400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Болымды және болымсыз етістік" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға болымды және болымсыз етістіктерді бір-бірінен ажырата білу, білімдерін кеңейту.

  2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытыу, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.

  3. Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту.Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қош келдіңдер балалар!
Оқуға құмар даралар!
Сабағымызды бастайық,
Маған назар салыңдар!

  1. Психологиялық дайындық.

Ойға толсын санамыз.

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз!

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

4-жаттығу

  1. Үй тапсырмасын бекіту.

Семантикалық карта арқылы оқушылардың етістік туралы біліміндерін пысықтау

Ой қозғау.

Постер қорғау. Етістік туралы білетіндерін пысықтау.

1-топ: Суреттер таратылып беріледі, сол суреттегі затты етістікке айналдыру қажет.

2-топ: Сол етістіктерді болымсыз етістікке айналдыру қажет.

Бір-бірін бағалау. Ереже айту

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

1)Өлеңді мәнерлеп оқу

2)Болымды , болымсыз етістіктерді табу

3)өлең не туралы?

4)мағынасы қарама-қарсы сөздер бар ма?

2-жаттығу

1)етістіктерді табу

2)болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыру

3-жаттығу

1)етістіктерді сөз құрамына талда.

2)тағы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

Сергіту сәті

4-жаттығу

1)мәтінді оқып, талдау

2)мәтіннен етістіктерді тауып, сұрақ қою.

3)болымсыз етістігі бар сөйлемді көшіріп жазу.

5-жаттығу

1)адасқан сөздердің орнын табу

2)болымды етістіктің астын бір, болымсыз етістіктің астын екі сызықпен сызу.

3)болымсыз етістікті сөз құрамына талдау



Тақтамен жұмыс.



35-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.



Кешікпе, жамандама, жыртпа, бүлдірме. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып сөйлем құрап жазу.



Шығармашылық тапсырма.



36-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десең

4 топқа төрт түрлі тапсырма:

Бірінші топ- өлеңді мәнерлеп оқу.

Екінші топ- автор туралы мәлімет беру.

Үшінші топ- өлең жолдарын аяқтау.

Төртінші топ- өлеңнен болымды және болымсыз етістіктерді табу.



37-жаттығу. Етістіктерге тиісті жұрнақтарды қос.

Ой қозғау. Тыйым сөздер туралы не білеміз, балаллар?. Күнделікті өмірде, қазақтар тыйым сөздерді көп пайдаланған, пайдаланып келеміз. Олардың мәні мен мағынасы өте зор. Мысалы: үйге қарай жүгірме- қайғы, бос бесікті тербетпе- балаға жамандық шақырғаның.



39-жаттығу. Өлеңді екі-үш рет қайталап оқып, жатқа жаз.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме.

Бақталастық білдірме.

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.



Болымсыз етістіктің астын сыз.тыйым сөздердің мәнін түсініп есіңе сақта.

Сергіту сәті:



Постермен жұмыс:



40-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.





Бірінші топ- Сурет бойынша әңгіме құрау.

Екінші топ- Көктем туралы сурет салу.





  1. Сабақты қорытындылау.

Балалар бүгінгі сабағымызда нені өттік. Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?.

Болымды етістік- қимыл іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Болымсыз етістік- болымды етістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.



  1. Сабақты бекіту.

Әр топ өз тобын топтастырады.

Бірінші топ- Зат есім.

Екінші топ- Сын есім.

Үшінші топ- Сан есім.

Төртінші топ- Етістік.



  1. Үйге тапсырма. 38-жаттығу.

  2. Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
2969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі