарат алу үшін мұғалімнен немесе қабілеті жақсы оқушылардан диалог, қолдау көмегін алады.

  • «Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы топпен бірлесіп талқылау, дағдысы шыңдалады, диалог ,қолдау көрсетіледі.

Сабағымды жоспарлау барысында сабақ мақсаттарына

қол жеткізуде қалыптастырушы бағалау ұйымдастырылды.

Бағалау түрлерін:

ҚБ «Бутерброд» әдісі арқылы

«Конверттегі сұрақтар»,

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен дескриптор арқылы бірін-бірі бағалау жүргізілді.

«Сәйкестендіру» әдісінде ҚБ«Плюс-минус-қызықты» әдісінде оқушылар тапсырма бойынша ұнамды, ұнамсыз, қызықты мәліметтерін айтады,

өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындағанда оқушыларды жетелеу мақсатында дискрипторлар арқылы және өзім бағалау жүргіземін. Мақсатым оқушыларды алға қарай жетелеу.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережесінің бөлімдері

Тәртіпті, тазалықты, техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;

Мұғалімнің ұсынысымен жұмыс орнына жайғасу;

Мұғалімнің айқындап берген қызмет түрімен ғана айналысу;

Сабақ бойынша:

рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуінене оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі