жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 9 сынып
Сабақтың тақырыбы:Азот және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: 1. Оқушыларға азот және оның қосылыстары туралы білімдерін жүйелей отырып , олардың алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы және маңызы туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды бірлікке, ынтымақтыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Топтық жұмыстар арқылы қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған тапсырмаларды орындай отырып, оқушы ізденісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Д.Менделеевтің периодтық кестесі
2. Техникалық құралдар проектор
3. стикерлер
а/ кестелер
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Сынып оқушылары 2 столға /А;Б/ топтастырылады
Психологиялық тренинг
/топтағы оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді/
Ойынның шарты түсіндіріледі. Әр топтың жүргізіушілері тағайындалады
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқушылар, біздер бейметалдар тарауы бойынша бірқатар элементтермен таныстық. Солардың бірі және бірегейі — азот. Ендеше осы тақырып бойынша алған білімдерімізді жүйелеу, жинақтау үшін бүгінгі біздің сіздермен сұқбатымыз «Азот және оның қосылыстары» тақырыбында өтеді.
Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой «Білім еске сақтау арқылы алынғанда ғана білім» деген екен.
Ендеше,
І бөлім: «Зеректерге бір сауал»
А столы
1.Азот топшасына кіретін элементтерді атаңдар?(фосфор,мышьяк,сурьма,висмут)
2.Азоттың сутекті қосылыстардың атауы?(аммиак)
3.Аммиак қандай зат?(түссіз,өткір иісті,ауадан екі еседей жеңіл,тұншықтырғыш зат)
4.Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз.N )2e)5e
5.Азоттың маңызды қосылыстары қандай?(аммиак,азот оксиді)
6.Нитраттар деген не?(азот қышқылының тұздары)
Б столы
1.Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?(+1 ден +5 дейін)
2.Азоттың атомдық массасы қанша?(14)
3.Аммоний тұздарына мысал келтір
4.Азот топшасы орналасқан топ нөмері (5 топта)
5Азоттың Ү валентті оксидіндегі оның тотығу дәрежесі(+5)
6Қоршаған ортаға азот «ІҮ» оксиді газының зиянды әсері туралы айтып бер.(азот диоксиді NO2өндірістік процестерде және автомобиль қозғалтқышы жұмыс істегенде түзіледі.Үлкен қалаларда ластаушы «тұмша» құрамында болады.Азот диоксиді адам қанындағы гемоглобинді азайтады,көзге зияндыәсер етеді.Өсімдіктерден алынатын өнімнің түсімі төмендейді. )
ІІ бөлім. Кім жылдам?
А столы
1.Азоттың тотығу дәрежесі +5 болатын қатарды көрсет
NO2
KNO3
NO
HNO2
HNO3
KNO3
N2
NaNO3
NH4NO3
Б столы
Азот оксидтерін, тұздарын ,қышқылдарын
ажырат
NH2Cl
NO4
HNO3
NO
NaNO3
HNO2
NH4NO3
NH2Cl
NaNO3
NH4NO3
HNO3
HNO2
NO4
NO
Азоттың мына заттармен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңдар
Оттекпен
Сутекпен
Магниймен
N2+O2=2NO
N2+3H2=2NH3
Mq+N2=Mq3N2
ІІІ бөлім «Ойлан тап» /оқулықпен жұмыс / 90-бет. 2- жаттығу
Айналуларды жүзеге асыр.
N2
NH3
NO
NO2
HNO3
Cu(NO3)2
N2 +
3H2
2NH3
4NH3 +
5O2
4NO+6H2O
2NO
+ O2
2NO2
4NO2 +
O2 +
2H2O
4HNO3
2HNO3 +
CuO
Cu(NO3)2+H2O
ІҮ бөлім: Ендеше аммоний тұздары бойынша есептеулерге назар аударайық
А столы
NH4Cl-ғы азоттың массалық үлесін тап?
(NH4)2SO4 –гі азоттың массалық үлесін тап?
Б столы
NH4NO3 –гі азоттың массалық үлесін анықта?
(NH4)3РO4 -гі азоттың массалық үлесін тап?
Ү. Асулардан асайық
№1. 17 г аммиак түзілу үшін қанша литр сутек /қ.ж./ реакцияға түседі?
xл 17кг
Шешуі: N2 + 3H2 = 2NH3
3 . 22,4л 34кг
17 – Хл
34кг – 67,2
Х = 33,6л
№2. 5т. (NH4NO3) алу үшін /қ.ж./ қажетті аммиактың көлемі мен массасын тап?
xл хг 5т
Шешуі: NН3 + НNО3 NH4NO3
Mr (NH4)NO3 = 18+14+48 = 32+48=80
22,4л 80
17
х = 1,4м3 х = 1,0625 т
ҮІ. Қорытындылау /химиялық диктант/
Азоттың таңбасы(N)
Молекулалық формасы
Реттік нөмері(7)
Ar /N/ =
Физикалық қасиеттері(түссіз, иіссіз газ)
Ауа құрылысының мөлшері
Бөлме -да азот реакцияға түсетін металл
Нитраттар дегеніміз…
Ляпистің формуласы
HNO3 + Me
«Бейнет түбі зейнет» деген халық даналығына сүйене отырып, сіздердің білімдеріңіз стикерлер арқылы бағаланады.
Оқушыны бағалау
Үйге тапсырма & 13-17 «Азоттың тіршіліктегі маңызы» тақырыбында реферат
Сабақтың
тақырыбы: Азот және оның қасиеттері.
Сабақтың
мақсаты: а) Оқушыларға азот элементтерінің
табиғатта таралуы, құрамы,
олардың
құрылысы, өндірісте, зертханада алу
жолдары, физикалық және химиялық
қасиеттері, ерекше қолданылатын
салаларын түсіндіру.
б) Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын оятып, сөйлеу
қабілетін дамыту.
в) Оқушыларды
табиғат байлықтарын тиімді пайдалана
білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Сұрақ
- жауап, ауызша баяндау, оқулықпен жұмыс,
білімді өмірде
пайдалану
Сабақтың
түрі: Аралас сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық
кестесі,
Интерактивті тақта
Тыңайтқыштар
коллекциясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын
сұрау
1. Күкірт қышқылы молекулалық
құрылысы, физикалық қасиеті.
2.
Химиялық қасиеті.
3. Қолданылуы.
4.
Күкірт қышқылын өндіру.
Жаңа сабақ:
Азот және оның қасиеттері.
Азотқа
жалпы сипаттама беру.
Алынуы:
Өндірісте, ауада
Зертханалық: 3
CuO+2NH3 = 3 Cu + 3H2O + N2
Физикалық қасиеті:
Азот түссіз, иіссіз газ, суда нашар
ериді, ауадан аздап жеңіл - 1960С сұйық
күйге айналады, - 2100С қар тәріздес
массаға айналады.
Табиғатта
таралуы:
Химиялық қасиеті: Тотықтырғыш,
тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
N2+3H2
= 2NH3
3Mg + N2 = Mg3N2
N2 + 3Ca = Ca3N2
N2 + 3F2 =
2NF3
3N2 + 2Al = 2AlN3
Семантикалық
карта толтыру арқылы оқушы азоттың
оксидтерін, тұздарын ажыратып жазады.
Азот
------ NH4Ce ------ NO2 -------- HNO3 --------- NO -------- NaNO3
------- NH4NO3 --------- HNO3 --------
KNO3
Тұздары
Қышқылдары
Оксидтері
Қолданылуы:
түрлі қосылыстар, NH2синтездеу, инертті
орта, ауа салқындатқыш жүйеде, цианид
алу, нитрид алу, азот қышқылын алу.
Азоттың
табиғаттағы айналымы: Органикалық
заттар шірігенде және жанғанда байланысқа
азоттың бір бөлігі босап, атмосфераға
шығып кетеді. Алайда табиғи жағдайларда
топырақтағы байланысқан азоттың мөлшері
кемімейді. Атмосфераға бос азоттың да
массасы көбеймейді. Мұны қалай түсіндіруге
болады?
Топырақта өз бетінше
тіршілік ететін де, бұршақ тұқымдас
өсімдік тамырында ме - кендейтін де
бактериялар болады екен, бұлар
атмосферадағы азотты сіңіріп, оны
органикалық қосылысқа айналдырады.
Атмосферадағы азоттың аздаған мөлшері
найзағай сейілген кезде байланысып,
азот (II) оксиді, ал одан – азот (IV) оксиді
түзіледі. Соңғысы сумен реакцияласқанда
азот қышқылы түзіледі, ол топырақта
нитратқа айналады. Осы процестердің
нәтижесінде табиғатта үздіксіз азот
айналымы болып тұрады. Астық жинаған
кезде егістіктен азоттың айтарлықтай
бөлігі шығын - далады. Азот бар
тыңайтқыштарды топыраққа енгізу арқылы
бұның орны толтырылады.
Сабағымызды
қорытындылау барысында химиялық диктант
жазамыз.
1. Азоттың таңбасы (N)
2.
Молекулалық формуласы (N2)
3. Реттік
нөмірі (7)
4. Салыстырмалы атомдық
массасы (14)
5. Азоттың физикалық
қасиеті (түссіз, иіссіз, ауадан сәл
жеңіл, суда нашар ериді)
6. Азоттың
ауа құрамындағы мөлшері (78%)
7. Ауадағы
азотты өсімдіктер тікелей сіңіре ала
ма? (жоқ азот атомдарының арасындағы
байланыс өте берік, өсімдік топырақтан
тыңайтқыш арқылы ала алады)
8. Азот
қандай органикалық заттың негізгі
құрам бөлігі? (нәруыздың)
9. Бөлме
температурасында азот реакцияға түсетін
металл (литий)
10. «Азот» атауын ұсынған
ғалым? (А. Лавуазье)
Үйге тапсырма:
Азот және оның қасиеттері.(Эссе
жазу)
Бағалау:
еседі тұз-нитриды M3N2 жалпы формуласы (3M + N2=M3N2), ыдырайтын бар Мысалы, тиісті гидроксиді және аммиак қалыптастыру су:
Sa3N2 + 6H2O=3Ca (OH) 2 + 2N + 3H3.
Сол сияқты, ұстауым және сілтілі металдар нитриды. көшу азот өзара іс-қимыл металдар, әр түрлі қатты металл нитридтер қалыптастыру әкеледі құрамы. Мысалы, темір оксиді мен темір нитриді реакциясы құрылады Fe2N құрамы мен Fe4N (N2 + 6Fe=Fe2N + Fe4N). Ацетилен C2H2 бар қызған кезде азот сутегі цианид HCN (N2 + C2H2=2HCN) алуға болады.
бастап күрделі бейорганикалық азот қосылыстары ең маңызды болып табылады, азот қышқыл HNO3, оның нитраты тұздары, және азот қышқылы HNO2 және оның тұздары нитриттер.
дайындық
жылы Ауадан алынған Өнеркәсіп азот. Осы мақсат үшін ауасы алдымен салқындатылған, сұйытылған және сұйық ауаны айдау (айдау) ұшырайды. Қайнау нүктесі оттегі - азот ауаның басқа да құрамдас қарағанда (-195,8 ° C) сәл төмен Сұйық азот нәзік Жылыту буланып отырып, алайда (° C -182,9), бірінші. Тұтынушылар азот газ. Қысылған нысанда (150 атм берілген, немесе Сары жазуы «азот» қара бөтелкелерді 15 МПа). Сұйық азот сақтаулы Дьюар кемелер.
жылы зертханалық таза («химиялық») қызған кезде азот қосу арқылы алынады Қатты натрий нитриті NaNO2 үшін аммоний хлориді NH4Cl қанық ерітінді:
NaNO2 + NH4Cl=NaCl + N2 + 2H2O.
Сіз
: Сондай-ақ, қатты аммоний нитриті қыздыру
NH4NO2 =N2 + 2H2O.
Бағдарлама
жылы өнеркәсіптік азот газ аммиак өндіру үшін негізінен пайдаланылады. Қалай химиялық инертті газ тәрізді азот инертті ортаны қамтамасыз ету үшін пайдаланылады түрлі химиялық және металлургиялық процестер, жанғыш айдау кезінде сұйықтықтар. Сұйық азот кеңінен оның primenyayui жылы суытқыш ретінде пайдаланылады атап айтқанда, косметология медицина. Құнарлылығын сақтауда маңызды топырақ азоттық тыңайтқыштар болып табылады.
Тарих ашылуы
Ашу көмір жану өнімдерінің шотландық ғалым Д. Резерфорд арқылы 1772 жылы, тыныс алу және жағу үшін жарамсыз газ («тұншықтыратын ауа») ретінде күкірт пен фосфор және CO2ne сорғыш сілтілік ерітінді айырмашылығы. Көп ұзамай француз химигі А. кейін L. Lavoisier газ «тұншықтыратын» Атмосфералық құрамын енгізеді, бұл жасалған ауа, және (грек azoos. - жансыз) оған «azote» атты ұсынды. 1784 жылы ағылшын физигі және химигі Х. Кавендиш азот қатысуын қ...
Азот
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Азот - N
Сұйық азот
Азот ( гр. ázōos – тіршіліксіз) — химиялық элемент – түссіз, иіссіз, дәмсіз – суда аз еритін газ. Бұл элемент аминқышқылдарының амидтердің ақуыздардың-нуклейін қышқылдарының-нуклеотидтердің және өмірде өте маңызды басқада көптеген органикалық қоспалардың құрамына енеді.[1] N – элементтердің периодты жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі – 7, атом салмағы – 14.0067. Табиғатта екі изотопы кездеседі: 14N (99.635%), 15N (0.365%).
Мазмұны
Жалпы мәліметтер
Азотты 1772 жылы ағылшын ғалымы Даниэль Резерфорд ашқан. Жер қыртысындағы азоттың мөлшері 0.03%. Табиғатта азот дербес және қосылыстар күйінде кездеседі және негізгі қоры екі атомнан тұратын молекула түрінде ауа құрамында болады. Азоттың ауадағы салмақ үлесі 75.6% , көлем үлесі 78.1%. Жер қыртысының 1 т массасына 1 кг азоттан келеді, әрі ол бейорганикалық және органикалық қосылыстар күйінде кездеседі. Оның бейорганикалық қосылыстарының негізгілеріне натрий нитраты (чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі) жатады. Органикалық қосылыстар күйіндегі азоттың негізгі қоры барлық тірі ағзалардың ақуыздарында құрамына кіреді. Кезінде жанбайтын қасиетіне байланысты “тіршіліксіз” деп аталып кеткенімен азот тіршілікке өте керек элемент. Қалыпты температурада азот түссіз, иіссіз газ. Қайнау температурасы – 196 °C, қату температурасы – 210 °C. Су бір өлшем көлемінде (20 °C-та) 0.0154 көлем азот ериді, яғни азоттың суда ерігіштігі оттектің ерігігтігінен төмен. Ауадан аздап жеңіл болады.[2]
Азот молекуласының атомдары өзара үш байланыспен тартылатындықтан, оларды бір-бірінен ажыратуға көп энергия керек. Сол себепті азот кәдімгі жағдайда тұрақты болып келеді де, литийден басқа ешқандай жай және күржелі затпен әрекеттеспейді. Химиялық белсенділігінің төмендіг жөнінен азот инертті газдардан кейінгі орынды иемденеді. Азотты қыздырса, көптеген металдармен әрекеттесіп, нитридтер түзеді. Бейметалдармен аса жоғары температурада ғана әрекеттеседі. Мысалы, оның оттекпен әрекеттесуі 3000-4000 °C-та басталады. Өнеркәсіпте азот ауаны сұйылту арқылы алынса, лабораториялық жағдайда аммоний нитритін немесе бихроматын қыздырып алады. Азот негізінен аммиак өндіруге, ал инертті болғандықтан, электр шамдарын толтыруға қолданылады.[3] Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде азот II периодта, V топтың негізгі топшасында орналасқан. Азоттан басқа ол топшаны, фосфор Р, мышьяк As, сурьма Sb және висмут Ві элементтері кұрайды. Азотты алғаш рет 1772 жылы ағылшын ғалымы Д. Резерфорд ашты. Азот грекше «өмірді қуаттамайды» деген мағына береді.
Периодтық жүйедегі орны. Азот екінші периодтың, бесінші топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 7. Олай болса азоттың ядросында 7 протон мен 7 нейтрон бар. Электрондарының жалпы саны да 7. Осы 7 электрон екі электрондық қабатта былай бөлініп орналасқан: 1s22s22p3.
Сондықтан азот қосылыстарында үш валентті, негізгі жағдайдағы қосылыстарында азоттың тотығу дәрежелері -3, 0, +3 болады, мысалы:
NH3, N2, N2O3
Қосылыс түзген кезде азот атомында бос d қабаты болмағандықтан 2s деңгейшесіндегі электрон жұбы ажырайды. Байланыс түзу үшін бір электрон электртерістілігі басымырақ элементке ауысып, азоттың тотығу дәрежесі +1, әрі қарай +2, +3, +4, +5-ке дейін жетеді.
Бұл тізбеде N2О мен NО тұз тұзбейтін оксидтер. Қалғандары қышқылдық оксидтер; оларға сәйкес қышқылдарының формулалары HNО2 - азотты қышқыл, HNО3 - азот кышқылы.
Физикалық қасиеттері
Азот көлемі бойынша ауаның 78%-ын құрайды. Ол - түссіз, иіссіз, суда нашар еритін, ауадан сәл ғана жеңіл D (ауа) = 0,97,D (H2) = 14 болатын, жануды қолдамайтын, тыныс алуға жарамсыз газ. Ауадағы 1 л азот газының массасы 1,25 г. Азот -196°С-та сұйылады, -210°С-та қатады (қар тектес).
Құрылысы
Азот молекуласында екі азот атомы өзара үш еселі байланыспен байланысқан, сондықтан оның химиялық, белсенділігі төмен газ. Азот - 19б°С температурада сұйықка айналады.
Ол тіпті ауадағы күшті тотықтырғыш оттегімен де әрекеттеспейді, бірақ найзағай отында мына реакция жүреді: N2 + О2 = 2NO
Азоттың маңызды қосылыстары селитралар: NaNО3 (чили селитрасы), KNO3 (үнді селитрасы). Топырақта нитраттар күйінде кездеседі. Өсімдік пен жануарлар ағзасында маңызды рөл атқарады.
Биологиялық маңызы
Азот нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болғандықтан, тіршілік үшін аса маңызды элемент. Ауа азотын сіңіре алатын кейбір азот бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде алады. Электрон беріп немесе қосып алып, -3 дәрежесі +5 түріндегі жай зат түзеді. Жануарлар организмінде азот мөлшері 1%-дан 10%-ға, ал малдың мүйізінде, жүнінде 15%-ға дейін жетеді. Азот адам денесінің 3%-ын құрайды.Адам азотты ауадан емес, азотты қосылысы бар тағамдар арқылы алады. "Нәруызсыз тіршілік жоқ, азотсыз нәруыз жоқ" деген қағидалы сөз осының дәлелі болса керек.
Химиялық қасиеттері
Aзот химиялық реакцияларда әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш. Азот оттегімен, фтормен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш болса; фосформен, сутегімен, алюминиймен әрекеттескенде тотықтырғыш болады. Азот молекуласы өте берік болуына байланысты реакцияга түсу қабілеті төмен, химиялык енжар зат. Жоғары температура мен кысымда, өршіткі (катализатор) қатысында азот сутекпен тікелей әрекеттесіп, аммиак түзеді:
N2 + 3H2 = 2NH3
Бос күйдегі азот оттекпен электр ұшқыны кезінде әрекеттеседі. Табиғатта бұл реакция найзағай жарқылдағанда жүреді:
N2 + О2 = 2NO
Бөлме температурасында азот тотықтырғыш ретінде тек металл литиймен әрекеттеседі:
N2 + 6Li = 2Li3N
Қыздырғанда басқа металдармен де осылайша әрекеттеседі:
3Mg + N2 = Mg3N2
Қолданылуы
Азот химиялық синтезде инертті атмосфера жасау үшін пайдаланылады. Тоңазытқышта, медицинада, аммиак алу үшін қолданылады.[4] Сұйық азот салқындаткыш жүйелер саласында кеңінен қолданылады. Азот, негізінен, аммиак алуға, одан әрі азот қышкылы және азот тыңайтқыштарын алу үшін қолданылады. Азотты салғырт (инертті) атмосфералық орта жасау үшін де пайдаланады (электр лампасын толтыруға, т.б.).
Азот молекуласы — берік қосылыс. Ол тотықтырғыш ретінде ерекше жағдайда металлдармен, сутекпен әрекеттеседі. Табиғатта азот бос күйінде кездеседі, ол ауаның негізгі құрам бөлігі. Селигралардың құрамында болады. Азот адам және жануарлар, өсімдіктер организмінде маңызды тіршілік процестерін жүзеге асыратын нәруыздың құрамына кіреді.
Түрлері
Байланысқан азот — молекулалық азоттан басқа кез келген химиялық қосылыстың құрамына кіретін азот.
Молекулалық азот - N2 молекуласы түріндегі азот.
Нәруыздық азот — нәруыз құрамындағы азот.
Нитраттық азот - қосылыстардың құрамына нитротоп түрінде кіретін азот.
Сіңімтал азот— өсімдіктер сіңіре алатын түрдегі азот.[6]
Азот қышқылы
HNO3 Азот қышқылы — күшті бір негізді қышқыл, түссіз сұйықтық.
Азот фиксациясы
Азот фиксациясы — ауадағы азотты химиялық қосылыстар түзе байланыстыру процесі; ауадағы молекулалық азотты өсімдіктерге сіңімтал азотты қосылыстарға ауыстыру, табиғи жағдайда арнайы микроорганизмдердің көмегімен іске асады.[6]
Азот өлшегіш
Азот өлшегіш — реакция нәтижесінде бөлініп шыққан бос азотты өлшеуге арналған аспап.
Азоттау
Азоттау — металл бұйымдарының беткі қабатын азотпен қанықтыру процесі; олардың қаттылығын, жемірілуге тұрақтылығын және тозуға беріктігін арттыру үшін қолданылады.[6] Азоттау (нитрлеу) — болат және титан бұйымдарының сыртқы бетін қатайту және тот баспайтын ету үшін аммиакке салып (қызуы 480—650°С) азотқа қанықтыру процесі. Бұл процесті нитрлеу деп атайды.[7].
Азоттың табиғаттағы айналымы
Азот табиғатта өте көп тараған элементтің бірі болып есептеледі. Жер бетіндегі оның негізгі түрлері — литосферадағы байланысқан және атмосферадағы молекулалық азот. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер өздігінен сіңіре алмайды. Органикалық заттар шірігенде ондағы азоттың біраз бөлігі аммиакқа айналады. Топырақтағы нитрлеуші бактериялардың көмегімен сол аммиак азот қышқылына дейін тотығады. Өз кезегінде топырақтағы карбонаттар СаС03 қышқылмен реакцияға түсіп, нитратқа айналады да өсімдікке сіңеді. Шіру процесі кезінде азоттың біраз бөлігі атмосфераға бос күйінде бөлініп отырады. Табиғи жағдайда топырақтағы байланысқан азоттың мөлшері кемімейді. Ауадағы бос азот та түрлі себептермен толықтырылып отырады. Мысалы, ағаш, шымтезек (торф), таскөмірді жаққанда, органикалық заттар шірігенде, атмосфераға азот бөлінеді. Топырақта тіршілік ететін кейбір бактериялар да ауа жетіспейтін жағдайда нитраттардан оттекті өзіне тартып, атмосфераға бос азот бөледі (19-сурет). Осы процестер нәтижесінде табиғатта үздіксіз азот айналымы жүріп отырады.
Азот — өсімдікке қажетті қоректік элемент. Азот қышқылының тұздары — нитраттар және аммоний тұздары минералдық тыңайтқыштар ретінде қолданылады. Күміс нитраты хлорид ионын табуға қажетті реактив. Ағаш, таскөмір, органикалық заттар жанғанда, шірігенде ауаға бос азот бөлінеді. Организмдегі азот нәруыз (белок) синтездеуге қатысады.
"Бекітемін"
-----------------------------
Мектеп директоры
И. Қатубаев
"Абылай хан атындағы №4 орта мектеп" КММ
Жаратылыстану әдістеме бірлестігінің онкүндігі
Химия
пәні. 8- сынып
Химия пәнінің мұғалімі
Ерболат Шолпан Ерболатқызы
Есік қаласы , 2015жыл
Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар,
ал өзім істесем үйреніп аламын Конфуций
Сабақтың мақсаты:
а)
білімділік.
«Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту,
тереңдету , тотығу -тотықсыздану
ұғымдарын түсіндіру, қалыптастыру;
ә)
дамытушылық:
Оқушылардың анализ жасау ,салыстыру
,бақылау, қорытынды жасау, ойлау қабілетін
дамыту;
б)
тәрбиелік.
Оқушыларды логикалық ойлауға тәрбиелеу
мақсатында өз бетімен ізденуге,жеке
және топта жұмыс жасай білу дағдыларын
дамыту;
Сабақтың
түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілі: Сөз-
көрнекілігі : сұрақ-жауап, жартылай
ізденісті,эвристикалық ( жекеше және
топта жұмыс )
Сабақтың
көрнекілігі:
Химиялық элементтердің периодтық
жүйесі ,таныстырылым.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру . 2 мин
Жинақылық
Әр түрлі түстерді таңдату арқылы оқушыларды үш топқа бөлу . Әр топтың ішінен өздеріне жетекшісін сайлап алады
Топ басшысы әр бөлімде оқушыларды "Бағалау парағындағы " параметрлер бойынша бағалап отыратынын ескерту
Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу
Оқушылардың сабаққа деген ынталарын ояту
Үй тапсырмасын тексеру . 8 мин
№ 1 тапсырма " Маңызды тоғыз түйін"
Тотығу – Электрондарды беру процессі
Тотықсыздану – Электрондарды қосып алу процессі
Тотықтырғыш – Реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар
Тотықсыздандырғыш – Реакцияларда электрондарды беретін атомдар немесе иондар
Жай заттардың құрамына кіретін элемент атомының тотығу дәрежесі нөльге тең.
Сутектің тотығу дәрежесі гидридтерден басқа қосылыстарды +1 тең.
Оттектің тотығу дәрежесі пероксидтер мен фтор қосылыстарынан басқа қосылыстарында -2 тең.
Қосылыстың құрамындағы барлық атомдардың тотығу дәрежесінің қосындысының жиынтығы нөльге тең.
Иондағы атомдардың тотығу дәрежесінің жиынтық қосындысы ион зарядына тең болады.
(Түйіндемені тарату ,жеке , топпен талдату , бір - бірінен сұрату ,үш -үштен әр топқа айтқызу )
Жұмыс дәптерінен 131 бет, № 28 тапсырманы дәптерлеріне орындату
Өткен материал бойынша білімдерін тексеру. 2 мин
№ 2 тапсырма
Күрделі заттар дегеніміз әр түрлі элемент атомдарынан түзілетін заттар
Оксидтер дегеніміз біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар
Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталынады
S
SO2
SO3
FeSO4 -?
Жауабы
S
S +4O2 -2
S +6O3 -2
FeSO4 -?
Мақсат қою . 1 мин
Тақырып : Күрделі қосылыстардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерін қалай анықтаймыз?
(Тақырыпты дәптерлеріне жаздырамын)
Жаңа материалды түсіндіру . 15 мин
№ 3 тапсырма
FeSO4 - қандай зат , оның құрамындағы әр элементтің тотығу дәрежелерін қалай анықтаймыз ?
Кітаптарыңнан Ṡ 66. 176 бет бойынша топтарыңмен талқылап жұмыс істеңдер.
Темір ( 11) сульфатындағы күкіртің тотығу дәрежесін анықтайық:
Химиялық қосылыстардағы атомдардың барлық тотығу дәрежесінің қосындысы нөлге тең .Осыған сүйене отырып, күрделі зат молекуласындағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтауға болады.
Fe +2 S х O4 -2
(+2)+х+(-2)*4=0
2+х-8=0
х= 8-2= 6
х = +6
KMnO4
K +1 Mn х O4 -2
(+1)+х+(-2)*4=0
1+х-8=0
х= 8-1= 7
х = +7
K 2Cr 2 O 7
Al 4 C 3
K 2 +1Cr 2 +6 O 7 -2
Al 4 +3 C 3 +4
Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу. 10 мин
№ 4 тапсырма
Жұмыс дәптері 132 бет № 30 тапсырма
1- топ Мына қосылыстардағы хлордың тотығу дәрежелерін анықтаңдар
HCl, Cl 2, HClO, HClO 2, HClO 3, HClO 4
2- топ Мына қосылыстардағы фосфордың тотығу дәрежелерін анықтаңдар
PH 3,HPO 3, H 3PO 4, H 3PO 3
3- топ Мына қосылыстардағы күкірттің тотығу дәрежелерін анықтаңдар
ZnS,SO 2,H 2S,SO 3,H 2SO 3
Дұрыс жауабы :
1- топ Мына қосылыстардағы хлордың тотығу дәрежелерін анықтаңдар
H +1Cl -1, Cl0 2, H +1Cl +1O-2 , H +1Cl +3O -2 2, H +1Cl +5O -2 3, H +1Cl +7O -2 4
2- топ Мына қосылыстардағы фосфордың тотығу дәрежелерін анықтаңдар
P -3H +1 3,H +1P +5O -2 3, H +1 3P +5O -2 4, H +1 3P +3O -23
3- топ Мына қосылыстардағы күкірттің тотығу дәрежелерін анықтаңдар
Zn +2S -2,S +4O 2 -2,H 2 +1S -2,S +6O 3 -2,H 2 +1S +4O 3 -2
( Әр топтан кім қай қосылыстың тотығу дәрежесін тапты сол бойынша тақтаға шығарып топпен шешкен жауаптарын тақтаға жаздыру және тақтамен салыстырып дұрысын дәптерлеріне жаздыру.)
Бекіту . 3 мин
№ 5 тапсырма
Ә.Е.Темірболатова "Химия есептері мен жаттығулары жинағы " 2004 жыл 103 бет,№ 6-33 жаттығу
Құрамында азоттың тотығу дәрежелері +1,+2,+3,+4,+5 болатын оксидтердің молекулалық формулаларын қалай жазуға болады және салыстырмалы молекулалық массаларын есептеңдер.
Жауабы :
N 2 +1O-2, N +2O-2, N 2 +3O 3-2, N +4O 2 -2, N 2 +5O 5 -2
44 30 76 46 108
Үйге тапсырма беру . 3мин
Үш тақтайшада әр түрлі реагенттер берілген .Осы реагенттермен қандай реакциялар жүргізуге болады ?
Реакция теңдеулерін жазып теңестіріңдер
Қандай өзгерістерді байқадыңдар?
Қандай реакция типіне жатады?
Реакциядағы элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгерісін бүгінгі сабақпен қалай байланыстыруға болады?
Ṡ 66. 176 бет
Na + H2 O → NaOH + H2
Fe +HCl → FeCl2 + H2
CuSO4 + Fe → Fe SO4 + Cu
Бағалау парағымен жұмыс. 1мин
Оқушының Аты- жөні |
№1 тапсырма |
№2 тапсырма |
№3 тапсырма |
№4 тапсырма |
№5 тапсырма |
№6 тапсырма |
Орта Баға |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша тапсырмалар:
Тест тапсырмалары
Тотығу дәрежесі +4 ке тең
а) CO2 ә) K2O б) HF в) H2O
Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?
а) FeS ә) F2 б) CaF2 в) Ca3(PO4)2
Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта
а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2
Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
а) үнемі оң б) бірде оң, бірде теріс
ә) үнемі теріс в) нольге тең
Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?
а) -6 ә) -4 б) -2 в) 0
Жауаптары :
1 |
а |
2 |
ә |
3 |
ә |
4 |
а |
5 |
б |
Формуласын құрыңдар, тотығу дәрежесі анықтаңдар.
а) Al және F
б) Mg және P(ІІІ)
в) Li және N (ІІІ)
Массасы 6 грамм магний жанғанда түзілген магний оксидінің (MgO) массасын және зат мөлшерін есептеп шығар
Топтың аты:
Оқушының Аты- жөні |
№1 тапсырма |
№2 тапсырма |
№3 тапсырма |
№4 тапсырма |
№5 тапсырма |
№6 тапсырма |
Орта Баға |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісі:
№ 1 тапсырма " Маңызды тоғыз түйін"
Тотығу – Электрондарды беру процессі
Тотықсыздану – Электрондарды қосып алу процессі
Тотықтырғыш – Реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар
Тотықсыздандырғыш – Реакцияларда электрондарды беретін атомдар немесе иондар
Жай заттардың құрамына кіретін элемент атомының тотығу дәрежесі нөльге тең.
Сутектің тотығу дәрежесі гидридтерден басқа қосылыстарды +1 тең.
Оттектің тотығу дәрежесі пероксидтер мен фтор қосылыстарынан басқа қосылыстарында -2 тең.
Қосылыстың құрамындағы барлық атомдардың тотығу дәрежесінің қосындысының жиынтығы нөльге тең.
Иондағы атомдардың тотығу дәрежесінің жиынтық қосындысы ион зарядына тең болады.
Тақырыбы : Азот тыңайтқышы
№ 1 Тапсырма
Латын тілінен аударғанда тыныс алуды қолдамайды, бірақ ақуыз құрамына енетін бейметалл, ауадан оны түйнек бактериялары сіңіре алады. Ол қандай бейметалл?
Жауабы : Азот бейметалы
№ 2 тапсырма
1 |
Азот өсімдіктер мен жануарлар нәруызының негізгі құрам бөлігі |
Иә / жоқ |
2 |
Жануарлар мен адамдар азот өсімдіктер арқылы қабылдайды |
Иә / жоқ |
3 |
Азот ақ және қызыл түрөзгерістері бар |
Иә / жоқ |
4 |
Азот улы емес |
Иә / жоқ |
Жауабы : Иә , Иә , Жоқ, Иә.
№ 3 Тапсырма
Сіреңкенің қорабының жанына жағылған қоспа
а) Қызыл фосфор мен шыны ұнтағы
в) Күміс нитраты
г) Ақ фосфор
д) Ортафосфор қышқылы
Жауабы : А
Тақырыбы :
№ 1 Тапсырма
Жер қыртысындағы мөлшері бойынша кремнийден кейін екінші орында орналасқан . Табиғатта кең таралған элемент. Бұл қандай бейметалл ?
Жауабы : Бром
№ 2 Тапсырма
1 |
Бром жер қыртысындағы мөлшері бойынша кремнийден кейін екінші орында орналасқан |
Иә / жоқ |
2 |
Табиғатта бром сұйықтық ерітінді түрінде кездеседі . |
Иә / жоқ |
3 |
Бром органикалық заттардың құрамында кездеспейді. |
Иә / жоқ |
4 |
Бром минералдар мен тау жыныстарының құрамындағы басты элемент . |
Иә / жоқ |
Жауабы : Иә , Жоқ , Иә , Жоқ
Тақырыбы : Фосфор тыңатқышы
№ 1 Тапсырма
Көкеніс сақтайтын қоймаларға фосфор ( 5) оксидінің ұнтағын себеді. Себебін түсіндір .
Жауабы : Фосфор ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін қолданылады .
№ 2 тапсырма
1 |
Фосфор өсімдіктер мен жануарлар нәруызының негізгі құрам бөлігі |
Иә / жоқ |
2 |
Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдіктер арқылы қабылдайды |
Иә / жоқ |
3 |
Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерістері бар |
Иә / жоқ |
4 |
Ақ фосфор улы емес |
Иә / жоқ |
Жауабы : Иә , Иә , Иә , Жоқ.
№ 3 Тапсырма
Сіреңкенің қорабының жанына жағылған қоспа
а) Қызыл фосфор мен шыны ұнтағы
в) Күміс нитраты
г) Ақ фосфор
д) Ортафосфор қышқылы
Жауабы : А
Тақырыбы : Кремний
№ 1 Тапсырма
Жер қыртысындағы мөлшері бойынша оттектен кейін екінші орында орналасқан өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қыздырып алады . Табиғатта кең таралған элемент. Бетон , кірпіш құрамындағы бейметалл қандай ?
Жауабы : Кремний
№ 2 Тапсырма
1 |
Кремний жер қыртысындағы мөлшері бойынша оттектен кейін екінші орында орналасқан |
Иә / жоқ |
2 |
Табиғатта кремний оксид және силикат түрінде кездеседі . |
Иә / жоқ |
3 |
Кремний органикалық заттардың құрамында кездеспейді. |
Иә / жоқ |
4 |
Кремний минералдар мен тау жыныстарының құрамындағы басты элемент . |
Иә / жоқ |
Жауабы : Иә , Иә , Жоқ , Иә
№ 3 Тапсырма
Кристалдық кремнеземнен қандай заттар алынады ?
а ) қопарғыш заттар
в ) оптикалық линза
c ) зергерлік бұйымдар
д ) құрлыс заттар
Жауабы : В
Абылай хан атындағы №4 орта мектеп
Есік қаласы 17.11.2012 ж
келісемін Бекітемін
ӘБ жетекшісі Мектеп директоры
---------------------------- --------------------------
Л.И .Рока И.И. Қатубаев
Ашық сабақ тақырыбы: Азот қышқылы.
Қолданылуы
Сынып: 9"Б"
Пән иесі: Ерболат Шолпан
Сабақ реті № 22
Сабақтың тақырыбы: Азот қышқылы. Қолдануы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға азот қышқылының құрлысы ,физикалық және химиялық қасиеттері туралы толық мәліметтер беру
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың іскерлігін ,өз бетімен іздену ой-өрісін , шығармашылық мүмкіндігін , ғылыми көз - қарастарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз бетімен жұмыс істеп , өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге үйрету.Өздігінен талпынып , жауапкершілікті сезінетін сапалы , өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Бекіту сабағы.
Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: Оқушылармен бірлесе отырып түсіндіру,есептер шығару.
Сабақтың кӨрнекіліктері: интерактивті тақта,химиялық реактивтер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
II. Білімді жан-жақты тексеру: ( ауызша сұрақтар беру).
Қай топтың элементтерін өтіп жатырмыз ? (5 А - топ)
Азотқа сипаттама. (2- период, 5- топ , Z=7 ,Ar = 14)
Азоттың қандай қосылыстарын білеміз ,олардың тотығу дәрежелерін көрсетіңдер.
( N -3H3 , N 02, N +1 2O, N +2O, N +3 2O3, N +4O 2 , N +52O5 )
+5 тотығу дәрежесін көрсететін тағы қандай азоттың қосылысын білеміз? (HNO3)
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Азот қышқылы.Қолданылуы.
Жоспар:
Алынуы.
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Қолданылуы
Ниттраттар
Алынуы:
1. Өнеркәсіпте
1
.
N -3H3
N +2O
N +4O
2
HNO3
4N H3 +5O 2 = 4NO +6H 2 O
2NO+O 2 = 2NO 2
4NO 2 + 2H 2O +O 2 = 4HN O 3 +Q
2. Лабораторияда.
Чили селитрасынан алынады:
2NaNO 3 + H 2SO 4 = 2HNO 3 + Na 2 SO 4
Физикалық қасиеттері:
HNO3 :
Түссіз
Өзіне тән исі бар
Сұйық
Тығыздығы - 1,51 г/см3
Қайнау температурасы - 86 0 с
Қату температурасы - 420 с
Лакмус индикаторын - қызартады
Құрылымдық формуласы:
H
O N O
O
Химиялық қасиеті.
Негіздік оксид 2HNO3 + CaO =Ca (NO3)2 + H2O
Ерімейтін негіз 2HNO3 + Cu(OH)2 =Cu (NO3)2 + H2O
Т
ұз
2HNO3
+ CaСO3
=Ca (NO3)2
+
H2O
+СО2
Азот қышқылы күшті тотықтырғыш ,сондықтан өте шабытты реакцияласады.Оны дәлелдеу үшін аздап шала жанған ағашты қыздырылған концентрациялы азот қышқылына апарса болғаны ,оттекте жанғандай лап ете түседі.
Сол сияқты қыздырылған концентроциялы азот қышқылына бір тамшы скипидар тамызса,ол тез тұтанады.
Жарықтың әсерінен азот қышқылы азот (IY) оксидіне,суға және оттекке ыдырайды:
4HNO3 = 4NO2 +O2 +2H2O
Металдармен азот қышқылы әрекеттескен кезде сутек газы бөлінбейді.
HNO3 концентрлі +активті металл = нитрат + NO + су
+ активсіз металл = нитрат + NO2 + су
+ бейметалл = қышқыл + NO2 + су
HNO3 сұйытылған +активті металл = нитрат + N 2O 3 + су
+ активсіз металл = нитрат + NO + су
+ бейметалл = газ + NO2 + су
Концентрациялы азот қышқылы тотықсыздандырғыштармен әрекеттескенде тотығу дәрежесі төмен азот оксидтері NO , NO 2 , N2 ретінде бөлініп шығады.
Металдардың кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдар азот қышқылымен әрекеттеседі.Оған дәлел ретінде тәжірибе жасайық : сынауықтың түбіне мыс жаңқаларын салып , үстіне концентрациялы азот қышқылын құйып қыздырғанда , реакция шабытты жүріп, қоңыр түсті газ бөлінеді.Ол азот (IY) оксиді.Азот қышқылының ерітіндісіндегі тотықтырғыш сутек ионы емес , тотығу дәрежесі 5 - ке тең азот. Ол мысты тотықтырады, ерітінді көкшіл түске боялады,азот +4 -ке дейін тотықсызданып, азот диоксидіне айналады:
4
HNO3
концентрлі
+ Cu = Cu (NO3)2
+
2 NO2
+ 2 H2O
Cu0 - 2 e- = Cu+2 1 тты тзш
N+5 + e- = N+4 2 тзы ттш
8 HNO3 сұйытылған + 3 Cu = 3 Cu (NO3)2 + 2 NO + 4 H2O
C
u0
- 2 e-
= Cu+2
3 тты тзш
N
+5
+ 3 e-
= N+2
2 тзы ттш
Азот қышқылының металдармен әрекеттесіп, әртүрлі өнімдер түзуі :
1. Металдың белсенділігіне
2.Қышқылдың
концентрациясына байланысты.
H
NO3
концентрлі
+ Al , Fe , Cr
себебі металдардың сыртында тұрақты оксидтік қабат түзіледі.Сондықтан азот қышқылын болат және альюминий цистерналарда тасымалдауға болады.
Қолданылуы:
1.Минералды тыңайтқыштар
2.Қопарғыш заттар
3.Дәрілік заттар
4.Бояулар
5.Пластмассалар
IY Бекіту
1.Т отығу дәрежелерін қойыңдар
NH 3 + HCl = NH 4Cl
NH3 + O2 =NO + H 2O
NH 3 = N2 + 3H2
2.Концентрациялы азот қышқылының сынаппен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Hg +4HNO3 концентрлі = Hg (NO3)2 + 2 NO2 + H2O
3. Cұйытылған азот қышқылының магний активті металымен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
4Мg + 10 HNO3 сұйытылған = 4Мg (NO3)2 + N 2O 3 + 5H2O
Y Бағалау
VI. Үй тапсырмасын беру: § 16 № 3-4есептер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген