Сабақтың
тақырыбы:
|
Ұлттық
қолөнер ши тоқу технологиясы
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Алиева Г
|
Күні:
|
Қатысқан
оқушылар саны:
|
Қатыспаған
оқушылар саны:
|
Сыныбы:
9 «А»
|
|
|
Сабақ
негізделген оқу мақсаттары
|
Тақырыптың
маңыздылығымен танысады, ойын жеткізе
білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс
құруға, ойын тиянақтай білуге
дағдыланады.
Оқушыларда
әртүрлі бұйымдарды құрастыру кезінде
іс-тәжірбиелік білім мен біліктілікті
қалыптастыру.
Өз
халқының салт – дәстүрін сыйлауға,
құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге
тәрбиелеу. Шығармашылыққа баулу.
|
Сабақ
нәтижесі:
|
Тақырыптың
маңыздылығымен танысады, ойын жеткізе
білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс
құруға, ойын тиянақтай білуге
дағдыланады.
Оқушыларда
әртүрлі бұйымдарды құрастыру кезінде
іс-тәжірбиелік білім мен біліктілікті
қалыптастыру.
|
Оқытудың
тілдік мақсаты
|
Қазақ
тілінде- Ұлттық қолөнер
Орыс
тілінде- Национальное ремесло
Ағылшын
тілінде-
National craft
|
Бағалау
критерийі
|
Жеке,
топтық,топтық тапсырмаларды орындай
алады. Сабақ барысында тыңдаушының
назарын өзіне аудара алады.
|
Ресурстар
|
жиек
ағаш, түрлі-түсті тоқыма жіптер, ши,
қайшы, ПВА желімі,
кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап,
әңгімелеу, түсіндіру,ойын, көрнекілік.
Рефлексия
|
Пәнаралық
байланыс
|
тарих,
биология, бейнелеу өнері.геометрия
|
Сабақтың
жоспары
|
Жоспарланған
уақыт
|
Сабақ
барысы:
|
|
Сабақтың
басы
|
Сәлемдесу.
Топқа
біріктіремін: стикердегі жасырын
сөздер арқылы топқа біріктіру».
Оқушыларды стикердегі жасырын сөздерді
алып 1,2 топқа бірігіп отырды.
І-топ
, ІІ-топ
Психологиялық
ахуал қалыптастыру: Бір-біріне тілек
білдіру
Мақсаты:
қалыптастырушылардың көңіл-күйін
көтеру,жағымды эмоция туғызу.
Үй
тапсырмасын пысықтау. Суретке арқылы
ойларын айту
|
стикердегі
жасырын сөздер арқылы топтарға
бірігіді
|
Жаңа
білім
Қауіпсіздік
ережесі
1.Шиді
көтермеу жоғары
2.Қайшымен
жұмыс кезіндегі ереже
3.оқушылар
бір-бірімен жақын отырмау
4.Ши
шетін бекітіп отыру
|
Жаңа
сабаққа түсінік беріп өту.
Ши
тоқу халқымыздың ерте заманнан келе
жатқан өнер мұрасының бірі. Шиді
қолданатын мақсатына қарай бірнеше
түрге бөлген.
Мұндай
кереметтерді жасауда алдымен жиналған
шидің сабағын қабығынан аршып, оның
жарамды, жарамсызын бөліп алумен
басталады. Негізінен ши бұйымын сыртқы
көрінісіне қарап, үш түрге бөледі.
1.Ақ
ши,
2.Орама
ши,
3.Шым
ши.
.
Ақ ши дегеніміз – қабығынан аршылған,
оралмай тоқылған ши. Ақ шиді қазақ
«өре ши» деп те атаған. Ақ
шиді өре жасап құрт, ірімшік кептіруге
пайдаланған.
Өн
бойы тұтас оралмай, әр жерінен аралатып
оралатын шиді орама ши немесе ораулы
ши деп атайды Орама
шиді жылылық үшін керегенің сыртынан
айналдыра құрған.
Біркелкі
оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды.
Бұл шиді кейде «жез ши» деп те атау
ерте уақыттағы жез оралған кезден
қалған болса керек. Өн бойы өрнектелген
шым ши киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын
жерге қоршау ретінде пайдаланған.
Шым
ши әр түсті жіппен, жүнмен өрнектеліп
тоқылады. Ши — өте төзімді болып
келуімен бірге, қүнделікті өмірде
қолданылып, халық өнерінің қайнар
көзіне айналды.
Ши
еліміздің дала, шөлейт аймағында, тау
беткейлерінде, әдетте суға жақын
жерлерде өседі. Шилі жер қыста жақсы
мал жайылымы. Шидің сабағынанши
тоқылады, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан
сыпыртқы жасайды. Біздің ауылдың
маңайында ши қалың өседі. Сабаққа
қажетті табиғи материалды дайындауға
мүмкіндігіміз мол.
Шиді
қолданыста ұстауды жүзеге асырып,
осы бір өнерді заман талабына сай
түрлендіріп қажетті әсемдік бұйымдар
мен заттар жасау жолымен қайта
жандандыруға болады.
«Ас
ши ,Терезе жапқыш, Аяқ қап, Қазан
жапқыш, Ши қора, Ау, Қар
ұстағыш
Ши
қалпақ, Етхана, Мал соятын ши
,Есік,
Масахана
Киіз басатын ши, Кілем ши т.б»
Топтарға
тапсырма.А 4 парағына шидің үш түрінің
бірін сызу
1.Ақ
ши,
2.Орама
ши,
3.Шым
ши.
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Сергіту
сәті: Микрафон арқылы мақал мәтел
айту
Сарамандық
жұмыс
1.Қауіпсіздік
ережесін таныстыру.
2.Жиек
ағашқа ара қашықтығы 10-15 см. етіп жіп
керу.
3.Оқушылар
дайындап әкелген эскиздерін жіптің
астынан жиек ағашқа бекіту.
4.Шиді
суреттің төменгі шетіне қойып сурет
бойынша белгілер салу.
5.Белгілер
бойынша суретке сөйкес түсті жіптерді
орау.
6.Орапған
шиді алғашқы орнына қойып сабақ жіпті
шалып байлау.
Келесі
шиді алып алдыңғы шидің жоғарғы жағына
қойып белгілейміз. Осылай жиек ағаштың
шетіне дейін тоқып шығамыз. Байланған
жіпті жиек ағаштан босатып алып шидің
төменгі жиігіне шашақ жасап, жұмысымызды
аяқтаймыз.
|
Оқулық,
қабырғаға ілінген плакаттар
Түрлі-түсті
маркерлер.
Топтық
жұмысқа арналған ресурстар
|
Сабақтың
соңы.
Сабақты
бекіту.
|
Ой
қорыту. Жасаған жұмыстарын қорғау.
Сұрақтар
қою арқылы сабақты пысықтау
Ши
дегеніміз не? (Ши-астық
тұқымдасына жататын шөптесін
өсімдік
түрі. )
Шиді
не үшін пайдаланады?
Шидің
неше түрін білесіңдер?(
Ши ораудың екі түрі бар.
Біріншісі
— тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне
сала отырып орау;
Екіншісі
— жаңа өрнек сүретінін үлгісімен
тоқу.)
Шиден
тоқылатын заттарды ата: (Ас
ши ,Терезе жапқыш, Аяқ қап, Қазан
жапқыш, Ши қора, Ау, Қар
ұстағыш
Ши
қалпақ, Етхана, Мал соятын ши
,Есік,
Масахана
Киіз басатын ши, Кілем ши т.б)
|
Тақырып
бойынша түйген білімдерін жазады.
|
Кері
байланыс
Бағалау
|
«Білім
ағашы» кері байланыс.Бағдаршам арқылы
бағалау.
Стикерлер
жабыстыру.
Сабақ
соңында оқушылар өз ойларын жапырақ
тәріздес қағаздарға жазып, ағаш
суретіне жапсырады.
Немесе
жапырақ түстеріне байланысты мағына
беруге болады.
|
Сабақтан
алған әсерлерін стикерге жазып,ағашқа
жабыстырады.
|
Дескриптор
- шидің түрлері жайында айтады;
-
шиді дұрыс тоқу жұмыстарын жүргізеді;
-
шидің ерекшеліктерін түсіндіреді;
|