Материалдар / Ашық сабақ : Бұл әлемге келген соң
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ : Бұл әлемге келген соң

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары : "Бұл әлемге келген соң"тақырыбында 8 сынып оқушыларына дайын сабақ жоспары ұсынылады . Сабақ жаңа үлгіде жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

.

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

8-сынып сабақ жоспары


Бөлім:1

Таным қуанышы

Мұғалімнің Аты-жөні, тегі

Жақсыбекова Тамирис Оразбековна

Мерізімі:

Класс: 8

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №1

1. «Бұл әлемге келген соң...»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Өмір мектебі арқылы адамгершіліктің шыңына шығу. Өмір мәңгілік жасампаздық ретінде. Адам және оның болашағы .


Құндылық


Сүйіспеншілік

Қасиеттер

мейірімділік, ізеттілік, еңбексүйгіштік

Сабақтың мақсаты

оқушыларға «әлем», «өмір», «адам» ұғымдарын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері


-оқушыларға адамның рухани әлемі туралы түсінік беру;

-терең толғануға, өздігінен ізденуге, адам игілігі үшін риясыз қызмет етуге баулу;

-мәңгілікті уақытшадан, шындықты жалғаннан ажырата білуге тәрбиелеу.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)


1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын бақылау.

Оқушылар нұрға бөленіп, жағымды күйге келіп, терең ойлауға икемделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

https://www.youtube.com/watch?v=JZZ3y30leU

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


Жазғы демалысты отбасымен қалай өткізгені туралы мәліметтер сұрап білу. Сонымен қатар оқулықтағы жоба бойынша қоғамға қызмет етуді қалай түсінетіні туралы түсініктерін білу. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте айналасындағы қарым –қатынасы туралы сұрап білу.

Оқушылар мұғалім сұрағын тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, мейірімділік пен еңбексүйгіштікке байланысты адам өмірінің шынайы тағдыры туралы терең ойланады.


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»

Абай

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар Абайдың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.

Презентация,

3 слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Мұғалім «Қайтқанда» Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні айтып береді.

Сұрақтар арқылы әр адамның шынайылық, мейірімділік қасиеттері арқылы Сүйіспеншілік құндылығын ашады. Сонымен қатар, қоғамға қызмет ететін адамдардың ең маңызды сапасы шынайылық екенін баса айтады.

«Қайтқанда» Мұхтар Әуезовтің әңгімесі. («Абай жолы» романынан үзінді

Сұрақтар:

- Аналары Абайды қалай қарсы алды?

Абай өзінің наным-сенімдерге көзқарасын қалай байқатты? Неліктен?

Абайдың аналарымен қарым-қатынасынан жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге болады?

Абайдың бойынан қай қасиеттерді байқадыңдар?

Сізде, өз анаңмен қандай жағымды оқиғалар өтті?

Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды "Ана" және «үлкен алдындағы», "перзенттік парыз", «Ана мейірімі» ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.

Оқулық, № 1 сабақ 8-беттегі

«Қайтқанда» әңгімесі

5. Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)


Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады: «Абай» сөзімен кластер, акроөлең құрастырып жазу.

«Қоғамға қызмет ету» жобасы бойыншағы оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды.

Оқушылар "Ата-ана алдындағы-бала парызы" постерін жасап, өз жұмыстарын сыныпқа таныстырады.

Жоба бойынша

1-тапсырма сұрақтарына жауап жазады.

Флипчарттар, баяу әуен қойылады.


https://www.youtube.com/watch?v=r01fTe07kXQ


6. Үй тапсырмасы (1-2 мин)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтан №2 сабақ 11-13-бет Бақытжан Майтанов «Тағылым» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Жоба тапсырмасы бойынша 2- тапсырма желісімен өткен материал Абай Құнанбаев туралы мақала жазып келу беріледі.

Оқушылар үй тапсырмасын оқиды. Абай Құнанбаев туралы мақала жазады.

Оқулықтағы

11-13 беттегі

7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Мұғалім оқушылармен бірге Қарақат Әбілдинаның «Аяулы ана» әнін орындайды.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=xVDd587r6-M

8. Сабақтың қортынды сәті (1 мин)

Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.


«Мен бүгін сабақтан қандай әсер алдым?»

Баяу композиция қойылады.

https://www.youtube.com/watch?v=qYNDmpMkBZs






«Абай» сөзімен кластер, акроөлең құрастырып жазу.

А-ар-намысты, жоғары қойған

Б-байқағыш, білімқұмар

А-ата-анасын құрметтеді

Й- Ибраһим оның шын аты

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!