|
Сабақтың
басы
5 минут
|
Қызығушылықты
ояту
Сыныпқа қалпына
келтіру
Психологиялық
хәл-ахуал орнату
Күлімде, күн,
күлімде,
Жер жасарып
көгерсін
Бұрынғыдай бүгін
де
Қанат қақсын
көгершін
Балалар, бізде бүгін
ерекше сабақ. Өйткені сіздердің білімдеріңізді бағалау үшін
сабағымызға апайлар мен ағайлар қатысып отыр. Өз білімімізді жақсы
көрсетейік. Сабағымызды бастамастан алдын мен сіздерді топқа
бөлемін.
Топқа
бөлу:
І топ:
Арпа
ІІ топ:
Бидай
ІІІ топ:
Күріш
Балалар, сабақ
соңында сабаққа жақсы қатысқан балаларды мына тоқаштармен
бағалаймын.
Өткенді
қайталау:
«Ыстық орындық»
әдісі арқылы өтілген тақырыпты
бекіту.
І топ: Көгөністердің
аттарын ата
ІІ топ: Жемістердің
атын ата
ІІІ топ: Көгөністер мен
жемістердің пайдасын ата
|
Мультимедиялық оқу
құралы
|
|
Сабақтың
ортасы
06-24
минут
|
Мағынаны
ажырату
Ой
қозғау:
Асты тас, үсті
тас
Ортасында піскен
ас.
Ол не? ( Нан мен
таба )
Олай болса жаңа
тақырыбымыз «Ас атасы-нан
»
Жаңа тақырып: Ас
атасы-нан
-
Тыңдалым.
Аудиожазбадан
тыңдау:
Дән
Жарып шыққан
қауызын
Дән-өмірлік
азығың
Жегеніңде ақ
нанды.
Нәрге толар
ауызың.
Ерте тұрып ақ
таңнан
Қара жерге нәр
құйған,
Айналайын
диқаннан,
Егін егіп, нан
жиған.
«Жарып шыққан
қауызын» дегенді қалай
түсінесің?
Өлеңді жаттап
келген балаларға айтқызу
2. Нанның
дастарқанға келу жолын ретімен
әңгімелеу
Нан дастарқанға
қалай келеді екен?
-
Ең бірінші тракторшы
жерді жыртады.
-
Диқаншы дәнді
себеді, бидайдың өсуін қадағалап, оны суарып, күтіп
баптайды.
-
Бидай піскесін
комбайыншы бидайды орады.
-
Орылған бидайды
астық терминалына апарады.
-
Ол жерде бидайды
кептіріп, диірменге апарып тартады. Шыққан ұнды қалтаға салып
қаптайды.
-
Ұнды дүкендерге,
наубайханаларға жібереді.
-
Наубайханада нан
пісіріліп, дүкендерге әкелінеді. Кейбір отбасыларда ұнды сатып
алып, өздері үйлерінен әр түрлі тағамдар, түрлі нандар
пісіреді.
Сергіту
сәті:
Қандай нанның
түрлерін білесің? Нан түрлерін
ата.
Бидайдан басқа
қандай дәнді дақылдарды
білесің?
Егер нан ақ
болса,....
Егер нан қара
болса...
Нан тағы қандай
болады?
Күзде егілген
бидайдан ақ ұн алынады, одан ақ нан
жасалады.
Жазда егілген
бидайдан қоңыр ұн алынады. ІІ сұрып ұны деп аталады. Одан қоңыр ұн
пісіріледі.
Одан басқа ұнды
жүгеріден, меке жүгеріден, сұлыдан алады. Сұлыдан алынған ұннан
жасалған нанды қара нан деп атаймыз. Ол денсаулыққа өте
пайдалы.
Топтық
жұмыс:
І топ: Аппликация.
Бидайдың масағын құрастыру
ІІ топ: Нанның
суретін салу.
ІІІ топ: Нан туралы
мақал-мәтел айту
Мадақтау
|
Интербелсенді
тақта,
Плакат
Мультимедиялық оқу
құралы
|