400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Алғашқы адамдардың тарихы"

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пән мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 тоқсан

Пәні

Қазақстан тарихы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Алматы қаласы №102 ЖББМ тарих пәні мұғалімі Исабаева М.Б.

Оқулық

Қазақстан тарихы. Б.Е.Көмеков, Т.С.Жұмағанбетов, К.С.Игілікова 5 сынып, Алматы «Атамұра» 2017

Бөлімі

5.1 А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Сабақ № 4

Сабақ тақырыбы

Алғашқы адамдардың өмірі

Оқу мақсаты

5.1.2.1 – алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

Зерттеу сұрағы

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Тілдік мақсаттар

Терімшілік, аңшылық, мұз дәуірі

Ресурс

Қосымша сілтеме

https://youtu.be/CAVt9w8R6yg




Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект.

Алғашқы адамдардың өміріне саяхат жасайық! Алғашқы адамдардың ежелгі кәсібі дайын өнімді тұтыну – терімшілік деп аталды. Жеуге жарамды тамырларды, құстардың жұмыртқаларын, жеміс- жидектерді азық етті. Терімшілік негізінен әйелдерің ісі болды.

Ежелгі адамдар табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, азығын аң аулаумен тапты. Неандертальдықтар терімшілікпен, аңшылықпен айналысты. Байқағыш болып, білгендерін бір-біріне үйрете бастады. Еңбек құралдары жетіле түсті, қол қашауын жасауды үйренді. Мамонт сияқты ірі аңдарды екі- үш тобыр болып бірігіп аулаған. Олар аңдарды жарға, тау шатқалдарына қарай қуып,қаумалап ұстады. Аңдарды отпен үркітіп, терең орға түсіру, биік құздан құлату тәсілдерін пайдаланды. Олар мамонт, бизон,үңгір аюын, марал, бұғы, арқар сияқты аңдарды аулаған. Алғашқы адамдар найзағайдан пайда болған оттарды пайдалануды үйренген. От тұтатуды үйрену адамзаттың даму тарихындағы маңызды жаңалық болды. Аңшылықтың терімшіліктен ерекшелігі – ол барлық маусымда жүзеге асырылатын әрі адамның көбірек азық табуына мүмкіндік берді. Ер адамдар көбінесе аңға шықса, ал әйелдер терімшілікпен айналысты.Терімшілік пен аң аулау алғашқы адамдардың негізгі кәсібі болды.

Ежелгі адамдардың өміріндегі үлкен өзгерістер табиғат құбылыстарымен байланысты болды. Ауа райы суытқан мұз дәуірінде ежелгі адамдар қоршаған ортадағы өзгерістерге тәуелді болды.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:








1-тапсырма. Алғашқы адамдардың негізі кәсібі не болған?


2- тапсырма. Кестені толтыр.

Аңшылық түрі

Аңшылық әдісінің сипаттамасы

Артықшылығы

Кемшілігі













3- тапсырма.


  • Әңгіме құрастыру

  • Көрініс көрсету

  • Сурет салу

  • Макет жасау

Тапсырмалардың бірін таңдап, алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін тірек сөздерді қолдана отырып, шығармашылық түрде таныстырыңыз.


Тірек сөздері: адамдар тобыры, тас дәуірі, шапқы, үңгір, терімшілік, аңшылық.


Дескриптор Білім алушы


  • тірек сөздерді қолданып, алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі жайлы әңгіме/көрініс/сурет/макет құрастырады.




Сабақты қорытындылау

Сабақта өзіңді бағала


Сабақ

Мен сабақта...

Қорытынды

Қызық

Жұмыс жасадым

Материалды түсіндім

Кейбір ..... ұнады

Көп сұраққа жауап бердім

Бұрынғыдан да көп білдім

Жалықтырды

Сыныптастарыма көмектестім

Түсінбедім



Үйге тапсырма.

§7 оқу. 26-29 беттер. Қосымша тапсырма. Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі жайлы

«Адамның өмірі» тақырыбында әңгіме жаз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.01.2021
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі