400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 9 сынып "Емтихан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 9 сыныпта тақырыпты ашу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер ұсынылған. Оқушылармен топпен, жұппен жұмыс жүргізу арқылы нәтижеге жетуге болады. Мұғалімге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып. Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Емтихан 
Сабақтың мақсаты: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Емтихан» тақырыбы бойынша жаңа білімдерін қалыптастыру. 
Міндеттері: 
1) оқытушылық: 
-Топтарды қалыптастыру, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету; 
- Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру; 
- қалай оқу керектігіне және өзін-өзі бағалай алуға үйрету; 
2) дамытушылық: 
- Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; зат есім туралы білімдерін бекіту. 
3) тәрбиелік: 
- Серіктестік қарым – қатынас орнату; Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу; өнерді қастерлеуге тәрбиелеу . 
Көрнекілігі: Сурет, тірек сызба, кесте, парақшалар, тапсырма сұрақтары, слайдттар 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Әдіс - тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ –жауап,СТО стр, көрнекілік әдісі, тренинг «25- кадр», «миға шабуыл», клоуз – тест, интерактивтік, «Білім бұтағы» әдісі, шығармашылық, «Иә-Жоқ» әдісі. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
1) Сәлемдесу; 
2) Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру; 
3) Психологиялық жағымды ахуал туғызу. 
4) Топқа бөліну: 1,2,3 нөмірлі қималардан 1 қиманы алып, сол қимадағы нөмірге сай топтасады. 
5) Топ капитаны тағайындалады. Капитандарға бағалау парағы тапсырылады. Олар өз топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады. 
6) Сабақтың құрылымымен танысады. 


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Білім бұтағы» әдісі. Оқушылар сұрақтарға жауап беру керек. Сөздік түрлерін сұрау.
 ІІІ. Жаңа білімді меңгерту 
І. Қызығушылықты ояту. Тақырыпқа шолу («миға шабуыл» , слайдтар) 
Емтихан дегенде қандай ой келеді?
ІІ. Мағынаны тану: жаңа сөздермен танысу. 
1-тапсырма. Жұппен оқып, ең негізгі мазмұнын айтады.
2. ЖИГСО– ұжымдық оқыту әдісі арқылы ұйымдастырамын. Мәселені алдымен жұпта, содан кейін ұжымда талқылау. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігін ескертемін. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушыныға байланысты екенін түсіндіремін. 
2-тапсырма.
І топ: Оқырмандар тобы. Мәтіннің мазмұнын айтады. 
ІІ топ: Сөздіктер тобы. Мәтін ішінен жаңа сөздерді тауып аудармасын табады.
ІІІ топ: Сөз шеберлері тобы. 2-топ ұсынған жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдер тақырыбы жағынан бір бірімен байланысты болу керек. 
IV топ: Тілшілер тобы. Мәтін бойынша сұрақ- жауап дайындайды. 

ІІІ. .Слайдтар бойынша грамматикаға байланысты емтихан тапсырады.

ІV. Дәптермен жұмыс. Бұл жұмыс 3 -тапсырма. Әр топ мүшесі бір тапсырманы алып орындайды. Спикер тапсырмаларды топ ішінде үлестіріп береді және орындауға берілген уақыттың сақталуын қадағалайды. 
Мақсаты: Лексикалық және грамматикалық білімдерін бекіту, уақытты үнемдеу, жауапкершілікке тәрбиелеу. . 

3-тапсырма: Ойлан....

«Мен емтихан тапсырамын?..»

Мен емтиханды қалай тапсырар едім?

V.Жауаптарын салыстыру. «Иә-жоқ» әдісі. Оқушылар жауап парақтарына белгілейді. Топ командирлері жауаптарын тексереді, баға қояды.  Иә .Жоқ 
1 .Мен емтихан тапсырсам, бар күшімді дайындалуға жұмсаймын.
2. Күні бойы ұйықтар едім. 
3. Барлық өтілген тақырыптарды қайталар едім.
4. Қорыққаннан ештеңе істемес едім.
5. Өз білімімді көрсетер едім. 


Бағалау шкаласы: 
«5»- 5 
«4» - 4 
«3» -3 


VІ. Қорытынды.
VIІ. Рефлексия. 
- «Смайлики». Оқушылар алдарында жатқан қызыл, сары, жасыл түсті стикерлерге сабақтан алған әсерлерін білдіретін смайликтерді салып тақтаға іледі. Қызыл – көңілді, сары - әсер еткен жоқ, жасыл – көңілсіз. 
VІІІ. Үйге тапсырма. 

Х.Бағалау парағы 

Үй тапсырмасы :Мәтінмен жұмыс



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
918
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі