400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ : Адам жауапкершілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
адам құндылықтары туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану сабақ жоспары Жамбыл атындағы жом Мерзімі: №12 сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам жауапкершілігі Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, жақсыдан жаманды ажырата білу, отаншылдық, шыншылдық. Пән мұғалімі: Сейдалиева Роза Сыныбы: 7

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Жауапкершілікті сезініп ақиқатпен өмір сүру керектігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі жауаптылықты нығайтатындығын ұқтыру;

Дамытушылық: - жақсыдан жаманды ажырата білу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: - Шыншылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»



2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Жауапкершілікті адал атқару әрбір адамның міндеті ме?» тақырыбында сауалнама жүргізіп, сауалнама нәтижесі бойынша қорытындысын жазып, оқу.

Музыка қойылады




3. Дәйексөз

«Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді»

Стафан Цвейг

  • Жауапкершілікті сезіну дегеніміз не?

  • Жанның биіктеуі дегенді қалай түсінесің?

  • Өзіңе жүктелген тапсырмаларды қалай атқарасың?

Дәйексөз

мағынасын ашу,оқушы өз пікірін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Нағыз ұстаз (аңыз)

  • Ұстаздың бойында қандай жауапкершілікті байқадыңдар?

  • Неліктен дәрігерлердің ескертулеріне құлақ тікпеген бала ұстаздың кеңесін үлкен сеніммен қабылдады?

  • Анасы неге ұстазды бірден түсіне алмады?

  • Өзің орындай алмағаныңды неліктен басқаға орындауға кеңес бермеу керек?



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаятты шешу;

Атасынан немересі:

... Адам бақытты болып, армандаған мақсат-мұратына жету үшін не істеу керек ? – деп сұрады.

Атасы: Әрқашан , қай жерде болмасынойыңа, ниетіңе, ісіңе, сөзіңе жауапкершілікпен қара, - деді сабырлы кейіппен.

Емересі: ... Сонда бақытқа жетудің жолы осы- ақ па ? – деді.

Әрине, балам. Жауапкершілік – өмірге, іс-әрекетке ар-ұятпен, аса ұқыптылықпен қарау. Ондай адам ешкімге ойымен, сөзімен, ісімен қиянат жасамайды. Барлығына байыппен қарайды. Ал жауапсыздық – неге болса да немқұрайды қаратып, ұятқа қалдырады, - деп жауап берді атасы.

  • Сендер қалай түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің адам бақытын жауапкершілікпен байланыста қарай аласыңдар ма?

2-тапсырма: Адамның өз жауапкершілігінен туындайтын жақсы қасиеттерді, ігі істерді жазыңдар:

3-тапсырма: Аңызды оқып, ондағы ананың жауапкершілігін қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?, кестеге жазамыз.

Кейіпкер

Портреті

Менің ойым

Ана



Бейбіт жатқан ауылды жоңғарлар шауып, қазақтың малын айдап, егісін таптап кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екі қабат жас келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төлемен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі: - Мына бишараның көрпе – жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай, - дейді.

... Баланың бесігі – кең дүниенің есігі! – депті сонда ақылгөй Төле би.

Жағдаяттарды сахналау

6. Топпен ән айту

Сәби болғым келеді Ә: Т.Рахимов

С:М.Мақатаев

Құс та болғым келмейді қанатым бар Қанатым бар күмістен жаратылған Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған
Тар бесігі кең жаһан тарылмаған
Біреуге бар біреуге табылмаған Сәби болғым келед-ау сәби болғым
Ана сүті аузынан арылмаған
Сәби болғым келеді-ay сәби болғым
Ана сүті аузынан арылмаған От та болғым келмейді жылуым бар
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда Қанат қағып өмірге ұшарымда
Кесілмесе бәрібір тұсауым да Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында



Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

1. 50 беттегі Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған «Ауылым әнім» өлең жолдарын жаттап келу.

Келесі сабақ: «Менің тәртібім, адамгершілікпен өрілген» тақырыбына эссе жазып келу.

Үй тапсыр масын күн делікке белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысып,сыр бөліскені үшін алғыс айту.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі