400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ - Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері (10-сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазақ тіл дыбыстарының құрылымдық жүйесі қамтылады, тақырып интербелсенді әдістерді пайдалана отырып түсіндіріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері.


Жолымова Света Камалқызы,

Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі


Сабақтың типі: аралас.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың тақырыбы:Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік.Оқушыларға қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлерін терең мағынада түсіндіру. Тақырыпты жүйелі түрде меңгерту, сөздердің ерекшелігін ұғынып, айтылған ойды таныту.

  2. Дамытушылық. Фонетика саласындағы дыбыстардың жүйесін меңгерту,бір-біріне ықпалын,дұрыс жазуға,дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік. Анық сөйлеуге,дауыс ырғағының дұрыстығына,мәнерлі,жағымды үнмен сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Кеспелер, кестелер, кітаптар, үлестірмелі материалдар.

Оқыту тәсілі: Жеке жұмыс,топтық жұмыс,сыни тұрғыдан ойлаудың жоғарғы сатысы-Б.Блум таксономиясы.

Пәнаралық байланыс:Қазақ әдебиеті,Балалар әдебиеті.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі: Қазіргі қазақ тілі.С.Кеңесбаев,Г.Мусабаев.

Қосымша: Қазақ тілі.Ш.Бектұров.

Сабақтың барысы мен мазмұны

1. Ұйымдастыр кезеңі.

2. Сабақтың мақсатын хабарлау: Дауысты дыбыстардың жасалуын,дауыстылардың құрамын,езу,ерін дауыстыларды,дифтонгоид дауыстыларды,дауыссыздардың жасалуын және құрамын,үнді,ұяң,қатаң,шұғыл,ызың дауыссыздарды,қазақ тілі дыбыстарының басты өзгешеліктерін білу.Оларды талдауды меңгеру.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Фонетика нені зерттейді?

2.Дыбыс дегеніміз не?

3.Тіл дыбыстары қалай жасалады?

4.Тіл дыбыстарын жасаудағы сөйлеу мүшелерінің қызметі дегенді қалай түсінесің?

5.Үйде дайындап келген жұмыстарыңды бағалаймыз.

4. Жаңа сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері.

Сабақты жүргізу барысы.Б.Блум таксономиясының деңгейлері бойынша:

1. «БІЛУ» \қайталау,еске түсіру\

Тіл білімінің салалары? Дыбыс пен әріптің айырмашылығы? Дауысты дыбыстар деген не? Дауысты дыбыстар қалай жасалады? Сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай жіктеледі? Жуан және жіңішке дауыстыларды жаз.

2. «ТҮСІНУ» \түсіндіру,жеткізу,тұжырымдау\

Фонетика-дыбыс \олардың жасалу,айтылу,естілу жағы,түрлері\,әріп,буын,екпін,тасымал,үндестік заңы мәселелерін зерттейді.ДЫБЫС-сөздің ең кішкене бөлігі,ол айтылады жөне естіледі.ДЫБЫС-дыбыстау мүшелерімен жасалатын тілдік құбылыс.ДЫБЫСТАУ МҮШЕЛЕРІ: ауыз және мұрын қуысы,өкпе,кеңірдек,тамақ,дауыс шымылдығы,көмей,таңдай,тіл,тіс,ерін. ӘРІП-дыбысты таңбалайтын белгі,яғни дыбыстың таңбасы. ӘЛІПБИ-әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны.Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.Олар: А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Е,Ж,З,И,Й,К,Қ,Л,М,Н,Ң,О,Ө,П,Р,С,Т,У,Ұ,Ү,Ф,Х,Һ,Ц,Ч,Ш,Щ,Ь,Ы,І,Ъ,Э,Ю,Я.

Әліпбиде дыбысы бар 37 әріп бар. Дыбыс еместер:Ь,Ъ; Қосарлы дыбыстар:Е,Ю,Я.

Дауысты дыбыстар 12. А,Ә,Е,Э,О,Ө,Ү,Ұ,Ы,І,И\У\

Қазақ тіліне тән 9 дыбыс: Ә,Ө,Ұ,Ү,І,Қ,Ғ,Ң,Һ.

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан:А,О,Ұ,Ы,У.

Жіңішке:Ә.Ө,Е,Э,І,И,Ү,У.Жақтың қатысына қарай ашық:А,Ә,О,Ө,Е,Э.Қысаң:И,Ы,І,Ү,Ұ,У.Еріннің қатысына қарай еріндік:О,Ө,Ұ,Ү,У. Езулік:А,Ә,Е,Э,Ы,І.И.

1.Қазақ тіліндегі дауыстылардың негізгі ерекшелігі-жуан,жіңішке болып жұп келуі:А-Ә,О-Ө,Ұ-Ү,Ы-І.Мысалы:Ал-әл,от-өт,тұр-түр,ыс-іс.

2.Үндестік заңы.Мысалы: жұмысшы,суретші,балаларға,үлкен-үлкөн,көне-көнө,жүрек-жүрөк,өзен-өзөн т,б.

3.Элизия \мүлдем түсу\.Қатар келген екі дауысты дыбыстың біреуінің түсіріліп айтылуы.Сарыарқа-Сарарқа,Сарыағаш-Сарағаш.

4.Редукция \сусу,сәл айтылу\.Мысалы: әділет-әдлет,дәрігер-дәргер.

5.Протеза \сөз алдына дауысты дыбыс қосып айту\.Мысалы: Рымбике-Ырымбике,Риза-Ыриза.

Сөз басында Е,О,Ө дыбыстары дифтонгті ерекшелікпен айтылады.Мысалы:ел-йел,ол-уол,өз-уөз.

Ж, Й мен Ш,Й дыбыстары аралығында келген А дыбысы жіңішке айтылалы\ шай-шәй,жай-жәй \

Дауыссыз дыбыстар.

Дауыссыз дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз немесе мұрын қуысында кедергіге ұшырайды.Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар мыналар:Б,В,Г,Ғ,Д,Ж,З,Й,К,Қ,Л,М,Н,Ң,П,Р,С,Т,\У\,Ф,Х,Һ,Ц,Ч,Ш,Щ.\26\

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай 3-ке бөлінеді.

1\ Ұяң : Б,В,Г,Ғ,Д,Ж,З.\7\

2\ Үнді: Й,Л,М,Н,Ң,Р,У.\7\

3\ Қатаң: П,Ф,К,Қ,Т,Ш,С,Х,Һ,Ц,Ч,Щ.\12\

Дауыссыздар жасалу орнына қарай да жіктеледі.Мысалы,

  1. Ерін дауыссыздары: П,Б,М, \У\

  2. Тіс пен ерін : ф,в.

  3. Тіс дауыссыздары: Т,Д,Ц,С,З.

4. Тіл алды: Ш,И,Щ,Н,Л.Ч,Ж,Р.

5. Тіл ортасы:К,Г.

6. Тіл арты: Қ,Ң,Х,Ғ.

7. Көмей: Һ.

Сонымен бірге айтылу жолына қарай:

Шұғыл: П,Б,Т,Қ,Г,Д,Ч,Ң.

Ызың: Ф,В,С,З,Ғ,Ш,Х,Ж,Һ.

Діріл: Р.

Кейбір дауыссыз дыбыстардың айтылуы.


1.Қазақ тіліндегі Б дыбысы екі дауысты дыбыстың арасында,үнді дыбыс пен дауысты дыбыстың арасында,ұяң З дыбысы мен дауысты дыбыстың арасында В дыбысы сияқтанып айтылады.Мысалы: асқабақ-асқавақ, әрбір-әрвір,жазба-жазва,Бурабай-Буравай. Сұраулық шылау ба,-бе, - ва, -ве болып айтылады: Көресіз бе? – Көресіз ве? Оқисыз ва?

2.Х дыбысы термин сөздер мен тарих,мәслихат,рухани,мұхит,насихат,саяхат сияқты сөздерде және кейбір кісі аттарында қолданылады.Х артикуляциясы жағынан Қ дыбысына жақындау,бірақ бір дыбыс емес.Екеуі де тіл арты дыбысы.


3. «ҚОЛДАНУ» \Жаттығу бойынша жұмыс,жасап көру,көрсету\

Кім сөз жасай алады?


1.Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар:

Р.О.Б; А,Ш,А,Ғ; Т,Р,Е,М; А,Б,Л,Ы,Қ; Ал бұларды берілген күйінде тіркестіріп айтса,сөз жасала ма?

2.Төмендегі дыбыстардың тіркесінен сөз жасауға бола ма? Болмаса мәнісі неде? Ү,М,Н; П,У,Б; Ж,Д,А; Ө,Ғ,Ә.


4 «ТАЛДАУ» \Салыстыру,айырмашылығын табу\ КЕСПЕЛЕР .\Сөйлем талдау\

5. «ЖИНАҚТАУ» \Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау,жүйелеу; Құрастыру,шығармашылықпен орындау\

6. «БАҒАЛАУ» \Ұсыныс жасау,таразылау;Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?Өз ойыңыз? \

«ТОПТАСТЫРУ» СТРАТЕГИЯСЫ бойынша дауыссыз,дауысты дыбыстардың түрлерін көрсет.


СЕРГІТУ СӘТІ

Мен қандаймын?

Ақыл-кеңес

1.Өзгені түсін.

2.Өзгенің ойын тыңдай біл.

3.Өз ойыңды жеткізе біл.

4.Сұрақ қоя біл.

5.Өзгенің шешімін бағала.

6.Өз ойыңды жаза біл, айта біл.

7.Өз шешіміңді ұсына біл.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1993
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі