15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ " Астана- жас қала" 3 сынып
«Бейісхазірет негізгі
мектебі»
Исмаганбетова Толкын Амангельдиевна
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
2 санатты
5 жыл
Кімде - кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж. Баласағұн.
«Астана – жас қала» атты ашық сабағымда топтық, жеке және де деңгейлік жұмыстарды қолдандым. Сабақ барысында оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындады. Оның ішінде сөзжұмбақ шешу, класстерлер құру және сабақтың соныңда әр оқушы тақырып бойынша бес жолды өлең құрастырды.
Сабақтың негізгі мақсаты оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру,алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту. Өз Отанына деген сүйіспеншілігін ояту, аулымызды сүюге тәрбиелеу.
Ашық сабақ жоспары
«Астана – жас қала»
(3 сынып)
Сабақтың
тақырыбы: «Астана-бас
қала».
Мақсаты:1.Білімділік: оқушылардың білім
деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу,
сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын
қалыптастыру. 2.Дамытушылық : алған білімдерін толықтырып,
сөйлеу тілін дамыту. 3.Тәрбиелік: Отанға деген
сүйіспеншілік рухында ,қаламызды сүюге
тәрбиелеу.
Сабақ жоспары +
презентация.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,
оқыту, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу,
түсіндіру
Көрнекілігі:оқулық , компьютер, мәтін,
слайдтар, сөзжұмбақ
Эпиграф: Астана –жаңа
қала,арман қала.....
Барысы:
1.Ұйымдастыру
2.»Ой шақыру» әріптерді ретімен орналастыру
3.Астана туралы презентация көру
4.Мәтінмен жұмыс
5.Сөздік жұмысы.
6.Дәптермен жұмыс: деңгейлік тапсырма
7. «Шын немесе жалған»
8.Сергіту сәті
9 Қорытындылау: Бес жолды өлең
10Үйге тапсырма
11.Бағалау
І.Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Әнұран
айту.
-Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыныздар.
-Бүгін нешесе? Аптаның қай күні?
ІІ. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ
шешу.Бүгінгі сабақ,балалар,ерекше
сабақ. Ал сабақтың тақырыбын ашу үшін,сөзжұмбақты шешеміз. Мына
сөздерді ретімен орналастырып бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
шығады.
|
а |
т |
а |
с |
а |
н |
|
1 |
3 |
6 |
2 |
4 |
5 |
Сонымен,балалар қаңдай сөз шықты? – А с т а н
а
ІІІ. Aстана — презентация көру.
Ендеше, бәріміз бірге Астана қаласына саяхат жасайық.
Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтырайық.
IV.Мәтінмен жұмыс :а)мәнерлеп оқу, аудару. ( 79 бет)
Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау)
Астана – жас
қала
Астана – Қазақстанның астанасы. Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан.Оның жазы салқын,қысы суық. Астана үлкен және әдемі қала. Онда биік, әдемі ғимараттар, музейлер, театрлар, мектептер көп. Астанаға қонақтар көп келеді.
V Сөздік жұмысы:
Астана – столица
Жас қала – молодой город
орналасқан-расположен
Биік - высокие
ғимарат-здание
қонақ - гость
Сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру.Тақтада
жазу.
«Ой қорыту» мәтін бойынша 6 сұрақ қою.
1. Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Ол Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
3. Астана қандай қала?
4. Оның жазы, қысы қандай?
5. Онда нелер көп?
6. Астанаға кімдер көп келеді?
VI Дәптермен жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар
III – деңгей:
1-тапсырма: сөздерді қазақ тіліне аударып,сөз тіркесін тап.
Молодой город ғимараттар
расположен қонақтар
высокие орналасқан
здания жас қала
II- деңгей:
2-тапсырма: Дұрыс сөйлем құра:
1. Астана, қала, жас.
2. Астана, Қазақстанда, орналасқан, солтүстік.
3 жазы, оның салқын, суық , қысы.
4. Астанаға, қонақтар, келеді,көп.
I – деңгей:
«Астана» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
А- д/ты, жуан, ашық, езулік
С – д/сыз, қатаң
Т – д/сыз, қатаң
Н – д/сыз, үнді
Сергіту сәті:
Оң жаққа, оң жаққа Алға бір адым басамыз,
Сол жаққа, сол жаққа. Артқа бір адым басамыз,
Биікке қараймыз, Орнымызды табамыз.
Төменге қараймыз.
VII. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Көкшетау ( ... ).
2.Астана – болашағы үлкен қала ( ... ).
3.Менің қалам онша үлкен емес, бірақ өте әдемі ( ... ).
4.Қалаға көп қонақтар келмейді ( ... ).
5.Мен Көкшетау қаласында тұрамын ( ... ).
VIII. «Астана» тақырыбы бойынша класстер жасау.
Сабақтың соңы: Бес жолды өлең құрастыру:
1. 1 зат есім: Астана.
2. 2 сын есім: әдемі,жаңа
3. 3 етістік: гүлденеді,дамиды,өзгереді
4. 4 сөзді сөйлем: Астана- жаңа жас
қала
5.
синонимін табу: Елорда.
Дәптерімізді ашамыз,үй жұмысын жазамыз:
1.Үйге: «Астана» мәтінін мазмұндау,
Баға қою




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген