400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ : Бүйрек аурулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал медицина колледжінің оқытушыларына әдістемелік құрал ретінде жасақталған.Әдістемелік нұсқауда әртүрлі инновациялық әдістерді қолдану арқылы бүйрек ауруларының даму себебін, патогенезін,клиникасын, диагностикасын,емін,күтімін білім алушыларға түсіндіру.Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің ауруларымен ауырған балаларды тексеруде практикалық дағдыларды дұрыс, нақты жүргізе білуге үйрету. 2.Емшек жасындағы балалардың зәрін жұрыс жинауға үйрету. 3.Гломерулонефрит, пиелоноефритпен ауырған балаларды қарау, зерттеу әдістерін жүргізу. Студенттерді теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ



«ҚАРАЛДЫ» «БЕКІТЕМІН» ЦӘК мәжілісінде ОӘЖ директоры ЦӘК төрайымы___________ __________ М.Ж.Кенжеғалиева «____» ____________2017ж. «____» ____________2017ж.









Ашық сабаққа арналған

әдістемелік нұсқау

(клиникаға дейінгі практикалық сабақ)


Тақырыбы: «Жіті, созылмалы гломерулонефрит. Пиелонефрит.

Зәр шығару жүйесінің инфекциясы»

Пән: Балалар аурулары

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі» ІV курс, VIІ семестр





Дайындаған:

Балалар аурулары пәнінің оқытушысы: Жанбатырова С.К









АҚТАУ – 2017ж

Тақырыбы: «Жіті, созылмалы гломерулонефрит. Пиелонефрит.

Зәр шығару жүйесінің инфекциясы»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқыту: Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің ауруларымен ауырған балаларды тексеруде практикалық дағдыларды дұрыс, нақты жүргізе білуге үйрету.

2.Емшек жасындағы балалардың зәрін жұрыс жинауға үйрету.

3.Гломерулонефрит, пиелоноефритпен ауырған балаларды қарау, зерттеу әдістерін жүргізу. Студенттерді теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге үйрету.

2. Тәрбиелік: Балалрдағы бүйрек және зәр шығару мүшелері ауруларының алдын алу, күтім ерекшеліктеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

3. Дамыту: Теорияда өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге қосымша іздену.

Пән ішілік байланыс: Тақырып: Баланы тексеру әдістері

Пән аралық байланыс: Қалыпты анатомия және физиология.

Тақырып: «Зәр шығару жүйесінің анатомиясы, физиологиясы».

Ішкі аурулар пәні. Тақырып: «Зәр шығару жүйесінің аурулары. Пиелонефрит. Гломерулонефрит. Цистит»

Оториноларингология пәні. Тақырып: «Баспа, созылмалы тонзиллит»

Көрнекі - құрал жабдықтар: суреттер, есептер, тесттер, мүсіндер, қуыршақтар, рольдік ойындар, стандарттар, бейнетаспа, телевизор, құжаттар, кассеталар, бұйрықтар, құралдар.

Өткізілетін орны: Балалар аурулары кабинеті

Оқытушыға арналған оқулықтар:

  1. «Педиатриядағы медбике ісі» І, ІІ – том Алмас Көптілеу., Астана 2015

  2. «Современная педиатрия» Н.А.Федько.,Ростов-на-Дону «Феникс», 2007

  3. Педиатрия для фельдшера Н.Г.Соколова., В.Д.Тульчинская., Ростов-на-Дону «Феникс», 2001

  4. Семейная медсестра. Педиатрия. В.Д.Тульчинская., Ростов-на-Дону «Феникс», 2003

  5. Балалар ауруларының пропедевтикасы мен балаларда жиі кездесетін аурулар. Б.Н.Баймухамбетова., М.А. Садуақасова., Астана, 2002

  6. Балалар аурулары. К.А.Святкина. Аударған: Ж.Әбішов Алматы., Ана тілі 1993

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Сабақ өткізу әдісі: Практикалық іс - әрекеттерді игеру, интерактивті әдістерді қолдану.

Сабақтың типі: Үйреніп жатқан материалдарды қайталау және икемдікпен дағдыларды меңгеру сабағы.

Сабақты өткізу түрі: Тәжірибелік жұмыс сабағы.


Сабақтың құрылымы мен хронокартасы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут

  2. Сабақты түсіндіру 45 минут

  3. Өз бетімен жұмыс 90 минут

  4. Оқушылардың білімдерін пратикалық іс-әрекеттерді

меңгеруін бақылау. 110 минут

5. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау 10 минут

6. Үйге тапсырма 10 минут


Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.

Оқытушы аудиторияның сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыны белгілеу, кабинет дайындығын тексеру, оқушының сырт келбетін қарау.

ІІ. Практикалық іс-әрекеттер бойынша сабақ түсіндіру. Практикалық іс - әрекеттерді тәжірибе жүзінде фантомда, құрал - жабдықтарды қолдану арқылы көрсетіп, түсіндіру. Манипуляциялық дәптерге сұрақтарды жазу. Стандарттар бойынша жұмыс жасау.


Практикалық іс-әрекеттер

  1. Зәрді жалпы анализге жинау

  2. Ерте жастағы ер балалардың зәрін жинау

  3. Ерте жастағы қыз балалардың зәрін жинау

  4. Зәрді Нечипоренко әдісімен жинау

  5. Зәрді Зимницский әдісімен жинау

  6. Зәрді қантқа тексеруге жинау

  7. Қуыққа катетер енгізу

  8. Зәрдің тәуліктік мөлшерін /диурез/ өлшеу

  9. Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруына шалдыққан ауру балаларды күту

  10. Лабораторияға жолдама жазу

  11. Аддис - Каковский сынамасы бойынша зәрді жинау

  12. Зәр жедел тоқтап қалғандағы көрсетілетін көмек

ІІІ. Өз бетімен жұмыс. Оқушылардың көрсетілген практикалық іс - әрекеттер бойынша, өз бетімен фантомда жұмыс жасап жаттығады, оларды фантомда көрсетіп, лабараторияға, ауруханаға жолдама жазады.


ІV. Оқушылардың білімдерін, практикалық іс - әрекеттерді меңгеруін тексеру.


Тест.

І-нұсқа


1.Пиелонефрит -

а/бүйрек домалақшаларының қабынуы

в/қуықтың қабынуы

с/бүйрек түбегінің және тканінің инфйекциялы қабынуы

д/ет жолдарының қабынуы

е/он екі ел ішектің қабынуы


2.Пиелонефритке тән симптомдар:

а/ гематурия,протеинурия

в/бактериурия,лейкоцитурия

с/глюкозурия,полидепсия

д/полиурия,полидепсия

е/макрогематурия,микрогематурия


3.Пиелонефритте тағайындалады:

а/№10 стол

в/№9 стол

с/№7 стол

д/№5 стол

е/№1стол


4.Энурез

а/ күндізгі зәрдің болмауы

в/зәрдің жиілігінің бұзылуы

с/түнде зәрді ұстамау

д/зәрдің мүлде болмауы

е/зәрдің аз мөлшерде болуы


5.«Нефротикалық синдром» тән:

а/гломерулонефритке

в/ревматизмге

с/пиелонефритке

д/циститке

е/гепатитке


6.Зәрдің меншікті салмағының төмендеуі:

а/ гипостенурия

в/гиперстенурия

с/изостенурия

д/протеинурия

е/ олигурия


7.Пиелонефриттің басты емі:

а/ Антибактериальдық ем

б/ Антигистаминдік ем

с/ Симптомдық ем

д/ Витаминде

е/ Сарысу егу


8.Қыз балаларда пиелонефриттің жиі даму жолы:

а/Гематогендік

б/Өрлеу (уриногендік)

с/Қатынас

д/Лимфогендік

е/Ауа – тамшы жолы


9.Бүйректің концентрациялау қабілеті анықталады:

а/Аддис - Каковский әдісі

б/Нечипоренко

с/Зимницкий

д/Тәуліктік диурезді зерттеу

е/Қандағы қантты анықтау


10.Гломерулонефриттің бүйректен тыс белгісі:

а/Температураның жоғарылауы

б/Ауырсынып дәрет бөлу

с/Гиперкинез

д/Қан қысымының жоғарлауы

е/Гипергликимия


ІІ-нұсқа

1.Гломерулонефритте зәрдің түсі:

а/сыра түстес

в/ «ет жуған су» тәріздес

с/лай түсті

д/қоңырқай түсті

е/ мөлдір

2.Зәр тығыздығы мынадай әдіспен анықталады:

а/Аддис-Каковский

в/Нечипоренко

с/Зимницский

д/Амбурже

е/ Сулькогвия


3. Протеинурия, гематурия, олигурия симпомдары тән:

а/гломерулонефритке

в/қант диабетінде

с/циститке

д/ревматизмге

е/ холециститке


4.Гломерулонефриттің себептері:

а/Кох таяқшалары

в/Леффлер таяқшасы

с/В-гемолитикалық стрептокок

д/пневмококк

е/ лептомпироздар


5.«Нечипоренко әдісі» бойынша зәрден анықтайды:

а/белокты

в/эритроцит,лейкоциттерді

с/тромбоциттерді

д/глюкоза,крахмалды

е/ бактерияларды


6.Гломерулонефрит бұл:

а/Тұқым қуалайтын ауру

б/Вирустық ауру

с/Микробтық қабыну

д/Инфекциялық - аллергиялық ауру

е/Паразиттік ауру


7. Екіншілік пиелонефрит дамиды:

а/Бүйрек және несеп шығару жолдарының аномалиясында

б/Ағзадағы зат алмасу бұзылғанда

с/Иммундық тапшылық жағдайларында

д/Қант диабетінде

е/Бүйрекке гемотогендік жолмен аллергендер түскенде


8.Гломерулонефритте зақымданады:

а/Тостағаншалар

б/Төменгі иректі түтікшелер

с/Бүйрек шумақшалары

д/Милы зат

е/Генле түтікшесі


9.Гломерулонефритте несептің көпіршіктенуі ... белгісі:

а/Глюкозурияның

б/Протинурияның

с/Лейкоцитурияның

д/Гемотурияның

е/Цилиндрурияның


10.Гломерулонефриттің бүйректен тыс белгісі:

а/Температураның жоғарылауы

б/Ауырсынып дәрет бөлу

с/Гиперкинез

д/Қан қысымының жоғарлауы

е/Гипергликимия

Дұрыс тест жауаптары:


с

в

в

с

с

а

с

с

а

в

а

а

а

а

б

с

с

б

д

д


Интелектуальды шоу ойындары

Мақсаты: Оқушылардың теориядан алған білімдерін практикада іс-әрекет жүзінде, қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.


Ойынның жоспары:

  1. «Бәйге»/шарты:сұраққа тез жауап қайтару/

  2. «Кім тапқыр?»/шарты:цифрлы диктанттың мөлшерін анықтау/

  3. «Көкпар»/шарты: топпен ақлдаса отырып, сұраққа жауап қайтару/

а/ «Сараптамалық тану»/шарты: көрсетілген сараптама нәтижесі бойынша, қандай ауру екенін айтып, паталогиялық өзгерістерге тоқталу/

б/Әрбір топ қарсылас топқа практикалық іс-әрекеттер бойынша сұрақтар қойып, практикалық іс-әрекеттердің жасалуын көрсетеді.

  1. «Мені түсін»/шарты: карточкада берілген науқастың шығамын, клиникалық белгілерін салыстыра отырып, зерттеу әдісін,емдеу, күтім ерекшеліктерін айту/

  2. «Кім қырағы» /шарты: оқушылардың көз алдынан бірнеше мед терминдер жазлған плакат өткізіледі, олар есте қалған терминдерді жазады/


Бәйге

І топтың сұрақтары.

  1. Бүйрек шумақтарының қабынуы – (гломерулонефрит)

  2. Белоктың зәрге өтуі – (протенурия)

  3. Зәрдің көп бөлінуі – (полиурия)

  4. Зәрдің құрамындағы эритроцит пен лейкоциттер зәрді қай әдіспен жинағанда анықталады? (Нечипоренко)

  5. Ішкен сұйық пен шыққан зәрдің айырмасы аталады – (су балансы)

  6. Зәр шығарудың бұзылуы – (дизурия)

  7. Түнгі зәрді ұстамаушылық – (энурез)

  8. Тәуліктік зәр мөлшгерінің азаюы – (олигурия)\


ІІ топ сұрақтары

  1. Бүйректің морфологиялық бірлігі - (нефрон)

  2. Зәрдің тығыздығын анықтауға қолданылатын әдіс – (Зимницский)

  3. Пастернацский белгісі қай ауруда анықталады – (гломерулонефритте)

  4. «Ет жуған су тәрізді» симптом қай ауруға тән - (гломерулонефритке)

  5. Бактериурия лейкоцитурия белгілері қай ауруға тән – (пиелонефритке)

  6. Несептің кідіруі – (ишурия)

  7. Зәрдің меншікті салмағының төмендеуі – (гипостенурия)

  8. Зәрде іріннің болуы – (пиурия)

«Кім тапқыр?»

Цифрлы диктант

І топ

  1. Дені сау балалардағы қалыпты жағдайдағы зәрдің тығыздығы.

  2. Нечипоренко әдісі бойынша зәрдегі эритроцит саны.

  3. Бактериологиялық зерттеуге алынатын зәрдің мөлшері

  4. Қуыққа енгізілетін катетрдің ұзындығы

  5. Бүйрек ауруларында нешінші стол тағайындалады?

  6. Жалпы анализге зәрді жинау мөлшері?

  7. Қолданған катетрлерді неше минут қайнатады?

  8. Жаңа туған балада қуықтың көлемі.

ІІ топ

  1. Зәр реакциясы-

  2. Зимницский әдісі бойынша зәрді неше ыдысқа жинайды?

  3. Нечипоренко әдісімен тексеруге алынатын зәрдің мөлшері:

  4. Ересек бала бір тәулікте неше рет зәр сындырады?

  5. Нечипоренко әдісі бойынша зәрдегі лекйоциттер саны.

  6. Жаңа туған бала 1 тәуләкте неше рет зәр бөледі?

  7. Бір жастағы балада қуықтың көлемі?

  8. Қуыққа енгізілетін катетрдің диаметрі.


Цифрлы диктанттың жауаптары

І-топ

  1. 1.1003-1028

  2. 1000

  3. 15-25мл

  4. 25-30 см

  5. №7 стол

  6. 100-150мл

  7. 10-15 мин

  8. 50 мл

  9. 12 сағатта


Цифрлы диктанттың жауаптары

ІІ-топ


  1. 6,0-7,0

  2. 8

  3. 10 мл

  4. 4-5 рет

  5. 2000

  6. 80-85 мм сынап бағанасы

  7. 20-25 рет

  8. 200 мл

  9. 3-4 млм


«Сараптамалық тану»

№1

Төмендегі зәр анализі бүйрек ауруының қай түріне жатады?


Зәр мөлшері-50,0

Зәр түсі-лай

Тығыздығы-1020

Белок-0,033

Лейкоциттер-50

Бактериялар++

№2

Бүйрек ауруының қандай түріне, зәрдің анализі сай келеді?


Зәр мөлшері-100,0

Зәр түсі-ет жұған су тәрізді

Тығыздығы-1018

Белок 1,65

Эритроциттер-көп мөлшерде

Лейкоциттер-5-10

№3

Бүйрек ауруының қандай түріне жатады?

Зәр мөлшері-50,0

Зәр түсі-лай

Тығыздығы-1006

Белок-1,66

Цилиндрлер1-6

Лейкоциттер-көп мөлшерде


Сараптамалық тану жауаптары

№1 Пиелонефрит

№2 Гломерулонефрит «аралас түрі»

№3 Пиелонефрит

Жағдаяттық есептер

Мақсаты: Студенттердің логикалық білім деңгейін бақылау мақсатында беріледі.


№ 1 - Есеп

Сіз селолық ауруханада фельдшер болып жұмыс істейсіз. 2 жастағы бала келіп түсті. Ол жедел ауырған. Дене қызуы 38,9°С, жағдайы кенет нашарлаған:әлсіз, құсады, тамақ ішпейді, кіші дәретке отырғанда мазасызданады, зәрі лайлы.

  1. Қандай ауру ?

  2. Диагноз қоюға көмектесетін тексеру әдістері?

  3. Жалпы қан сынамасынан қандай өзгерістер күтесіз?

  4. Сіздің тактикаңыз?

  5. Тамақтандыру жөнінде кеңес беріңіз

  6. Күту әдістері

Жауабы:1. Аурудың жедел басталуын, улану белгілерін /температура 38 С, әлсіздік, тәбеті төмен құсу /кіші дәреттің жүруінің бұзуын/дизуриялық белгілер/ескере келе «Жедел пиелонефрит» деп ойлауға болады.

2. ЗЖА-лейкоцитурия, протеинурия,пиурия

3. ҚЖА- лейкоцитоз,нейтрофилез,ЭТЖ ұлғайған.

4. Аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне жіберу керек.

5. Күту ерекшеліктері: сүт-өсімдік диетасы, сұйықты көп ішу,қайталау кезеңінде қатаң төсек режимі, диурезді бақылау,қосалқы аурулардан сақтандыру, тазалық шарттарын сақтау, күніне астын 3 рет жуындыру,суықтан сақтандыру.


№ 2 - Есеп

12 жастағы бала дәрігерге келесі шағымдарды айтты: беті ісінген, басы қатты ауырады, зәрінің түсі «ет жуған су» сияқты. Айтуына қарағанда бала 2 апта бұрын іріңді баспамен ауырған. Тексергенде қабақтары ісінген, 2 кариесті тістері бар.

  1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?Дәлелдеңіз

  2. Бұл ауруда зәрдің жалпы анализінде қандай өзгерістер болады?

  3. Баланың ҚҚ қандай болу керек еді?

  4. Сіздің татикаңыз.

  5. Күту ерекшеліктер

  6. Диспансерлік бақылау мерзімі

Жауабы:

1. Шағымы және объетивті тексеруге және анамнездегі созылмалы ауру ошағының барлығын ескере отырып «Жедел гломерулонефрит» деп алғашқы диагноз қойылады.

2. ЗЖА-протеинурия,гематурия,цилиндурия

3. ҚҚ-105\60 мм сынап бағанасымен

4.Аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне жатқызу керек.

5.Диета 7 а түзету стол\мал өнімдерінің белогы мен экстрактивті заттар жоқ\ жағдайы жақсарған соң №7 стол-физиологиялық-мал өнімдері белогы қосылады, аз мөлшерде сұйықты шектеу, аллергиялық тағамдар берілмейді.

6. Күту ерекшеліктері: 1 ай төсек режимі, диурезді бақылау, күту, аурулардан, суықтан сақтандыру, ҚҚ үнемі өлшеп тұру.


Кім қырағы?

Студенттердің есте сақтау қабілетін бақылау мақсатында оқушылардың көз алдынан бірнеше медициналықтермин жазылған плакат өткізіледі, есте қалған терминдерді жазады.


Никтурия

Изостенурия

Олигурия

Энурез

Бактериурия

Анурия

Пиурия

Гипостенурия

Глюкозурия

Ишурия


Гематурия

Кахексия

Протеинурия

Полиурия


Рольдік ойын

Тақырыбы: Балалардағы гломерулонефрит ауруы.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге үйрету, бейімдеу, учаскеде, балалар мекемесінде аурудың асқынуының алдын алу жөнінде,ата – анасына кеңес айтып, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізуге үйрету.

Оқушылар рөлдерге бөлінеді.

Рольдерде:

  • Анасы

  • Баласы

  • Фельдшер

  • Медбике

  • Қабылдау бөлімінің медбикесі

  • Дәрігер

  • Постадағы кезекші медбике

Анасы:

Балам 5 жаста. Соңғы екі аптада балам әлсіз, басы ауырады, тәбеті төмен, таңертең ұйқыдан тұрғанда беті, қабағы ісіп тұрады, зәрінің түсі қызыл, іш өтпейді, дәреті жақсы.

Учаскелік фельдшер:

Қабылдау кезінде фельдшер анасымен амандасып, баласының шағымдарын сұрастырдаы. Анасынан баланың қашаннан бері ауырып жүргенін, жанұяда бүйрек ауруымен ауырған адамдар, бар ма, жоқ па? Қандай тамақ ішіп жүргенін, суды қалай, қанша мөлшерде ішетінін, қай уақыттан бері бетінің, қабағының ісіп жүргенін, тамағының ауыратынын, зәр сындыруға күніне неше рет баратынын, жүрек айну, бас айналу және тағы басқа да белгілерін сұрастырады. Баланың терісін шырышты қабықтарын қарайды, ауыз қуысын, тілін, көмей бездерін қарайды. Кариес тістері бар екенін анықтайды. Жақ асты бездерін сипалап қарайды, бүйрек тұсына пальпация жасап, жүрек шуылдарын тыңдайды, тыныс алуын санайды, қан қысымын өлшейді, тамыр соғу жиілігін санайды, банкаға зәр сындыруын сұрайды, амбулаторлық картасын толтырып, анализдерге жолдама жазады.

Учаскелік медбике:

Баланың салмағын, бойы, дене қызуын, ҚҚ өлшейді. Фельдшердің нұсқауымен лабораторияға жалпы қан, зәр анализдеріне, Нечипоренко әдісіне зәрді тапсыруға жолдама жазады, бүйректі УЗИ - аппаратына зерттеуге жолдама жазады.

Анасы:

Баланы жолдама қағаздарымен зәр анализдерін лабараторияға тапсырады. Баланы УЗИ - ге түсіріп, анализдердің қоытындыларын алып, фельдшерге қайтып келеді.

Фельдшер:

Баланың жағдайын сұрастырады, тапсырған анализдерінің нәтижесі бойынша алдын - ала диагнозын «Гломерулонефрит» қойып балалар ауруханасына жатып, емделу керектігін айтып, түсіндіреді, жолдама жазады.

Анасы:

Учаскелік фельдшердің жолдамасымен балалар ауруханасына баланы алып келеді.

Қабылдау бөлімі, медбике:

Ауру баланың анасымен амандасады, жолдаманы дәрігерге көрсетіп, дәрігерді шақырады.

Дәрігер:

Қабылдау бөлімінде анасымен амандасып, шағымдарын сұрастырады, анамнез жинайды, баланы қарайды, баланы ауруханаға жатқызуын емделуін анасына түсіндіреді, медбикеге қандай палатаға жатқызу керектігін анализдер алу керектігі жөнінде нұсқау береді.Ауру тарихын толтырады, анализдерге жолдама жазып, ем тағайындайды.

Қабылдау бөлімінің медбикесі:

Балын тіркеу журналына тіркейді, анасына баланың аты-жөні, қандай бала -бақшаға баратыны, әкесі, шешесі туралы мәліметтерді сұрастырып, ауру тарихының бетшесін толтырады. Баланың дене қызуын, тамыр соғуын, тыныс алу жиілігін санап қан қысымын өлшейді. Баланың бойын, дене салмағын өлшейді. Педикулезге тексереді, баланың жататын палатасының нөмірін айтып, қандай киім ыдыс, тамсақ керек екенін анасына түсіндіріп айтады.

Постадағы кезекші медбике:

Ауруханаға түскен баланың ауру тарихымен танысып қандай анализдер тапсыру керек екенін белгілеп, балаға қашан, қай уақытта анализ тапсыру керек екенін айтады, дәрет ыдысын береді. Дәрігердің тағайындаған емі бойынша егулерін өткізеді, инструментальды зерттеуге дайындайды, лабораторияға жолдама жазады, қандай тамақ жеп, ішу керектігі жөнінде кеңес айтады, ішкен сұйығы мен бөлген сұйығын бақылайды, ҚҚ өлшейді, дене қызуын ТАЖ санайды. Анализдің қорытындыларын алып, ауру тарихына жапсырады.


Стандарттар

Зәрді жалпы анализге жинау.

Әзірле:

  • Этикетка жапсырылған,200 мл құрғақ таза банканы

  • Салфетканы

  • Жолдаманы

  1. Қолды жуып, кептір, қолғапты ки;

  2. Таңертенгі баланың жыныс мүшелерін жылы қайнаған сумен сабындап жу;

  3. Салфеткамен баланың жыныс мүшелерін сүрт;

  4. Таза құрғақ ыдысқа/150-200мл/ зәрдің таңертеңгі бөлігін жина;

  5. Жолдаманы толтырып, лабораторияға зәрді жібер;

Зәрді жалпы анализге лабораторияға жіберу.

Клиникалық лабараторияға зәрді қантқа зерттеуге жіберіледі.

Баланың аты-жөні__________________________________________________

_________________________________________________________________

Баланың жасы_____________________________________________________

_________________________________________________________________

Диагнозы________________________________________________________

________________________________________________________________

Кім жіберді______________________________________________________

_________________________________________________________________

Дәрігердің аты-жөні__________________________________________________

____________________________________________________________________

Зәрді жинаған мерзімі__________________________________________________

____________________________________________________________________ Медбикенің қолы__________________________________________________

_________________________________________________________________


Ерте жастағы ер балалардың зәрін жинау

Әзірле:

  • Этикаткасы бар зәрге арналған құрғақ таза банканы

  • Клеенканы

  • Жаялықты

  • Салфетканы

  • Пробирканы

  • Лабараторияға жолдама қағаздары

  1. Қолды жу, кептір,қолғапты ки

  2. Клеенканы жаялықты төсе;

  3. t+36 - 37С ағынды судың астына ер баланың жыныс мүшесін \кез келген бағытта\, салфетка баланың жыныс мүшелерін сүрт.

  4. Баланы арқасына жатқыз, салдарының арасына жаялықты сал;

  5. Жаялыққа пробирканы орналастыр, жапсырғышпен қасаға терісіне оны бекіт;

  6. Зәр сындыруын күт;

  7. Зәр сындырғаннан кейін пробирканы алып, зәрді банкаға құй

  8. Қолды жу, кептір

  9. Зәрді жинағаннан кейін 1 сағаттан кешіктірмей зәрді лабараторияға жолдама жазып жібер.



Ерте жастағы қыз балалардың зәрін жинау

Әзірле:

  • Резеңке дөңгелекті;

  • 2 жаялықты

  • Этикеткасы бар зәрге арналған құрғақ таза банканы

  • Лабораторияға жолдама қағаздарды;

  • Клеенканы, салфетканы.

  1. Қолды жу, кептір,қолғапты ки

  2. Резеңке дөңгелекті үрлеп, оны жаялықпен ора;

  3. Кленканы төсеп, оның үстіне тарелканы қой, жаялықпен оралған резеңке дөңгелекті тарелка үстіне қой;

  4. t+36 С, 3,t-37 ағынды су астына қыз баланың жыныс мүшелерін/алдынан артына қарай/ жу, салфеткамен жыныс мүшелерін сүрт.

  5. Қыз баланы резеңке дөңгелекке жатқызып, жаялықпен жап, зәр сындыруын күт;

  6. Зәр сындырғаннан кейін қыз баланы дөңгелектеп ал;

  7. Этикеткасы бар таза құрғақ банкаға тарелкадағы зәрді құй;

  8. Қолды жу, кептір:

  9. Лабораторияға жолдама жазып жібер. Алынған материалды зәр сындырғаннан кейін 1 сағаттан кешіктірмей тасымалдау керек.

Ескерту: Ұзақ уақыт зәр сындырмаса, суы бар кранды аш, немесе балаға су бер.


Зәрді Нечипоренко әдісімен зерттеуге жинау

Әзірле:

  • этикеткасы бар көлемі 200 мл ғана құрғақ банканы

  • салфетканы

  • жолдама-бланкаларды

  1. Қолды жу, кептір, қолғапты ки.

  2. Таңертен баланын жыныс мүшелерін сабындап жылы қайнаған сумен жу.

  3. Баланың жыныс мүшелерін жақсылап, салфеткамен құрғатып сүрт.

  4. «1», «2» есебінде, унитазға немесе судноға зәрдің бірінші бөлігін жібер.

  5. «3», «4» есебінде, мөлшері 10 мл зәрді банкаға жина.

  6. Қалған зәрді унитазға жібер.

  7. Жолдаманы толтырып, зәрді лабораторияға жібер.

Көңіл қой!

Ерте жастағы балалардың зәрін Нечипоренко әдісімен жинау қолайсыздау


Жолдама.

Клиникалық лабараторияға Нечипоренко әдісімен зәрді зерттеуге жіберіледі.

Баланың аты-жөні__________________________________________________

Баланың жасы__________________________________________________

Диагнозы__________________________________________________

Кім жіберді__________________________________________________

Дәрігердің аты-жөні__________________________________________________

Зәрді жинаған мерзімі__________________________________________________

Медбикенің қолы__________________________________________________



Зәрді Зимницкий әдісімен жинау

Мақсаты: бүйректің концентрациялау қабілетін анықтау, тәуліктегі, күндізгі, түнгі диурезді анықтау.
Жабдықтау: заттаңбасы бар 250 мл 8 таза, құрғақ банкалар (міндетті түрде зәрдің мөлшері, жиналу уақыты номермен белгіленеді), қосымша 2-3 банка.
6.00 - 900 № 1 24.00-3.00 №7
9.00 - 12-00 № 2 3.00- 6.00 №8
12.00 - 15.00 № 3
15.00 - 18.00 № 4
18.00 - 21.00 № 5
21.00 - 24.00 № 6

Мейірбикенің іс -әрекеті:
1. Қолды жу, кептір, қолғапты ки.

2. Таңертең сағат 6.00 –де науқас қуығын босатады (несепті жинамайды).
3. Сырқат әр 3 сағат сайын 8 ыдысқа несепті жинайды.
4. Барлық 8 үлесті заттаңбаларымен жібереді;
Егер алынған несеп 1 ыдысқа сыймаса, онда қалдығын басқа бір ыдысқа құяды да заттаңбасына номір-үлеске қосымша несеп деп жазылады. Егер белгіленген уақытта науқас зәр бөлмесе де бос шишаны зертханаға жібереді.

5.Зәр порциясына сәйкес зәрді жинағанда түнде баланы оят.

Ескерту:

  1. Балаларда зәр бөлу ырғағы бос, жиі, сондықтан әр 3 сағатта зәр жинау мүмкін емес. Әрбір зәр сындырған сайын порцияның нөмірі және жинау уақыты көрсетілген бөлек ыдысқа зәрді жинайды. Бұл әдіс Райзельман байқауы деп аталады.

  2. Амбурже байқауымен – зәрді 3 сағат ішінде (8 – 11 дейін) бір ыдысқа жинайды.

  3. Аддис – Каковский әдісімен зәрді таңертеңгі 8 – ден келесі күннің таңертеңгі 8 –ге дейінгі уақыт аралығында бір ыдысқа жинайды.

  4. Жоғарыдағы барлық әдістер бойынша жиналған зәр зерттеуге клиникалық лабораторияға жіберіледі.


Зәрді қантқа жинау


Клиникалық лабараторияға зәрді қантқа зерттеуге жіберіледі.

Баланың аты-жөні__________________________________________________

_________________________________________________________________

Баланың жасы_____________________________________________________

_________________________________________________________________

Диагнозы________________________________________________________

________________________________________________________________

Кім жіберді______________________________________________________

_________________________________________________________________

Дәрігердің аты-жөні__________________________________________________

____________________________________________________________________

Зәрді жинаған мерзімі__________________________________________________

____________________________________________________________________

Медбикенің қолы__________________________________________________

_________________________________________________________________


Қуықты катетерлеу 
Қуықты катетерлеу уретралды катетер көмегімен жүргізіледі. Уретралды катетер - зәр шығару каналы арқылы қуыққа жіберілетін түтікше.
Катетер түрлері: резеңке (жұмсақ), темір (қатты), эластикалық (жартылай қатты). 
Резеңке катетер - ұзындығы 25-30 см, диаметрі 0,33-тен 10 мм дейін болатын резеңке түтікше. Катетердің соңы жабық, жанында сопақ тесігі бар (Нелатон катетері). Тиманның резеңке катетерінің ұшы тұмсық сияқты иілген. Темір катетер ұстағыш, өзек және тұмсықтан тұрады. Ер адам катетерінің ұзындығы 30 см, әйелдердікі 12-15 см, кішкене иілген тұмсығы бар.

Катетерлеуге көрсетпелер: 
- зәрдің жіті тоқтауы;
- қуықты жуып-шаю;
- қуыққа дәрілер енгізу;
- басқа жол болмаған жағдайда зәрді тексеруге алу.
Қарсы көрсетпелер:
- зәр шығару каналының жарақаты.

Қыз баланың қуығын катетерлеу
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты шалқасынан, тізесін бүгіп, шат аралығын кеңірек ашып жатқызыңыз. Астына жайма төсеңіз, дәрет ыдысын қойыңыз. 
2. Қыз баланы алдымен жуындырып алады.
3. Қолды сабындап жуыңыз, қолғап киіңіз. 

4. Дезерітіндіден алынған пинцетпен мақта шаригін алып антисептик ерітіндісіне малып алыңыз.
5. Сол қолдың 1 және 2 саусағымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз.
6. Оң қолдағы пинцетпен сыртқы несеп жолдарының үрпісін антисептикалық ерітіндімен өңдеңіз. Қолданылған шариктерді О,06% деохлор ерітіндісіне, ал пинцетті дезерітіндіге салыңыз.
7. Катетердің ұшынан вазелин майымен майлаңыз.
8. Оң қолмен астаушадан залалсыздандырылған пинцетпен катетерді алыңыз.
9. Катетерді пинцетпен ұстап отырып, оны зәр шығаратын каналға 3 см енгізіңіз, соңын дәрет ыдысына салыңыз. Катетер қуыққа енген кезде, катетерден зәр көрінеді.
10. Катетерді абайлап шығарыңыз.
Ер балаларға катетр енгізу

Науқасты шалқасынан жатқызып, екі аяғын тізесінен сәл бүгіп, ортасына ыдыс қояды. Медбике жыныс мүшесін сол қолына ұстап басын фурациллин ерітіндісіне малынған мақтамен тазалап сүртеді. Оң қолымен пинцетпен басы вазелинмен майланған катетрді алып жайлап енгізеді. Енгізу барысында үш физиологиялық тарылған жерлерінен өту үшін аздап күш жұмсау керек.


Тәуліктік диурезді анықтау

Мақсаты: Бүйрек және басқа да мүшелердің қызметін анықтау (жүрек, бауыр, гипофиз).

Жабдықтау.

3 л шыны ыдыс.

Медбикенің іс-әрекеті

1. Зәр қабылдағышты дайындау.

2. Емделушіге түсіндіру.

Емделушіге нұсқау:

Таңертең сағат 800-де унитазға дәрет сындырасыз, содан соң тәулік бойы зәрді несеп ыдысына жинайсыз да, мөлшерін анықтап жазып алғаннан кейін төгіп тастайсыз. Соңғы рет банкаға таңғы сағат 800-де дәрет сындырасыз. Жазылған қағазды медбикеге беріңіз.

Ескерту: алынған мәліметтерді температуралық қағаздың тәуліктік диурез деген графасына жазып немесе ауру тарихына қағазды жапсырыңыз:

Иванов И.И.

Күні Тәуліктік диурез

17/ 3 2000 мл

18/ 3 2300 мл

19/ 3 1800 мл


Бактериологиялық зерттеуге зәр

Мақсаты: Бактерияның түрі мен сипатын анықтау. Бүйректің микробпен ұрықтану сатысын анықтау.

Жабдықтау:

Мақта-дәкеден жасалған тығыны бар (бактериологиялық зертханадан алу) залалсыздандырылыған пробирка.


Бөлімшенің №______ бөлімнің №______


Жолдама

Бактериологиялық зертханаға

Микрофлораға және антибиотиктерге

Сезімталдығының зәр анализі

Никитин.С.П.

Күні қолы


Емделушіге нұсқау:

«Таңертең мұқият қайнаған су, фурацилин немесе маргонцовканың әлсіз ерітіндісімен дәрет алыңыз, содан соң 10 – 15 мл зәрдің ортаңғы бөлігін алыңыз (пробирка 1/3 бөлігіне мақта тығынына жетпеуі тиіс). Пробирка залалсыздандырылған, сол себепті ол аз уақытқа ғана ашылуы керек. Санитарлық бөлмеге штативпен бірге жолдама қойыңыз».

Ескерту!

Егер зәр табиғи жолмен алынбаса, дәрігердің нұсқаулары бойынша зәрді катетрдің көмегімен алады.


Бүйрек ауруларының күтімі

Мақсаты:

  • аурудың өршуінің алдын алу;

  • бүйрек жетіспеушілігінің алдын алу.

Мейірбикелік іс - жоспар

Негізделуі

1.№7 үстел тұз бен суды шектейді

-Бүйрекке күш түспейді

-Бүйрек ұлпасын тітіркендіру азаяды,ауырғаны басылады

-Сұйықтың ағзада жиналуы ісінуді күшейтеді, қанқысымы көтеріледі

Пиелонефриттің жедел кезінде диурезді бақылай отырып, сұйық көп берілу керек

Пиелонефрит улану белгілерімен жүреді, сондықтан детоксикация қажет.

1.Гломерулонефритпен ауыратын науқастың рационынан аллергенді тағамдарды алып тастау қажет

Гломерулонефрит инфекциялық – аллергиялық ауру.


2. Аурудың жедел кезеңінде төсек режимі қатаң сақталады. Ісік кетіп, қан қысымы түскеннен кейін жартылай төсек режиміне көшіріледі.

«Бүйрек төсекке жатқанды жақсы көреді», себебі ауырғаны басылады, қанмен жабдықталуы жақсарады, регенерация жақсарады.

3.Күнде диурездің мөлшерін бақылау, дене салмағын анықтау

Ісік синдромының динамикасын бақылау

Полиурия, олигоурия, никтурия бүйрек қызметінің бұзылғандығын көрсетеді.

5.Науқасты суықтаудан, жұқпалы аурулардан сақтандыру қажет

Иммунитет төмендейді. Кез-келген инфекция аурудың өршуіне әкеледі

6.Жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау

Пиелонефрит өрлеу жолымен дамиды

7.Үнемі қан қысымын өлшеу, туыстарына қан қысымын өлшеу техникасын үйрету керек

Қан қысымы шектен тыс көтерілуден сақтану


Қан қысымын анықтау іс - әрекеттері

Әзірле : Рива-Роччи аппаратын немесе тонометрді, фонендоскопты.

1. Сырқатты ыңғайлы жағдайда отырғыз немесе жатқыз.

  1. Сырқаттың қолын жоғары қаратып аш.

  2. Сырқаттың иығына шынтақ иінінен 2-3. см жоғары, арасына бір саусақ

сиятындай етіп манжетті байла.

  1. Манометрді манжетпен қос.

  2. Шынтақ иініне фонендоскопты орналастырып, иық артериясының соғуын

тексер.

  1. Грушаның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа

жібер және оның үстіне 30 мм.с.б. ауаны қос.

  1. Ауаның кысымынан шыны түтіктегі сынап көтеріліп (манометр қолданса

стрелкасы «0» -ден жоғары көтеріледі), ол манжеттегі ауа қысымының

өскенін көрсетеді.

  1. Грушаның тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығар.

9. Фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы

бойынша салыстыр - бұл көрсеткіш - систоликалык жоғарғы қысым болып

саналады.

10. Ауаны онан әрі ақырын шығар, сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады, бұл

кездегі көрсеткіш диастоликалық - төменгі қысым болып саналады. Алынған

мәліметтерді температура қағазына жаз.


V. Сабақты қорытындылау – 10 минут.

Оқытушы бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағалайды. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтайды.

VІ. Үйге тапсырма – 10 минут.

Тақырыбы: «Жіті, созылмалы гломерулонефрит. Пиелонефрит. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы»

«Асықпай жауабын тап: Пиелонефрит пен гломерулонефриттің клиникалық белгілеріндегі айырмашылықтары қандай?


Қолданылатын оқулықтар:

  1. «Педиатриядағы медбике ісі» І, ІІ – том., Алмас Көптілеу., Астана 2015

2. Балалар ауруларының пропедевтикасы мен балаларда жиі кездесетін аурулар.

Б.Н.Баймухамбетова., М.А. Садуақасова., Астана,2002

3. Балалар аурулары. К.А.Святкина. Аударған: Ж.Әбішов А

4. Дәріс.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1883
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі