жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 9-сынып Батыс Қазақстан. Шаруашылықтың қалыптасу ерекшеліктері. Халқы.
Ашық сабақ
11. 04. 2019ж 9-сынып география
Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан. Шаруашылықтың қалыптасу ерекшеліктері. Халқы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Батыс Қазақстан. Шаруашылықтың қалыптасу ерекшеліктері және халқы жайында түсіндіру, білімін, ойын, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар Батыс Қазақстан. Шаруашылықтың қалыптасу ерекшеліктері және халқымен танысып талдау жасай, салыстыра білуі.
Негізгі идеясы: Оқушылар тапсырмаларды бірлесіп орындайды, топпен жұмыс жасайды, бір-бірін бағалайды.
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Дерек көзі |
Кіріспе 1мин
|
-Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. -Сынып тазалығына көңіл аудару. -Сабаққа дайынсыңдар ма?
|
Иә дайынбыз деп оқушылар зейіндерін сабаққа аударады.
|
Бағалау парағы |
2мин |
Психологиялық дайындық. Қане, өзімізге жақсы көңіл-күй сыйлап алайық. Мен сабақты «Қазақстан картасы» атты өлеңмен бастағым келеді.(Ермек Өтетілеуұлы) Алматы-абат астаналық облыс. Ақтөбе-өлке, ақ тарысы мол ырыс. Атырау-мол Қазақстан мұнайы Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы. Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы. Көкшетау-көп-көгілдір көл аймағы. Қарағанды-қара алтынның қоймасы. Қостанай-құт, қызыл бидай қамбасы. Қызылорда-күрішті Сыр сағасы Орал-көне Ақ Жайықтың жағасы. Өскемен-өр, шығыста Алтай саясы. Павлодар-Қара Ертістің саясы. Петропавл-солтүстігім орманды. Семей-аңыз, Шығыстаудай қорғанды. Талдықорған-жер жанаты, көп бағы. Ақмола-Арқада ыстық алқабы. Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.
Оқушыларға өз есімдеріне сын есімді тіркеп айтуды ұсынамын.
Еліміздің Батыс өңіріндегі негізгі қалаларды атаңдар? Оралым танығанға жайдарысың, Ақтау сен де намыс айбарысың. Ақтөбе ел мен жердің кіндігісің, Атырау-төкпе өнердің аймағысың. |
Ережені оқушылар өздері айтады.
Оқушылар өз есімдеріне сын есімді тіркеп айтады. Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау-осы төрт қала бойынша 4 топқа бөлінеді.
Топ жетекшісін сайлау Уақыт белгілеушісін сайлау |
планшет |
5мин «Миға шабуыл» |
Тұсау кесер Үй тапсырмасы «Қазығұрттың басында» 1.Шығыс Қаз-ғы ірі қалалар саны? 2.Шығыс Қаз облысының әкімшілік орталығы? 3.Мырыш өндіру бойынша ауданда 2-ші орын алатын қала? 4.Иванов жотасының етегінде орналасқан қала? 5.Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге маманданған қала? 6.Шығыс Қаз облысы қала тұрғындары санының өсуі қандай саласымен байланысты? 7.Тамақ өнеркәсібіндегі жетекші саласы? 8.Мал шаруа негізгі саласы? 9.Өсірілетін негізгі техникалық дақылы? 10.Топырақтың қандай түрі басым? 11.Ең ірі электр стансалары? 12.Шығыс Қаз-ғы өндірістің негізгі орталықтары? Сурет бойынша (Семей, Өскемен, Ертіс өзені, Абай Құнанбаев) |
Оқушылар жауап береді. (Таудың суреті) 1-10 қала
2-Өскемен
3-Риддер
4-Риддер
5-Семей 6-Тау-кен өнеркәсібі және түсті металлургия 7-Ет өнеркәсібі 8-Қой шаруашылығы 9-Күнбағыс 10-Сұрғылт және қара топырақ 11-Шүлбі, Бұқтырма, Өскемен 12-Зырян, Риддер, Өскемен Оқушылар жауап айтады. |
Алматы «Атамұра» 2013ж В.Усиков,Т.Казановская Бейнелі суреттер |
9мин Мағынаны ашу |
Ой қозғау Оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады. 1-Еліміздің қай өңірінде мұнай көп шоғырланған? 2-Қазақтың үш жүзінің ішіндегі Кіші жүздер мекендеген аймақ қай өңір? Жаңа сабақты түсіндіремін. Батыс Қ аумағы бойынша рес-ғы ең үлкені.Теңіз көлік жолы бар жалғыз аудан.Теңіз арқылы Иран, Әзірбайжан, Ресеймен тікелей байланыс жасаймыз.Көп бөлігі жазықты, тек солт-шығ Мұғалжар, оңт Маңғыстау таулары бар.Ж-ш аз түседі, су тапшы.Мұнда мұнай, газ, хром, никельдің бай қоры бар.Жер қойнауында басқа да пай қазбалар бар.... Қаз. ең алғашқы мұнай фонтаны 1899ж Ембіде атқылады.Мұнай кен орындары шоғырланған 14 маңызды алап бар.1911ж Доссор, 1915ж Мақат кен орындары игерілді.Мұнайдың қоры Каспий қайраңында шамамен 7млрд т, газ конденсаты-1,6 млрд т және табиғи газ 5,9 трлн м3.Каспий қайраңында: Қашаған, Құрманғазы,Ақтоқты. Маңғыстаудың ірі кен орындары: Қаламқас,Қаражамбас (Бозащы түбегі)Ең алғаш салынған мұнай өңдеу зауыты Атырауда.Елде 3мұнай өңдеу зауыт- Атырау, Шымкент, Павлодар.Шымкент, Павлодар м.ө.з.шикі мұнайды Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры арқылы келетін Батыс Сібір мен Қызылорда обл Құмкөл мұнай к орынд жұмыс істейді. Соңғы жылдары өнеркәсіп орындарының көбеюіне байланысты халық саны артып келеді.Қазір ел халқының 14% құрайды.Аудандағы ЭБХ үлесі 73%, жұмыссыздар саны 5,3% құрайды... БЕЙНЕфильм (50-60сек) |
Оқушылар бірінен соң бірі сұрақтарға өз ойын айтады |
Түсіндіру сәті.
|
12мин |
«Постер жасау» (уақыт-2мин) Каспийдің болашағы-2топқа (ластануы) 2-топқа (гүлденуі) |
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, постерге сурет салады.Постерді бір оқушы баяндайды. |
Постер, құрал-са
|
1мин |
Сергіту сәті «Мылқау карта»- ойыны Әр топтан 1 оқушы шығады. |
Бұл ойында оқушылар кескін карталардың арасынан топ атына сәйкес өз облыстарын жылдам табу керек. |
Кескіндеме карта
|
3мин |
Оқулықпен жұмыс «Бір қадам алға» 1.Батыс Қазақстанмен шектеспейтін аймақ?-Шығыс 2.Батыс Қаз облысының әкімшілік орталығы?-Орал 3.Ауданның солтүстігіне түсетін жауын-шашын мөлшері?-250-400мм 4.Каспий маңына қай облыстардың аумағын жатқызамыз?-Маңғыстау-Атырау 5.Хром және никель өндіретін облыс?-Ақтөбе 6.Доссор, Мақат, Прорва кен орындары бар облыс?-Атырау 7.Ақтөбе обл-ң урбандалу деңгейі?- 62% 8.Батыс Қазақстанның негізгі байлығы?-Мұнай мен газ 9.Батыс Қазақстандағы қорық?-Үстірт 10.Осы өңірден ағатын бірнеше өзенді ата?-Ор, Ырғыз, Сағыз, Торғай, Ойыл, Жем. |
Оқушылар тиісті мәлімет айтады. Сұраққа көп жауап берген оқушы сыйлықты алады. |
Оқулық, карта, сыйлық
|
2мин |
Картамен жұмыс «Кім жылдам?» ойыны Батыс Қазақстан өңіріндегі пайдалы қазба кен орындарын жылдам жазу. Қай топ көп жазса, сол топ жеңімпаз. (уақыт 50 сек) |
Картаны пайдалана отырып, оқушылар Батыс өңірінде кездесетін кен орындарын жылдам жазады. |
Кеспе қағаздар |
Қоры-тындылау 5мин |
Бүгін біз не үйрендік? «Детальдарын қосу» (конверт бойынша тапсырмалар)
|
Оқушылар жаңа тақырып бойынша толық мәліметтер келтіріп, сабақты қорытындылайды. |
Алматы «Атамұра» 2013ж
|
2мин |
Бағалау Топтық бағалау Фармативті бағалау |
Топ жетекшісі баға қояды.
|
Смайлик тер |
2мин |
Рефлексия Кері байланыс
|
Бүгінгі сабақтың ұнағандығын, қиындығын,қандай сезімде болғандығын жазады. |
стикер |
1мин |
Үй тапсырмасы: Кескін картаға Батыс Қазақстанды түсіру. 6-тапсырманы орындау 323 бет |
Оқушылар үйде тапсырманы орындайды. |
оқулық |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген