Материалдар / Ашық сабақ " Бастаулардың бастауы" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ " Бастаулардың бастауы" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға адам өміріндегі туған үйдің алатын орны туралы түсіндіру арқылы Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін – өзі тану пәні сабағының жоспары


Мектеп: К.Қаракөзов атындағы № 235 орта мектеп

Күні: 25.11.2020

Сынып: 3 «А»

: 11

Мұғалімі: Абубакирова М.Қ.

Оқушылардың саны:14

Сабақтың тақырыбы: Бастаулардың бастауы...

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік,жанашырлық,бауырмалдылық,

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі туған үйдің алатын орны туралы түсіндіру арқылы Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • туған үйдің маңыздылығын түсіндіру;

  • мейірімділік қасиетін дамыту;

  • жанашырлыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. 2-5 мин

5 Т – ережесі:

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.



2. Үй тапсырмасын тексеру. 6 мин

1. Оқулық , 54 бет №11 сабақ Қастек Баянбай «Үйің» өлең жолдарын оқып келу.

Сұрақтар:

1. Туған үй несімен қымбат?

2. Адамға туған үйі не үйретеді?

3. Туған үйге оралғанда адам қандай әсерге бөленеді?

4. Туған үйіңді қалай қадірлейсің?



3. Сабақтың дәйексөзі. 5 мин

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Отбасы-жылылық ұясы»

Нақыл сөз

Сұрақтар:

  1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

  2. Отбасы жылулығы ұғымын қалай түсінесіздер?



4. Әңгімелеу . (Мұғалім сыйы) 8 мин



Әкеден қалған мұра

Ертегі


Бір қарияның үш ұлы болыпты. Бір күні қария ұлдарын жинап былай депті:

  • Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Мен сендердің әрқайсыларыңа бір теңгеден берем. Сол теңгеге сендербір зат алып осы бөлмені толтырыңдар.

Үлкен ұлы әкесінің берген теңгесіне екі қап масақ алыпкеліп, оны бөлмеге шашады.Бірақ, бөлме екі қап масаққа толмайды.

Екінші ұлы әкесінің берген теңгесіне қауырсын сатып алады:

- Сіздің берген теңгеңіз тек осыған жетті, - деп, қауырсынды бөлмеге шашады, бірақ бөлме оғанда толмайды.

Әкесі балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:

  • Сен неге үндемейсің? Сен бөлмені немен толтырасың?- дейді.

Сонда кенжесі былай депті:

-Мен мына бөлмені жүрегімдегі шырақпен, жылулықпен толтыруға тырысам.Оны тек бөлмеге ғана емес, бүкіл әлемге, жанымдағы адамдарға ізгілік қасиетімен толтыруға тырысам, -деп әкесіне шырақ жағып көрсетеді.

- Осы шырақтың отындай жүрегімнің жылуымен, ізгілік қарым-қатынасын жасаймын!-дейді кенжесі.

Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп, кіші ұлын айтыпты. Үлкен баларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.


  • Қария үлкен ұлдарының жауаптарына не себепті қанағаттанбайды?

  • Бөлмені жүректегі шырақпен, жылулықпен қалай толтыруға болады?

  • «Шырақтың отындай жүрек жылуымен, ізгілікті қарым-қатынас» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сүйіспеншіліктеріңді өзгелерге, қоршаған ортаға қалай білдіресіңдер?

  • Өздеріңнің қарым-қатынас жасауларыңның сипаты туралы айтып берсеңіздер.


«Мөлдір бұлақтан» I-том

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. 10 мин


Оқушылар үш топқа бөлінеді.


1-топ. «Мейірімділік»

Туған үйге қатысты жылы сөздерді топтастырып жазып,постер қорғау.

2-топ. «Жанашырлық»

Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып,мақал-мәтелдерді оқыңдар.


Өз ... – өлең төсегің.

Туған үйдің ... де жылы.

... үй-базар.

Туған...- тірегің.

Өз үйім-кең...боз үйім.


Қажетті сөздер: үй,түтіні,балалы,сарайдай,үйің.


3-топ. «Бауырмалдылық»

Өз үйлеріңнің суретін салыңдар.



6. Топпен ән айту. 3 мин

Өлеңін жазған Сабырхан Асанов

Әнін жазған Әсет Бейсеуов


Қошақаным қайда екен?


Жазда апамның ауылына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Ойнап шықты жүгіріп.

Қайырмасы:

Ақ маңдайы ай ма екен?

Шекер ме екен,бал ма екен?

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?


Демалыста өзіңді,

Тағы іздеп барамын.

Бір қошақан бәрі бір,

Сені тауып аламын.

Қайырмасы:

Қозыларым жүр ме екен?

Ерке сұлу сол ма екен?

Мені қашан келер деп,

Сағынып ол жүр ме екен?!

Қайырмасы:



7. Үй тапсырмасы.1 мин

1. Оқулық, 56 бет № 11 сабақ Қасым Қайсенов «Үйді сағындым» мәтінін оқып келу.

2. Дәптермен жұмыс.№ 11сабақ -бет 4-тапсырма. Суреттерге қарап,әңгіме құрастырып айтыңдар.


8. Сабақтың қорытынды сәті. 2 мин

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!