жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ " Біз не үйрендік?"мектепалды даярлық тобы
Авторы: Осатай Айнур Кордашкызы
Ақмола облысы Целиноград ауданы , Қараөткел ауылы, «Тасбақа» балабақшасы мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Білім беру салалары: Таным. Коммуникация.
Тақырыбы: Біз не үйрендік?
Мақсаты: а) Бағдарлама бойынша балалардың білімін тиянақтау.
ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Бастаған істі аяқтай білуге,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Билигвальды компонент: бауырсақ –колобок
Әрекеттің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеттері |
Балалардың іс – әрекеттері |
Ұйымдасты рушылық, оқытушы лық, қызықтыру шылық
|
-Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетімізге қонақтар келіп отыр, сондықтан барлығымыз қатысайық. Осы оқу іс әрекетімізде сендермен жыл бойы алған білімдерімізді қайталаймыз. Соларға байланысты ойындар мен қызықты тапсырмалар орындаймыз. Шаттық шеңберіне тұрайық. Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап сәлем! Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап сәлем! Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла сәлем! Кел, қосылып айтайық, бір бірімізге сәлем! Қуанамын менде, Қуанасың сенде, Қарсы алайық достарым! Келді қонақ бізге!
|
Сабаққа көңіл бөледі.
Амандасу түрлерімен бір бірімен амандасады. |
Ұйымдасты рушылық Ізденушілік
|
Біз сендермен қандай оқу іс әрекеттерін таныс болдық? Ертегілер тыңдағанды жақсы көресіңдер ма? Қандай ертегілер білесіңдер? Ендеше, бүгін сендермен «бауырсақ» ертегісіне қонаққа барамыз. Ол үшін көзімізді жұмып мына әуенді тыңдаймыз. Баяғыда кемпір мен шал болыпты. .. Шал ау мен бауырсақты немен жасаймын, үйде ұн жок. Балалар, кемпірге көмектесеміз бе? №1 Ұнды сатып алу. Апта, жыл мезгілдері. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем айларын кім атап береді? -Көктем мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді? Бала: Жасыл көктем келеді, Самал беттен өбеді. Көкте бұлттар көбейсе, Мөлдір тамшы төгеді. -Бір жылда неше ай бар? -Бір аптада неше күн бар? -Бір жылда неше жыл мезгілі болады? Ойын. «орнын тап» Мына суретте жыл мезгілдері өз ретінен ауысып кеткен екен. Ендеше, біз ретімен орналастырайық. -Апта аттарын кім айтып береді? -Ендеше, апта аттарына баланысты қандай өлең білеміз? Дүйсенбіде- бауға бардым, Сейсенбіде- суға бардым. Сәрсенбіде- картоп қаптадым, Бейсенбіде -би биледім. Жұма күні - жидек тердім. Сенбіде серуенге шықтым, Жексенбіде үйде жаттым дем алып. №2 Бауырсақты пісіру. Ол үшін санамақ, жаңылтпаш айтып берейік. Қане , біз санамақ білеміз бе? Санамақ айту. №3 Терезеден түсіру. Ол үшін біз сауат ашу негіздерінен алған білімдерімізге сүйенеміз. «Белсенді әріптер» бойынша сұрақтарға жауап береміз. Қазақ тілінде неше әріп бар? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыс дегеніміз не? Буын неден құралады? Буыннан не құралады? Сөзден не құралады? №4 Қоян кездеседі. )қоянның тапсырмалары.1-тапсырма 1-ден 20-ға дейін тура және кері санау. Сандардың ретін табу, жасырын сандарды табу «Ойлан да, тап.» логикалық есеп 1. Бес алманың үшеуін, досың сұрап алады. Атшы сонда нешеуі ,өз қолыңда қалады?(2) 2.Екі балапан тұр, Екі балапан отыр. Шатаспай тез ойлансаң, Барлығы қанша балапан?(4) 3. Табақта төрт өрік, қолымда бөрік бір. Қосқанда барлығы болады қанша өрік? 4. Тал бойында тізіліп, Бес жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, Ұшып кетті екеуі, Ілініп тұр әлі жапырақтың нешеуі? Енді, суреттер бойынша есептер құрастырайық. Сергіту сәті. «Қызыл өрік» әніне би қимылдарын жасау. 5-тапсырма. Аю кездеседі. Аюдың тапсырмасы. Валеологиядан сөзжұмбақ шешу. 6- тапсырма. Қасқыр кездесу. Ертегі тыңдау. Қуыршақтар арқылы ойдан ертегі құрастыру. 7- тапсырма. Түлкі кездеседі. «Сиқырлы сөздер құрау» Топтық тапсырма .
«Балық аулау» ойыны. 8-тапсырма. Енді бауырсақ уйіне қайтар жолдан адасып кетті. Оған көмектесу керек. Егер мына ойындағы сұрақтарға тез жауап берсеңдер , жол табылады. «Ойлан не болуы мүмкін? Егерде, « ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң.. «....адамдар құстарша ұшып уйренсе....» «....иттер адамша сөйлеп үйренсе...» «.... су құбыры кранынан шырын аға бастаса...» 5- тапсырма. Сыйқырлы сөздер құрау. 1-топ. Алма, қасық, достар 2- топ. Бала, үйрек, бақша -Балалар, ендеше мына әріптерден сөз құрап беріңдер. Балалар бүгінгі оқу іс әрекетінде біз өткен тақырыптарды қайталай отырып, бауырсаққа көмектестік. Оның бәрі біздің алған білімдеріміздің жемісі. Сендерге бауырсақ алғысын айтып жатыр. Бүгінгі ертегілер елінде болдық. Ойын сабағынан алған әсерлеріңді көңіл күйлеріңді күлегештер бетіне білдіре қойыңдар. -Балалар , біз сонымен не үйрендік? -Нешеге дейін санап үйрендік? -Қазақ тілінде неше әріп бар екен?
|
ҚМҰҚ Сауат ашу негіздері т.б
Сұрақтарға жауап береді.
Тақпақтар, санамақтар атады.
Тапсырмаларды орындау.
Балалар топқа бөлінеді.
Есептер шығарады.
Сергіту сәтін орындады.
Ребус шешеді. |
Рефлекстік түзету |
-Балалар оқу іс-әрекет ұнадыма? -Қай тапсырма қызықты болды? -Ендеше, мына смайликті тақтаға жапсырындар. |
Балалардың жауабы тыңдалды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: өтілген тақырыптар бойынша өз ойларын еркін айтып береді.
Болу керек: білімді, еркін болуға шапшаң жауап беру керектігін түсінеді.
Үйрену керек: берілген тапсырмаларды орындап , толық жауап бере алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген