жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ . Бақыт құшағында .7 Ә сыныбы
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп № 202 орта мектеп Мерзiм № 8
Тақырып Бақыт құшағында
Құндылық Ақиқат Қасиеттері: адалдық, әділдік, намыс, ар- ұят тазалығы
Мұғалiм Курманбаева Сериккул Класс 7 АӘБ Оқушылар саны 20
Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам баласының өмірде бақытқа ұмтылуының өзі ақиқат екенін ұғындыру.
Міндеттері: - оқушыларға бақытты бола білудің жолдарын ұғындыру; - оқушылардың бойында адалдық, ар- ұят тазалығы, намыс, әділдік қасиеттерін дамыту; - оқушыларды бақытты сезіне білуге, біреуге бақыт сыйлай білуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену) Үй тапсырмасын тексеру Оқулықтағы Қ. Толыбаевтың «Бақытқа барар жол» әңгімесін оқып, талдау. Сұрақтар:
|
Сабақ барысын талдау: |
Дәйексөз. Бақыт жарылқаушының қолынан даяр алынбайды, күрес нәтижесінде, әрекет негізінде келеді. Д. И. Писарев Дәйексөздің мәнін ашу. (оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу, 2рет ұлдарға айтқызу.) Дәптерге жазып, жаттап алу. |
|
Әңгiмелеу Бақыт деген
Аңыз әңгіме Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып: - Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, деп өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы өсиетін орындайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, далаға шығыпбіраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке: - Неғып отырсың? - деді. - Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал: - Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - деді. - Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдындағы өсиетін орындаймын деп кедей болдым, - деді. Шал: - Қандай өсиет айтып еді? – деді. Жігіт: - Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - мен жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиет: «Қала сайын үй сал» - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиет: «Ас жесең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды. – дейді. Шал тұрып жігітке: - Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал», дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы бақытты өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас жесең, бал же» дегені: «Еңбек етіп, ас ішсең, балдан тәтті болады, өмірің бақытқа толады» дегені еді, деп қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетінен бақытқа жетудің жолын сонда ғана түсініпті. (Ел аузынан) Сұрақтар: 1. Әкесі баласына қандай өсиет қалдырды? 2. Әкесінің өсиетін бала қалай түсінді? 3. Балаға кім өсиеттің мәнін түсіндіріп берді? 4. Бала түсінгеннен кейін не істеуі мүмкін? 5. Өздерің бақытты қалай түсінесіңдер?
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Оқушылар 2 топқа бөлініп, тапсырмалар орындайды. 1 топқа: Бақытты қалай түсінесіңдер? (сурет бойынша бейнелеп көрсетіңдер) 2 топқа: «Бақыт деген...» тақырыпта өлең шығарып көріңдер 1 ші топ салған суреттерін қорғайды. 2 ші топ М. Мақатаевтың «Бақыт деген...» өлеңінің сөзін өзгертіп көреді.
Бақыт деген
Бақыт жайлы мынау менің білгенім Бақыт деген __________________ Бақыт деген _________________ Бақыт деген _________________ Бақыт деген сенің бала күндерің, Бақыт деген _________________ Бақыт деген _________________ Бақыт деген _________________ Бақыт деген әркімдерде бір арман Бақыт деген ________________ Бақыт деген ________________ Бақыт деген ________________
|
|
Бақыт деген М. Мақатаев
Бақыт жайлы мынау менің білгенім Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің. Бақытын да, басқасында білмеуің Бақытсыз ақ ойнап, күлгенің.
Бақыт деген сенің бала күндерің Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің. Бақытын да, басқасында білмеуің Бақытсыз ақ ойнап, күлгенің.
Бақыт деген әркімдерде бір арман Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт деген М. Мақатаев.
(Сөзі өзгертілген)
Бақыт жайлы мынау менің білгенім Бақыт деген - өмірге сен келгенің. Бақыт деген - ақ, қараны айырып Бақыт деген - құсқа ұқсап қанаттанып жүргенің.
Бақыт деген сенің бала күндерің Бақыт деген - шабыттанған түндерің. Бақыт деген - дәл қазіргі бір сәтің Бақыт деген - уақытың жоқ, мұрсатың.
Бақыт деген әркімдерде бір арман Бақыт деген – мінез- құлқың жайдарман. Бақыт деген - мейірімді адамдар Бақыт деген - өмір екен зырлаған.
Бақыт деген сенің бала күндерің Бақыт деген - шабыттанған түндерің. Бақыт деген - дәл қазіргі бір сәтің Бақыт деген - уақытың жоқ, мұрсатың.
|
|
№9 сабақтағы «Баққытты адамның көйлегі» деген ертегіні оқып, талдау. Дәптермен жұмыс № 8 сабақтағы 1 тапсырманы орындау.
|
|
Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақтан алған әсерімізді есімізге түсірейік. Өмірдегі бақытты сәттеріңізді сезініп, жүректеріңіздің түбіне сақтауға тырысыңыз. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген