400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 9 сынып. Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары бойынша оқушыларға ұлы нәубет жылдары қазақ халқының басына түскен ауыртпалықтар туралы білімін толықтыруға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып Қазақстан тарихынан қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3 А. Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде

Мектеп: Н.Есеболатов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аханбеков С.Ж.

Сынып: 9

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақтақырыбы:

Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды ?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.4.1.2. күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;

9.1.1.1.демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Кеңестік ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістерді түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кеңестік ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістердің себептерін анықтайды, баяндайды

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кеңестік ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістердің себептерін анықтай отырып, өзіндік пікірін айтады

Жетістік критерийлері

Қолдану

Берілген статистикалық мәліметті диаграммаға түсіре алады

Зерттеушілік дағды

Деректің авторын, әлеуметтік тегін, жазылу мақсатын,дерек ретінде құндылығы мен шектеулігін анықтай алады

Сыни тұрғыдан ойлау

ашаршылықтың себептерін, ұжымдастыру саясатының зардаптарын анықтап, талдайды.



Тілдік мақсаттар



Пәнге тән лексика мен терминология:

ұжымшар, ұжымдастыру, кулак, геноцид, депортация, босқын, қосшы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ұжымдастыру Қазақстандағы демографиялық ахуалға әсерін тигізді...

Қазақ зиялыларыны Кеңес үкіметінің саясатын қолдады/қолдамады... Себебі...

«Халық жауы» қатарына келесі таптар өкілдері жатқызылды...

Дәстүрлі құндылықтарөзгерді/өзгермеді... Себебі...

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» идеясынан «Ортақ тарих, мәдениет және тіл» құндылығы Қазақстандағы Ұжымдастыру саясатының кемшіліктері мен зардаптарын талдау барысында іске асады.

НЗМ құндылықтарынан «Құрмет пен ашықтық», «Функционалды сауаттылық», «Азаматтық жауапкершілік» сабақ бойы жүзеге асады.

Пәнаралық

байланыстар

Дүние жүзі тарихы пәнінен Ұжымдастыру саясаты туралы білімін қолданады.

Қазақ тілі пәнінен өз ойын дұрыс жеткізу дағдысы пайдаланады.

АКТ

қолдану дағдылары

Мүмкін болған жағдайда интернет желісі арқылы деректерді табады.

Бастапқы білім



Оқушылар Кеңес үкіметінің орнығуы және алғашқы жылдардағы іс-әрекеттері,саяси-экономикалық реформалары, тоталитарлық жүйенің қалыптаса бастауы туралы біледі.Оқушылар 9.2 А. бөлімінде алған білімдерін қолданады

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



(Б)Суретпен жұмыс.

  • Мына сурет қай жылдарға қатысты?

  • Неліктен адамдар жол үстінде бейнеленген?

  • Мұны немен түсіндіруге болады?

  • Олар қайда кетіп барады?

  • Бұл суреттегі ақпараттың құндылығы неде?

Сұрақтар арқылы слайдтағы сурет бойынша диалог құрып, тақырыпқы шығу.


Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, жетістік критерийлері хабарланады.

Ашаршылық туралы бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=ncq26Ai5Yco

0-55сек, 7.01-7.45


Сабақтың ортасы

(М) Презентациялық материалдар қолданып тақырыпқа қысқаша шолу жасалады.

Ұлы нәубет сөзінің синонимдері қасірет, қайғы, ұлттық трагедия т.б. сөздеріне түсініктеме беру

(Б)Терминдермен жұмыс.


1

Ұжымдастыру


А)қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

2

Демография


В)ауқатты шаруа

3

Депортация


С)ұсақ шаруа шаруашылықтарын бiрiктiрудiң негiзiнде iрi социалистiк ауыл шаруашылық кәсiпорны, ауыл шаруашылықартельдерi т. б. етiп қайта құру;

4

Босқындар


D)белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланысын зерттейтін ғылым.

5

Қосшы


E)мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару.

6

Кулак


F)еңбекші, кедей шаруа


Бағалау. Оқушылар тақтада ұсынылған дұрыс жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.


Зерттеу және талдау

(Т\Ж)Зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін сыныпты төрт топқа бөліп, әр топқа естеліктер, мақалалар, статистикалық мәліметтері бар «құжаттар пакеті» беріледі.


1 топ: Ұжымдастыру қалай жүргізілді? Ұжымдастыру саясатының мәні, кезеңдері, жүргізілу барысын сипаттайды.

2 топ: Неліктен ұжымдастыру саясаты «Ұлы нәубетке» айналды?


Ұжымдастыру саясатының кемшіліктерін талдайды. Оқушылар әртүрлі деректерді салыстыру, талдау нәтижесі бойынша ұжымдастыру кезеңінің сипаты, ұжымдастыру саясатының келеңсіз жақтары туралы идеялар тізбегін жасау керек.


3 топ:Нәубет жылдарының демографияға қаншалықты әсері болды?

Демографиялық өзгерістерді статистикалық мәліметтерді талдау арқылы анықтайды. Бұл жұмыстың нәтижесі диаграмма арқылы көрсетілуі тиіс. Оқушылар өздері құрған диаграммаларын қорғап, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

4 топ:Ұжымдастыру саясатының нәтижесі

Ұжымдастыру саясатының зардаптарын (ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістер) талдай отырып, шаруалардың саясатқа қарсы көтерілістерін талдайды.

Талаптары:

Бұл жазбаның авторы кім, әлеуметтік тегі қандай?

Деректі жазудағы мақсаты неде?

Құжаттың дерек ретінде құндылығы мен шектеулігі неде?

Әр топ сынып алдында өз тапсырмаларын қорғайды.

Бағалау. Топтар бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.

Бағалау. Топтар бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.

Критерийлері:

  1. Тақырып мазмұнының ашылуы

  2. Дәлелдер келтіруі

  3. Ойын дәл жеткізуі

Мұғалімнің кері байланысы.


Т/Ж РАФТ әдісін қолданып әлеуметтік топтардың көзқарастары арқылы ұжымдастыру саясатына баға беріңіз.

Р – рөл, А – аудитория, Ф-форма (әдіс), Т-тақырып.

1-топ. Қазақ зиялылары (А- партия басшылары, Ф-хат)

2- топ.Еңбекші қауым өкілдері (А-ұрпақтар, Ф- естеліктер)

3-топ.Партия басшылары (А- еңбекші қауым, ф- үндеу)

4-топ.Бай, кулак өкілдері (А- қазақ зиялылары, Ф-арыз хат)

Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғайды.

Бағалау критерийлер арқылы ұйымдастырылады.

Зауал. Ашаршылық туралы деректі фильм.

http://www.astana-akshamy.kz/?p=661

Ашаршылықдеректіфильмі (Famine of 1920-1930s)

Ашаршылық туралы бейнематериал

https://yandex.kz/search/?text

3.58-8.48 мин



Әбжанов Х.М. ХХ ғасырдың 30-жж. басындағы Қазақстандағы ашаршылық: қылмыс пен жаза.

http://baq.kz/news/31669 Бесеудің хатынан үзінді

Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Қазақ университеті, 1992.

Қойгелдиев М.Қ,, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?. Ана тілі, 1993.

Әсіп С. Қазақ қасіреті; қоғамдық – саяси зерттеулер мен толғаулар. – Алматы: Қазақстан, 1999


Омарбеков Т. Зобалаң. – Алматы, 1994.

Махат Д. Баспасөз: сталиншілдіктің Қазақстанда орнығуы (1925-1956 жж.). – Астана: «Ана тілі-Ата тарих» баспа-зерттеу орталығы ЖШС, 2007.

Сабақтыңсоңы

Үй жұмысы

Рефлексия

Б Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды? сұрағына шағын ой толғау жазу тапсырылады.

-Күрделі

-Пайдалы болды

-Түсінікті болды



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқу жетістіктері жоғары оқушылар қорытынды шығарады.

Тілдік қабілеті жоғары оқушылар скофолдер болады

Топтар берілген критерийлері бойынша өзара бағалайды

Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасалынады

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Оқу ісінің меңгерушісі












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
4809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі