Материалдар / Ашық сабақ _Алтын адам_ Дүниетану 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ _Алтын адам_ Дүниетану 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ _Алтын адам_ Дүниетану 3 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2024
119
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы: Алтын адам туралы аңыз

Күні :

СЫНЫП: 1-сынып

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:Алтын адам туралы аңызбен танысy;

  • бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты түсінy;


  • Оқушылардың басым бөлігі:.сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.

  • Кейбір оқушылар:сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.

Тірек сөздер:

нумизматика – нумизматика – numismatics; аңыз – легенда – legend;

батыр – батыр – batyr.

Ресурстар:

суреттер, бейнеролик, ВЕНН диаграммасы

Сабақтың мақсаты:

1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топқа бөліну

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Өткенді пысықтау.

Ол кім? Бұл не?

-Ол кім? (Томирис)

-Томирис туралы не білеміз?

-Бұл не? (ат арба, киіз үй)

-Олар туралы не білеміз?

-Ол кім ?(Толағай)

-Ол туралы небілеміз?

-Бұл не? (Қала)

-Ол туралы не білеміз?

-Бұл кім? (Толағай)

-Ол туралы не білеміз?

-Бұл не? (Ту)

-Ол туралы не білеміз?

Қызығушылықты ояту:

Балалар, «алтын» , «күміс» адам болады дегенге сендер қалай қарайсыңдар.

Оқулықпен жұмыс

-Бұл не? ( Ұлу қабыршағы, мал терісі, тұз)

-Бұл заттарды не үшін қолданамыз деп ойлайсыңдар?




Шаттық шебері











Сабақтың ортасы



Монета, Алтын адам туралы әңгімелеу.

Бейнеролик. Сен білесің бе?

Алтын адам туралы аңыз. Ерте заманда қазақтыңұлан байтақ даласында бір тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ батырдың отбасында 9 ұл болыпты. Күндердің күнінде оныншы ұл дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді екен.


Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған.


1969 жылы Алматыға жақын Есік қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар, мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды. Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда болғанын дәлелдейді.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс












Бейнеролик

Суреттер

Сергіту сәті


Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы


Қызықты тапсырма



Жұптық жұмыс

Орындап көр. Оқушыларға өз тиындарын ойлап, тауып, «Тиын» тапсырмасын орындату.

Топтық жұмыс.

1 топ ВЕНН диаграммасын толтыру.Томирис пен Алтын адамды салыстыру.

2 топ Мүсіндеу.Ермексаздан Алтын адам мүсінін жасау.

3 топ Сен – Алтын адамсың. «Автор орындығы»стратегиясы.Оқушылар бас киім киіп, Алтын адам рөлін орындау және басқа оқушылардың сұрақтарына жауап беру.


Оқулық, дәптерлер.









ВЕНН диаграммасы

Ермексаз, Алтын адам бас киімі.


Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Бағалау


Оқушылар


–– теңгенің пайда болу тарихын; –– Алтын адам туралы аңызды білді;

Оқушылар

–– аңыздың мазмұнын айтуға; –– сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге


үйренді.


Оқушылармен «Жұлдызды сәт» ойынын өткізіңіз. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойыңыз. Әр дұрыс жауап үшін жұлдызша беріледі. Кімде жұлдызшаны көп болса, сол жеңеді.


–– Теңгелер туралы ғылым қалай аталады? (Нумизматика).


–– Алтын Айдар қандай болып өсті? (Оны барлығы еркелетті, бірақ ол қиқар болған жоқ).

–– Алтын Айдардың сауыт-саймандарын сипаттаңдар (Жас батыр алтын сауыт киді, басына дулыға киді, кеудесі мен арқасын алтын кіреуке жауып тұрды, беліне алтын белбеу тағынды, аяғына алтынмен безендірілген үшкір биік етік киді).


–– Археологтар Алтын адамды қай жерден тапты? (Алматы маңындағы Есік қорғанынан).





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!