Материалдар / Ашық сабақ 9-сынып "Әдептен озбайық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 9-сынып "Әдептен озбайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып мұғаліміне арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
539
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: 21

Сынып: 9

Тақырып: Әдептен озбайық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Мейірімділік, ізгілік, құрмет көрсету, сыйлау.


Сабақ мақсаты: Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығын ашу.

Міндеттері:

Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп

нормаларын түсіндіру;

Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Интерактивтік тақта,компьютер, түрлі түсті қағаздар, видео ресурстар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

1.Тыныштық сәтi.

Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл – күй орнату.

Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.

«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл – күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

21 сабақ. Ж.Бейсенбаевтың «Студент қыздың әңгімесі мәтінін оқып келу.

«Студент қыздың әңгімесі» мәтінін қонақ студентпен сұхбат арқылы оқушыларға тыңдатып, пікірлесу.

Сұрақтар:

Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырды?

Олардың істегендері дұрыс па?

Оларға қандай ақыл кеңес берер едіңіз?

Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?

Ой түйіндеу:

Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда  киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлесуіне байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір  адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады.

Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.

«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін».

И.Гете

Дәйексөздің мағынасын ашпас бұрын, қатар бойынша қайталату.

2-3 балаға оқыту.

(Дәйексөздің мағынасын ашу)

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?


4.Мәтінмен жұмыс. Мұғалімнің сыйы.

«Ата-анаға құрмет» видео ресурс

https://www.youtube.com/watch?v=Z6WHo2xEMTg

(Оқушылар ойларын ортаға салады)


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып үш топқа бөлінеді.

1.Слайдта көрсетілген  үш мақалды үш топ талдап , өз ойларымен толықтырып ой бөліседі.

"Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзінің айтылғанымен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі.

"Сәлем түзелмей әлем түзелмейді» Амандасу — адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді.

"Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен

шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер

адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.

2. «Аялы алақан» ойыны

Берілген көгершін суреттеріне қоғамдық орындарда, көшеде, іссапарда, театрда кездесетін әдеп қағидаларын оқушылар жазып,өз ойын айтып, аялы алақанға орналастырады.

6.Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.


Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


7.Үй тапсырмасы.

22 сабақ. 102 бет. Жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беру.


8.Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)

Ыңғайланып отырып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Барлығынды жақсы деп бағалаймын. Сабақ аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!