400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Бас әріппен жазылатын сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
1- сынып мұғалімдеріне сауат ашу пәнінен қолдауға арналған сбақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:



Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Денсаулық-зор байлық.

Бас әріппен жазылатын сөздер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Балық – рыба – fish

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз!

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, апайлар!

Добрый утро всем нам,

Добрый утро всем гостям!

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Топқа бөлу.

Оқушыларды 3 топқа бөлу: «Ақтау», «Каспий», «Әли»

Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

13 минут




«Болжау» әдісі

Суретті көрсете отырып, мәтіннің тақырыбы туралы не айтуға болатынын болжап айтады.

Тыңдалым

1-жаттығудағы «Дәмді сорпа» мәтінін өзім мәнерлеп оқып беремін.

Айтылым.

Балалар мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

  • Мәтіннің кейіпкерлерін ата.

  • Екеуі не істеді?

  • Олардың қасына кім келді?

  • Жарылғап балаларға не деді?

Балалардың жауаптарын толықтыру , қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын:

  • Мәтіндегі негізгі ойды айтып көр.

  • Балық туралы не білесіңдер?

Бейнежазба көрсетіледі.

Оқылым

Мәтінді тізбектей оқытып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызу, неліктен бас әріппен жазылатынын сұрау.

Ережені есте сақта: Адамның және жер-су аттары бас әріппен жазылады: Досан, Қарағанды, «Балуан Шолақ» спорт кешені.

Жазылым:

2-жаттығу. Мақалды қатесіз, көркем етіп көшіріп жазу. Мағынасын ашу.

Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.

3-жаттығу. «Балық аулау» ойыны

Суреттегі балықтарды таңдап, олардағы жасырынған сөздерді оқу, сұрақ қою, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау. Құраған сөйлемдерді жазу.

Кітап, балық, торғай, орындық.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут





















Қызықты тапсырма

8 мину

4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу. Адам аттарының астын сызу, сұрақ қою.

Жарыстан Ораз озар ма екен? Ажар озар ма екен?

Топтық жұмыс.

1-топ бірінші буыны «Ай» болып келетін адам аттарын гүлдің күлтешелеріне тауып жазу.

2-топ: А дыбысынан басталатын жер-су аттарын тауып жазу.

3-топ: Берілген суреттерге қатысты жалқы есім тауып жазу.

Дәлелдеу.

Өздерінің аттарын неліктен осылай қойғандығын айтып, дәлелдейді.

Ойын: «Кім жылдам?»

Балықтардың артына жазылған сөздерді екі шелекке бөліп салу.

Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Бағалау.

Мадақтау, белсенді қатысқан оқушыларды атап кету.


Бас бармақтар





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1022
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі