400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: " Анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анашым, мерекеңмен!

Жүргізуші:   Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

 

Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып

                                 Әлемнің жарығын силадың сен маған

                                 Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-

                                 Аналарға гүлдерін сыйлайды

 Жүргізуші:  Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Алдымен осы мектептің ----------------------------------------------------------------  сөз береміз

 

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!

 

-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!

-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бүл кім?

Балалар:  Ана,ана,ана.

 

Жүргізуші.:Әрине,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

 

Жақсыкелді: Жанымызды жайнатқан

             Сіздерсіз ғой аналар

              Зор денсаулық,мол бақыт

              Тілейді барша балалар

 

 

Дияр: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

             Ана деген- қайнар ыстық бұлағың

             Ана деген- өмірдегі қамқорың

             Ана деген-сүйенерің,жан құрбым

  Абзал: Аялы алақан,әлпештеп өсірген

             Аяулы жан анам

             Қатемді кешірген

Аян: Анам-өмір шырағы

            Анам-өмір бұлағы

            Бесігімнің жыр әні

              Жүрегімде тұрады.

Абзал: Апам мені айым дейді

            Мен мұнайсам уайым жейді

            Апам мені күнім дейді

             Мен қуансам күлімдейді



Жұргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік

 Ән: « Кұттықтаймын сені туған күніңмен!»

 Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!       «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

Біржан: Өзің мені өсірген

           Айналайын ақ әжем

            Тентек болсам кешірген

             Ауырмашы ,ай әжем

 Жақсыкелді: Әже деген көп шығар

            Әжемдей менің жоқ шығар

             Мейірімді бұл кісі

             Қандай ғажап күлкісі

   Елдос: Немересін жанындай

             Әжем жақсы көреді

             Қонаққа барса ұмытпай

              Кәмпіт әкеп береді.

Абдуғаппар:Тірегі болып жанында

                Бірге еріп жүремін

                Жанашырым жанымда

                 Тек әжем деп білемін

 

Ақжол:  Ақ әжемді арқашан

                Сыйлап жақсы көремін

                Қуантайын деп оны

                 Өлең айтып беремін

 Ақбота: Өзің мені өсірген

                Айналайын ақ әжем

                Тентек болсам кешірген

                 Балдай тәтті бал әжем

Ақжол: Менің әжем досымдай,

Мені жақсы көреді.

Менің әжем осындай,

Ертегі айтып береді.

  Енді осы жерде балапандарымыздың жүрекжарды ақ тілектерін шардың ішінен алып оқиық. Әжелер және аналар сіздер үшін.

  Елдос: Үн қатамын бал тілмен

               Еркелеймін әр күн мен

               Құттықтаймын анашым

                Сегізінші наурызбен

 Абдуғаппар : Құлпырған гүлдей

                Көктемгі күндей

                Жылылық маған

                Төгесің үзбей

 Нұрсултан:Сауле шашқан әсем күндей

              Көтерілсін көңіліңіз            

               Жарқыраған қызыл гүлдей

               Болсын әсем өміріңің

Жүргізуші:    

Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын бәйшешек гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Талшыбықтай бұралған

Ақботамыз қарап тұрмасын. Ақботаның орындауында «Қуыршақ» биі.

ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

  1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ,жоқ!

  1. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары :  Бар,бар!

Ойын : « Кім жылдам» Ана мен бала тәңертең мектепке және жұмысқа жиналады



Жәнібек: Қадірлі аналар көңілі

               Көктемдей жайнап гүл ашсын

               Бақытқа толып өмірі

               Шаттыққа шаттық ұлассын

 Абдуғаппар: Құтты болсын осы шаттық күніңіз

              Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз

               Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

               Бұл өмірде күліп қана жүріңіз 

Ақбота : Ақылшымыз,данашым

               Ұзақ өмір сүріңіз

               Айналайын анашым

               Алдымызда жұріңіз

Шерхан: Күлімдеген көзіңнен,

Айналайын анажан.

Қуаттанам өзіңнен

Алған алғыс батадан.

 Жүргізуші:  Шалқып тасып әніміз

                    Жадырасын жанымыз

                     Ана сені құттықтап

                     әндетеміз бәріміз

 Ән:  « Кеш жарық»

 Нұрсултан:   Ана деген асыл жандар,болаттай

                 Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

                 О,адамдар ,қадірлей біл ананы

                  Жат қылыққа  ақыл ойды талатпай

 Шерхан :  Түн ұйқысын төрт бөліп

                 Әлпештеген анашым

                 Жақсы болсам асырып

                 Жаман болсам жасырып

                 Қамқор болған анашым

  Жәнібек: Кір түсірмей жағама

              Шашымды да тарайсың

               Мектепке барарда

              Мейірлене қарайсың





Шерхан:  Мәпелейсің мені анам

               Қасыңдағы құсыңдай

                Құлпыра өсіп дем алам

                Құшағыңда қысылмай



 Ақжол: Әлемдегі ақылды адам

              Бәрінен де жақсы

              Ол жанымда жүрсе,менде

               Батырларша батылданам

 

Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

                     Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман

                     Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң

                     Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұраман

Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды  сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.

 Ән: «Анашым»

          Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.

                                       Ана- біздің гүліміз

                                       Ұландарды қуантып

                                        Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші:  Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен  құттықтаймыз!

                 

 Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі