400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Ас атасы-нан "

Материал туралы қысқаша түсінік
Нанның қадір қасиетін білу. Нанның дастарқанға келу жолын ретімен оқушыларға әңгімелету, нан туралы мақал-мәтелдерді айту. Ас атасы –нанды құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Сөйлеуді дамыту

Мектеп: «Сам орта мектебі» КММ

Күні:17.04.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Беркинбаева Нагыма

Дайындық «В» тобы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Мен үшін не дәмді және пайдалы?

Сабақтың тақырыбы:

Ас атасы-нан

Сабақтың мақсаты:

Нанның қадір қасиетін білу. Нанның дастарқанға келу жолын ретімен оқушыларға әңгімелету, нан туралы мақал-мәтелдерді айту. Ас атасы –нанды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың оқыту мақсаттары:

0.1.1.1- сөздермен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.1 - сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы ьойынша жақын қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану.

0.1.6.1 - қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу

Күтілетін нәтиже:

Тәрбиеленушілердің бәрі: Нан туралы өлеңді жатқа біледі..

Тәрбиеленушілердің көпшілігі: Нанның қадір-қасиеті туралы әңгімелейді.

Кейбір тәрбиеленушілер: Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты өз сөздерінде қолдана алады.

Тілдік мақсат

Көптілділік: нан-хлеб- bread

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Дәнді дақылдар, ұн өнімдері, арпа, сұлы, бидай, қара нан, ақ нан.

Пікір алмасу сұрақтары:

Нанның қандай түрлерін білесіңдер?

Нанның адамға қандай пайдасы бар?

Құндылық

Қазақстан мәдениетінің озық дәстүріндегі тәрбие; әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, терең академиялық білім;

жеке және топқа тиімді жұмыс жасай алу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, сурет

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, мультимедиялық оқу құралы

Алдыңғы білім

Жеміс-жидек пен көгөністер

Жоспар

Сабақтың басы

5 минут









Қызығушылықты ояту

Сыныпқа қалпына келтіру

Психологиялық хәл-ахуал орнату

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін

Бұрынғыдай бүгін де

Қанат қақсын көгершін

Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Өйткені сіздердің білімдеріңізді бағалау үшін сабағымызға апайлар мен ағайлар қатысып отыр. Өз білімімізді жақсы көрсетейік. Сабағымызды бастамастан алдын мен сіздерді топқа бөлемін.

Топқа бөлу:

І топ: Арпа

ІІ топ: Бидай

ІІІ топ: Күріш

Балалар, сабақ соңында сабаққа жақсы қатысқан балаларды мына тоқаштармен бағалаймын.

Өткенді қайталау:

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өтілген тақырыпты бекіту.


І топ: Көгөністердің аттарын ата

ІІ топ: Жемістердің атын ата

ІІІ топ: Көгөністер мен жемістердің пайдасын ата

Мультимедиялық оқу құралы







Сабақтың ортасы


06-24 минут


Мағынаны ажырату

Ой қозғау:

Асты тас, үсті тас

Ортасында піскен ас.

Ол не? ( Нан мен таба )

Олай болса жаңа тақырыбымыз «Ас атасы-нан »

Жаңа тақырып: Ас атасы-нан

  1. Тыңдалым.

Аудиожазбадан тыңдау:

Дән

Жарып шыққан қауызын

Дән-өмірлік азығың

Жегеніңде ақ нанды.

Нәрге толар ауызың.

Ерте тұрып ақ таңнан

Қара жерге нәр құйған,

Айналайын диқаннан,

Егін егіп, нан жиған.

«Жарып шыққан қауызын» дегенді қалай түсінесің?

Өлеңді жаттап келген балаларға айтқызу


2. Нанның дастарқанға келу жолын ретімен әңгімелеу


Нан дастарқанға қалай келеді екен?

  1. Ең бірінші тракторшы жерді жыртады.

  2. Диқаншы дәнді себеді, бидайдың өсуін қадағалап, оны суарып, күтіп баптайды.

  3. Бидай піскесін комбайыншы бидайды орады.

  4. Орылған бидайды астық терминалына апарады.

  5. Ол жерде бидайды кептіріп, диірменге апарып тартады. Шыққан ұнды қалтаға салып қаптайды.

  6. Ұнды дүкендерге, наубайханаларға жібереді.

  7. Наубайханада нан пісіріліп, дүкендерге әкелінеді. Кейбір отбасыларда ұнды сатып алып, өздері үйлерінен әр түрлі тағамдар, түрлі нандар пісіреді.

Сергіту сәті:

Қандай нанның түрлерін білесің? Нан түрлерін ата.

Бидайдан басқа қандай дәнді дақылдарды білесің?


Егер нан ақ болса,....

Егер нан қара болса...

Нан тағы қандай болады?

Күзде егілген бидайдан ақ ұн алынады, одан ақ нан жасалады.

Жазда егілген бидайдан қоңыр ұн алынады. ІІ сұрып ұны деп аталады. Одан қоңыр ұн пісіріледі.

Одан басқа ұнды жүгеріден, меке жүгеріден, сұлыдан алады. Сұлыдан алынған ұннан жасалған нанды қара нан деп атаймыз. Ол денсаулыққа өте пайдалы.


Топтық жұмыс:

І топ: Аппликация. Бидайдың масағын құрастыру

ІІ топ: Нанның суретін салу.

ІІІ топ: Нан туралы мақал-мәтел айту

Мадақтау


Интербелсенді тақта,



















Плакат























Мультимедиялық оқу құралы







Сабақтың соңы

25-30минут



Кері байланыс: Ашық микрофон әдісі

  1. Ұннан жасалатын тағамдарды ата

  2. Нан туралы тыйым сөздер айт

  3. Нан туралы тақпақ айт


Бағалау: Тоқаштармен бағалау


Рефлексия: Ауызша










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
2306
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі