400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 9 сынып “Масштабтар. Сызба қаріптері

Материал туралы қысқаша түсінік
бейнелеу өнері мен сызу пәнінен сабақ беретін мамандарға жазылған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Масштабтар. Сызба қаріптері»

Мақсаты: Оқушыға сызба қаріптері жөнінде жалпы ережелермен таныстыру, сызба қаріптерінің түрлерін жазуға дағдыландыру, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар қаріптердің ережелерін, өлшемдерін сақтай отырып жазып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері: практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: плакат, тақта, бор, сызу аспаптары, жұмыс дәптері


Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй жұмысын тексеру. Сызған сызбаларын тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Масштабтар дегеніміз тетік кескіннің өлшемдерінің оның нақты өлшемдерінен қанша есе артық немесе қанша есе кем екендігін көрсететін сан. Сызбалардағы кескіндердің масштабтарын және олардың белгілеулерін стандарт тағайындайды.

Кішірейту масштабтар – 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5

Үлкейту масштабтар – 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1

Нақты өлшем – 1:1

Масштабтарды былайша жазып көрсетеді: М1:1; М1:2; М5:1


Қаріп – әріптердің, цифрлардың және сызбадағы белгілердің жиыны. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген. Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі(һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызба қарпінің қабылданған өлшемі: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.

Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қатең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену – қол өнерінің бір түрін меңгеру. Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады:

Г, З, С әріптері үшін g – 5d; А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g - 7d;

Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g - 8d, қалған әріптері үшін g - 6d.

Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с. с. болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады.

Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм немесе 7мм қарпімен толтырады.











Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб цифрлар

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П,

С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я

а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п,

с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь, э, ю, я

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9



  1. Өзіндік жұмыс

Үйренгенше тор сызып бас әріптердегі, сандарды және белгілерді жазу.


5. Бағалау. Қаріптерді дұрыс және таза жазу арқылы бағаланады.


6. Үйге жұмыс. Дәптеріне өлшемі 10 болатын Б түріндегі қаріппен өз аты-жөнін, туған ауылының атын бас әріптермен жазу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 маусым
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі