Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ № 50 ЖОББМ 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзімнің сабақтарыммен әріптестеріммен бөлісемін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы № 50ЖОББМ

Сабақ тақырыбы: Жылға жақсы тілек

Күні:

Мұғалімнің есімі: Журалиева А.Ж

Сынып: 4 «Г»

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.2.8.1 – эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру;

4.2.3.1 – шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және дәлелдеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі, өз пікірін білдіруде вербалды емес тілдік құралдарды, сөйлеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады.

Көптеген оқушылар: Әдеби көркем сөздер (аллитерация, әсерілеу) ұғымымен танысады. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.

Кейбір оқушылар: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға мән беріледі.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алатын дағдысы жетілдіріледі. Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Көркем шығармаға пікірін білдіруге және оны дәлелдеуге, шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз пікірін білдіруді, сауатты жазу жұмыстарын жалғастырады. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни баға береді, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты түсіне отырып, жоспар құруды түрлендіруді үйренетін әдістемені тәжірибеден өткізеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері:

Әдеби мұра

Әдеби көркем сөздер

Халық ауыз әдебиеті

Даналар нақылы

Асыл сөз

Шешендік

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Электронды тапсырмалар.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Бұған дейін оқушылар мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұматтарынан хабардар.Оларда оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру дағдылары қалыптасқан. Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алады. Негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау дағдысы жүйеленген.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз бақытты баламы!

Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз!

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»

Қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді. Қағазда көктем айлары Наурыз,Сәуір,Мамыр атаулары арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: «Наурыз»

2-топ: «Сәуір»

3-топ: «Мамыр»

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қойып, үйге берілген тапсырманы сұрау. Кестемен жұмыс

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Құрастыр

Батаны оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

-Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы туралы қысқаша мағлұмат беру.









Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.







Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары














М.Әуезов туралы слайд



М.Әуезов еңбектерінен

көрме

«Абай жолы»

Романы



Абай Құнанбаевтың 175 жылдына арналған бұрыш

Ортасы


-Түсініп оқу

-Рөлге бөліп оқу

-Шығырмашылық

Өз қиялыңмен өзгертіп, Отамалы қойшының аман қалғаны туралы әңгіме құра.

«Отамалы» деген – не?

Сөздікпен жұмыс

Пақыр – «байғұс» деген сөз. Қарабас осы сөзге әдеттеніп кеткендіктен, жиі қайталайды

Сергіту сәті

«Желсіз түнде жарық ай» ХОР

Ойлан

Жолаушылар әңгіме қылған күн райының сипаты қандай еді?

Оқиғаның басталуына не себеп болды?

Дескрипторы:

Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді.


Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Аяқталуы


Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

І ТОП:

(Ө; Ж) «Кірпіш» стратегиясы

Оқушылар оқылған шығармалардың мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

А4 парағына кірпіштердің суреті салынады. Салған суретіне алдын-ала мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындалады. Жекелеп отырып, берілген сұрақтарға жауап беріледі. Жұптар бір-бірінің жазғандарын оқиды, бірін-бірі толықтырады. Кірпіштерге жазылған сұрақтарын талқылайды. Маңызды 5 ақпарат стикерге жазылып, тақтаға ілінеді және түсіндіріледі.

Сұрақтар үлгісі:

Сәуір болмай тәуір болмас» неге байланысты айтылған?

«Отамалы» деген сөз нені білдіреді? ?

«Отамалы» шығармасының авторы кім?

Шығармада Абайға Қарабас не деп ескертті?

Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.

ІІ топқа тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Т, ОТ ) «Эйлер шеңбері» әдісі.

А-4 параққа, шағын постергеЭйлер шеңбері сызылып, әр оқушыға ұсынылады. Оқушылар жұптасып, «Сәуір болмай, тәуір болмас», «Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды» деген бұрыңғылардың текке айтпаған нақыл сөздері кезекпен талқыланып, жазылады. Не? Қалай? Неге? Нәтиже? деген мәселелер бойынша пікірлер талданып, шеңберге жазу ұсынылады.

  • Мәтінде не туралы айтылған?

  • Дәстүр қалай жүзеге асырылады екен?

  • Неге салт-дәстүрлерімізді білу қажет деп ойлайсың?

  • Мәтін мазмұны бойынша нәтиже қалай аяқталады деп ойлайсың?

Саралау: Қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

(МК,Ұ) «Наурыз» әнінің бейнеролигін көрсету.

Бейнеролик желісімен қазақтың салт-дәстүрлері туралы пікір алмасу.

(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.

ІІІ топқа тапсырма

(ОТ, Т )

«Фишбоун» әдісі

Оқушылар постерде жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау тапсырылады. Оқылған шығармалар бойынша оқушылар өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

Саралау. Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.

(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.

Ой толғаныс кезеңі.

Жауабы:

Кері байланыс.

Рефлексия. Кері байланыс.

«Ұшақ» әдісі

Оқушылар жазбаша кері байланыс береді. Ақ парақтан алдын-ала дайындалған ұшақтарды бір-біріне ұшырып, сабақтан алаған әсерлерімен бөліседі.

  • Маған бүгінгі сабақ ұнады...

  • Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды...

  • Маған бүгінгі сабақта қиын болды...

Үй тапсырмасы.






А4 парағы

стикер









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12