Ашық сабақ « Адам құқығы мен бостандығы – мемлекеттің негізгі тірегі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ « Адам құқығы мен бостандығы – мемлекеттің негізгі тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
« Адам құқығы мен бостандығы – мемлекеттің негізгі тірегі» ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі . 9 «А» класы.

Бөлім:

4 - бөлім: Адам құқығы мен бостандығы. Синтаксис

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Таймова Гульмира Назаровна

Күні:

26.11.2025ж.

Сынып: 9 А

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

« Адам құқығы мен бостандығы – мемлекеттің негізгі тірегі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру

Сабақтың мақсаты

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріп, түпнұсқамен салыстыра алады. Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: бірлік және ынтымақ -ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау; Құндылық: заң және тәртіп -моральдық принциптер мен нормаларды және оқу-танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлықты ұстану; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу

Сабақтың барысы

Апта дәйек сөзі: 4-апта. «Жауапкершілік-табыстың кілті»

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» (Бауыржан Момышұлы)

Сабақтың кезеңіуақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут



























Сабақтың ортасы



10 минут

































10 мин













10мин



































5мин





Сабақтың соңы.

5 мин
































Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1. Апта дәйек сөзі: 4-апта. «Жауапкершілік-табыстың кілті» дегенді қалай түсінеміз? 2.Психологиялық ахуал қалыптастыру Жүрекше- ЖИ Оқушыларды 3-топқа бөлу.

3.Өткен тақырыпты қайталау. Үй жұмысы. Пазл әдісі, диаграмма.Сөздер пазл құрастыруға:Тәуелсіздік,Алатау, Сарыарқа,Отан,Астана,Заң, Қазақстан, мемлекет.

4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың құқығын қорғау үшін қабылданған ең тиімді шешім не деп ойлайсыздар?

5. Дұрыс айтасыздар Конституция қабылданды. Ол халық үшін ең тиімді шешім болды.

Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Адам құқығы мен бостандығы – мемлекеттің негізгі тірегі»

оқу мақсаты 9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру

6.Тыңдалым. Тыңдалым мәтіні Адам құқықтары- адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз – адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т.б) құқылары. Әлеуметтік құқылар адамның мемлекетпен өзара әрекеті барысында пайда болады (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге). Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 10-39-баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықаралық конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрәін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жәбірлеп, қинауға тыйым салуға бағытталған.

6.Сіздер тыңдалым мәтінімен таныстыңыздар бізге сабағымызға арнайы шақырылған мамандар қатысып отыр ендеше сөз берейік 1. Ақтөбе қаласы,ПБ Алматы ауданы№3ҚПБ анықтау бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Кенес Еркебулан Аянович 2.ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты ІІО ардагері,отставкадағы полиция полковнигі Абдирахманов Талғат Жумашевич.

7.Диалог құру, тірек сөздер, кластер құру.

8. Тілдік бағдар

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.

  Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.

 Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.

2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы;

Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.

6-тапсырма Әрі,және,да,де,та,те жалғаулықтарын қолданып, ыңғайлас салалас сөйлем құра.


9. Рефлексия

ЖИ –әдісімен бағалау.





Үйге тапсырма: 11-тапсырма жазылым.63-бет.


10. «Атамекен» әнін орындау.

Психологиялық ахуал

1.Апта дәйек сөзі: Өз ісіңе жауап бер, өзгені кінәлама. · Сөзге жауап, іске есеп. · Жауапкершілік – тәртіптің негізі.

2.Психологиялық ахуал

Жүрекше

3.Үй жұмысын қайталау.ЭКСПО көрмесі деген не? «Болашақтың энергиясына»идеясы өзін көрсете білді ма?Универсиада дегеніміз не?

4. а) Конституция ә)Теңге



«Сиқырлы



.

Сұрақтарға жауап береді. 1-тапсырма,60-бет.

1) Адам құқығы дегенді қалай түсінесің? Адам құқығы – әр адамның дүниеге келген сәттен бастап иеленетін ажырамас, тең және туа біткен құқықтары. Ол адамның өмір сүруіне, еркін болуына, қорғалуы мен қоғамда тең дәрежеде өмір сүруіне мүмкіндік береді.

2) Бостандық ұғымы нені білдіреді? Бостандық – адамның өз ойы, іс-әрекеті, таңдауы бойынша еркін шешім қабылдап, өмірін өз қалауымен өткізе алуы. Бірақ бұл бостандық басқа адамдардың құқықтары мен заңды бұзбауы керек.

3) Құқық және бостандық ұғымдарының арасында қандай байланыс бар?Құқық пен бостандық – бір-бірімен тығыз байланысты:Құқық – мемлекет кепілдік беретін мүмкіндіктер.Бостандық – сол құқықтарды еркін қолдану.Яғни құқық бостандығыңды заң арқылы қорғайды, ал бостандық құқықтың жүзеге асуы болып табылады.

4) Олардың адам өміріндегі маңызы қандай?Адамды зорлықтан, әділетсіздіктен қорғайды.Қоғамда теңдік пен әділдік орнатады.Еркін ойлап, білім алып, еңбек етіп, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.Қауіпсіз және лайықты өмір сүруге жағдай жасайды.

5) «Адам құқықтары жалпыға ортақ» деген ойға өз пікіріңді білдір.Бұл ой – адам құқықтары әлемдегі барлық адамдарға бірдей, ешкімді нәсіліне, тіліне, ұлтына, дініне, жынысына немесе әлеуметтік жағдайына қарай бөліп-жаруға болмайтынын білдіреді.Яғни әр адам тең, барлығының құқықтары бірдей қорғалуға тиіс

7. Диалог құру.3-тапсырма. №3. Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жаз. Мәтін стилін анықтап, мазмұнына сүйене отырып кластер құр.

Тірек сөздер:Адам құқықтары,бостандық,мәмілелер,құқық және бостандық,маңызы,Заң,мемлекет,теңдік,еркіндік.

Мәтін стилі:Публицистикалық стиль (қоғамдық-әлеуметтік мәселе талқыланады).

Кластер (текст түрінде):Адам құқықтары туа біткен,тең,заңмен қорғалады Бостандық еркіндік,таңдау құқығы,ойлау еркіндігі

Маңызы қоғамда әділдік,адамды қорғау,теңдік орнату

6-тапсырма. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер: Гүлге су құй әрі атаңа шай беруді ұмытпа.Маған жаттағаныңды айтып бер және дәптерге жазғаныңды оқып бер.Келесі көшедегі дүкенге барды да, дереу үйге жүгіріп кіріп кетті.Үйге қонақтар келді де, оқып отырған кітабымды тастай салыппын.Қаладағы нағашыларға соқ та, орталықтағы базарға бара ғой.Терезелерді сүрт те, еденді бір жуып шық

9.Рефлексия. Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді. Түпнұсқа мәтінмен салыстырады.




Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!













Дескриптор

Білім алушы

-сұрақтарға болжамын көрсетеді;

-түпнұсқамен салыстырады









Дескриптор

Білім алушы

-тақырыпқа қатысты ой өрбітеді,

-ойбөліске қатысты талаптарды орындайды:

-тақырыптан ауытқымайды,

-берілген уақытты пайдаланады,

-сөз әдебін сақтайды,

-сауатты түрде өз ойын білдіреді,

-өз көзқарасын жүйелі түрде жеткізеді.















































































.
















Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл





Қалыптас

тырушы бағалауға арналған



тапсырма

лар жинағы

9-сынып











































Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі