15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ « Ана – аса қымбат жан! » Шаңырақ ортаңғы тобы
« Ана – аса қымбат жан! »
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру. Аналарын, Әжелерін сыйлап, құреметтеу керек екенін түсіндіру. Көктем мезгілінің келгенін, алғашқы көктемнің мерекесі туралы айтып өту. Көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Жүргізуші (тәрбиеші), балалар.
Ән залында тыныштық, «Мама» атты әуенмен балалар залға кіреді. (гүл шоқтарын сыйлайды)
Жүргізуші: Армысыздар аяул аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай
құлпырған қыздар!
Ана десем
сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде
тыныштық.-
дей отыра
балалрдың
орындауында «Ана» атты әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ана» - хор.
Жүргізуші: Құрметтейік балалар
аналарды
Бізді
өмірге әкелген даналарды
Себебі ана
деген асыл жан ғой
Ойлауменен
істелік әр қадамды.
Ендеше балалар аналарымызды құрметтеп, оларды әр қашан сыйлап жүруіміз керек.Балалардың аналарына деген тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар. (6 бала).
Анам,анам,ақ анам Амир
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тіліңді аламын
Жұмсағанда барамын.
Анамыздың мейірлі Талант
Жүзіне бір қараймыз
Анамыздың пейілді
Жомарт жанға балаймыз
Анамызға еркелеп, Алана
Қуантуды қалаймыз
Өссек егер ертерек.
Мен мұғалім анамның , Мансұр
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай
Оқытушы боламын.
Анам менің сүйіктім Адия
Тек өзіңе табынам
Қасыңда жүрсең биікпін,
Алыстасам сағынам.
Анаң болса қасыңда Али
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейрімді ғой керемет.
Жүргізуші: - Балалар айта қойыңдаршы кәне қазір жылдың қай мезгілі келді?
Балалар: - Көктем.
Жүргізуші: - Көктемде қандай құбылыстар болады?
Балалар: - Қар ериді, күн жылынады, құстар қайтып келеді.
Жүргізуші: - Дұрыс, балалар міне біздің асыға күткен көктемде келіп жетті.
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар,
Ауылымды арала.
Көктем қандай көңілді!
Көктем жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді-
Балалар көктем мезгілінде адамдардың көңілі көтеріңкі, бәйшешек гүл гүлдеп, жүздерінде бір – біріне деген жылулық пайда болады.Ондай болса сіздерге сол жылулық сезімдерімен Айбек пен Амираның орындауында кішкентай көріністі тамашалыңыздар.
Айбек пен Амира- «Алло» әнімен көрініс.
Жүргізуші: - Балалардың тақпақтары. (6 бала)
Жарқын жүзді жан анам Айбек
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Әр сөзімді жаттаған, Інкар
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Біз доспыз гүлдермен, Амирали
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір- бірден
Аналарға сыйламыз
Ақ анашым,аппағым, Серік
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған барін де.
Ақ қабақты анашым, Амира
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Келді көктем күннің, Исламбек
Күлімдейді ұлың
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін
Жүргізуші: - Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар.Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.Келесі кезекте тобымыздың көмекшісі Замзагүл апайдың орындауында әнді қабыл алыңыздар.
Ән : Замзагүл.
Жүргізуші:
- Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын
жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Би: «Аспазшы» (ұлдар).
Ән: «Астанаға көктем келді!» - хор.
Жүргізуші: - Ақ жаулықты әжелерімізге арналған тілектер де таусылған емес, балалардың орындауында келесі кезекте асыл әжелерімізге арналған тақпақтар.
Тақпақтар (5 бала)
Баланың да тірегі Байсерке
Дананың да тірегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Әжем менің әлі де, Камила
Ұқсамайды кәріге,
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
Ананың біз гүліміз, Нұрсұлтан
Ана-біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Апам мені жақсы көреді, Ерсұлтан
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Әжемдей данадан Ажар
Ертекке қанамын
Шақырса даладан
Жүгіріп барамын.
Ойын: «Әкелер сайысы»
Мақсаты: Балаларға жақсы көңіл күй ыйлау.Әке қамқорлығын сезіну. Әкелерінің жылдамдықтарын, ұқыптылықтарын қадағалау.
Барысы: Әкелерімен бірге қыздарды ортаға шақырып. Ситуациялық тапсырмалар беру. Ең бірінші қызының шашын сәндеу, екінші қызына қасықтап су беру.
(Стаканмен суды залдың жоғары жағына қойып қасықпен қызына су беру).
Ән: «Әже»- хор .
Би: Қыздар.
Жүргізуші: - Осымен балалардың дайындаған шағын концерттік номері аяқталды алтын уақыттарыңды бөліп, балалардың қуанышына ортақтасқандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар!
Бекітемін:
« »__________
«Күншуақ» балабақшасының
меңгерушісі
__________А.Қ.Құлымбетова

«Балапан» 2-ші сәбилер тобы
Өткізген: Б.С.Есілбай

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген