×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ
Құрметті аттестация тапсыратын ұстаздар аттестацияға арналған сұрақтар мен оның жауаптары дайын болды. Біз оны арнайы кітапша ретінде шығардық. Толығырақ: 8-(707)-358-15-26 осы номерге дәл қазір хабарласыңыз немесе ватсапқа жазыңыз.

Ашық сабақ 9 сынып «Тік бұрыштап проекциялау»

Автор:Жаналиева Жансая Сериковна
Бағыты: Сызу
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-06-12

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

бейнелеу өнері мен сызу пәнінен сабақ беретін мамандарға жазылған сабақ жоспары.

Тақырыбы: «Тік бұрыштап проекциялау» Мақсаты: Тік бұрыштаппроекция туралы білім беріп, логикалық тапсырма арқылы бекіту, сызба сызу дағдыларын арттыруға, сұрақтарға жауап іздеуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға мүмкіндік туғызу.Күтілетін нәтиже: 1. Бірлесіп ойларын ортаға сала алады;Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеруӘдістері: ақпараттық технология, СТО сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы, жұппен, топпен жұмыс, жетон арқылы бағалау.Құрал-жабдықтар: компьютер, оқулық, тақта, сызба құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.Жаңбырдың тамшылары жерге тікбұрышты болып түсіп жатыр, яғни, параллель тамшылар тікбұрышты деп аталады (2-слайд) ІІ Мағынаны тану Проекциялардың вертикаль жазықтығын таңдап аламыз. Көрушінің алдына орналасқан жазықтықты фронталь жазықтық деп атайды. Енді нәрсені алдыңғы жағынан қарай отырып, оның осы жазықтықтағы проекциясын құрамыз. Ол үшін жазықтыққа нәрсенің әр төбесінен, бір- біріне параллель сәулелер жүргіземіз.Жазықтықпен қиылысқан нүктелерді қосып нәрсенің проекциясын аламыз. (3-слайд) Алынған проекция бойынша нәрсенің тек екі өлшемін ғана білеміз: нәрсенің биіктігі мен ені және тесіктің диаметрі. Кейде жуандығын нұсқаменен беріледі. Ендеше бір проекция нәрсенің толық өлшемін көрсете алмайды. Мысалы, (4-слайд), осы проекция туралы қандай нәрсе екенін елестетуге бола ма? Жоқ. Бұл проекция арқылы түрлі нәрселер болуы мүмкін. (5-слайд) (6-слайд) Нәрсенің пішінін анықтау үшін екі проекцияда жеткіліксіз, мұндай жағдайда үшінші проекция қажет болады. Мысалы ( 7-слайд) Нәрсенің пішіні туралы толық ақпарат алу үшін өзара перпендикуляр үш жазықтыққа проекциялауды қолданамыз. Олар: фронталь, горизонталь және профиль жазықтықтар. (8-слайд)Бекіту. Әріппен берілген проекцияларының сандармен берілген көрнекі кескіндерін тап.(8-слайд) І топқа тапсырма: Нәрсенің екі проекциясын орындауІІ топқа тапсырма: Нәрсенің екі проекциясын орындау Ү Үй жұмысы.41-бет, 93-сурет


50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.