400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Дара және күрделі сан есім" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету сабағы. сабақта топтық жұмысқа жұмылдыру, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар берілді. Бұл сабақта оқушы тапсырмаларға сай өзін-өзі баллдық жүйемен бағалады ;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінен ашық сабақ

4 «А»сынып

Жанбабаева Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы:

Дара және күрделі сан есім

Сілтеме:

Қазақ тілі оқулығы, қазақ тілін оқыту әдістемесі. «Алматыкітап» баспасы. 1 деңгей мұғаліміне арналған нұсқаулық,

Жалпы мақсаты:

Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету; 


Негізгі мақсат:

  • Топтық жұмысқа жұмылдыру,

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • Оқушылардың кеңейтілген тапсырмаларды тиімді орындауын жүзеге асыру;

Оқу нәтижесі:

  • Топпен жұмыс жасайды;

  • Бірін-бірі тыңдайды, бағалайды

  • Өзгелердің пікірін тыңдап,өз ойын реттейді;

  • Өз ойын еркін жеткізуге бейімделеді.

Түйінді идеялар:

Сан есім туралы білімдерін толықтырады.

Дара және күрделі сан есім туралы түсінік алады

Сабақта қолданатын материалдар:

  • Слайдтар

  • постер

  • кесте

  • сызба

Оқыту әдістері:

Интерактивті оқыту әдістері

(Сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс,баяндау)

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Сыныппен жұмыс


Дерек көздері:

Интернет материалдары, «Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша» журналы.


Тапсырмалар:


Қазақ тілі оқулығы бойынша берілген 145-146 беттегі жаттығулар


Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, математика, әдебиеттік оқу.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.( 3-5 минут)

Мұғалім: Ал қане,оқушылар сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

Дөңгелене тұрайық

Керегені құрайық,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық.Осы киіз үй сияқты ынтымағымыз мықты болып, мектебіміздің шаңырағы биік болсын дегім келеді. Сіздерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!


Мұғалім: Сабақ алдында бір-бірімізге жақсы жылы сөз айтып, тілек тілейік.


Қонақтармен сәлемдесу.(хормен) 2 слайд.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз

Оқушылар орындарына, цифрлар арқылы топқа бөлініп отырғаннан кейін, әр оқушыға бағалау парақшасын таратып, өзін-өзі қалай бағалау керектігін түсіндіремін.

Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын толық дұрыс орындаған оқушы өзіне 1 балл қояды.

5-жаттығу. Өзгертпе сөзді (анаграмманы) шешу.

Бірінші менің бөлігім-

Шұңқырмын –екі-ақ әріппін.

Екінші менің бөлігім-

Бір түсті жұртқа таныттым.

Екеуін қоссақ жөнімен,

Орасың шөпті онымен. (орақ) (М.Әлімбаев)

Сан есімдерді сөз құрамына талда.

Өткен сабақты пысықтап қайталап алу. 3 слайд

1 топ 2 топ 3 топ

Сан есім деген не? Есептік сан есім дегеніміз не? Реттік сан есім дегеніміз не?

Мысал келтіру. Мысал келтіру Мысал келтіру.

Оқулықпен жұмыс

1 тапсырма 7- жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Мен-баласы даланың

Бес жасында ат жалында ойнаған,

Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған,

Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін,

Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін,

Мен- баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын. (М.Әлімбаев)

  • Сен есімді тап. Бес, бес жүз сан есімдерін салыстырыңыздар.

Әрқайсысындағы сөз саны бірдей ме?

Осы екі сөзде нені байқап отырсыздар.

Бес қандай сан есім, бес жүз деген қандай сан есім?

  • Жеті түнде және бес саусақтай дегенді қалай түсінесің?

Мұғалім: Олай болса бүгінгі сабағымыз дара және күрделі сан есім деп аталады.

Мұғалім

Сандарға назар аударайық. Олар қалай жазылған?

  • Бір сөзбен жазылған сандарды қандай сан есім деуге болады?

  • Екі немесе одан да көп сандармен жазылған сан есімдерді қандай сан есім деуге болады? Ережені қорытып көріңдер.

  • Сендер қорытып көрген ережемен мына ережені салыстырайық. 5 слайд

Е Р Е Ж Е

Сан есім дара және күрделі болады.

Дара сан есім бір сөзден тұрады.

Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады. Мысалды оқушылардың өздеріне айтқызу.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу сәті.

Күн ретін жазу.

Сөздік диктант 1 балл

Тапсырма: дара сан есімнің астын бір сызықпен, күрделі сан есімнің астын екі сызықпен сызыңдар.

Елу, он, жиырма төрт, жүз алпыс екі, мың, жеті, он тоғыз, үш мың алты жүз сексен. (15-20 сөз)

( Сайд арқылы өз жазғандарын тексеріп, қатесіз жазған оқушы 1 балл қою)


2 тапсырма 1 топқа 1 балл

8- жаттығу. Сөйлемдердегі сан есімдерді теріп, сөзге айналдырып жазыңдар.

  1. Кит-ең ірі жануар. Оның ұзындығы 30 метр, салмағы 120 тоннадай болады. 2. Түйеқұс сағатына 120 километр жүгіреді. 3. Айдың көлемі Жерден 50 есеге жуық кіші. 4. Емен өте ұзақ, яғни 1000 жылға дейін жасайды. 5. Жусанның Қазақстанда 81 түрі белгілі.


Сан есімдердің астын сыз, Олардың дара немесе күрделі екенін айт. 6 слайд арқылы тексеріп, дұрыс жазғандар 1 балл қояды.


2 топқа

9 –жаттығу. Берілген сөздерді оқып, бір дара, бір күрделі сан есімді қатыстырып сөйлем құра.

Он бес, қырық жеті, жүз алпыс бес, бір мың тоғыз жүз тоқсан бір.


3топқа

10-жаттығу. Берілген сан есімдерді сөзбен жаз. Олардың дара немесе күрделі екенін дәлелде. 9, 11, 27, 189, 640.

Сергіту сәті.

11-жаттығу. Ребустарды дұрыс шешсең, құрамында сан есімдері бар жалқы есімдер шығады. Соларды салыстырып, «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбына әңгіме құрап жаз.

ЖЕТІСУ, ЕКІБАСТҰЗ. 2 балл

Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей 2 балл

Жұмбақтың шешуін табыңдар. Дара сан есім мен күрделі сан есімдерді табу, анықтау, сөйлем құрау.  
1.Бір алаша төселген,

Басы да екеу, 

Екі ауылды жалғайды.

Аяғы да екеу. (Қайшы) 

2.Бір үйім бар ақ тас,  
Есігін ешкім таппас. (Жұмыртқа)

3. Отыз екі батыр 

Кіргендерді 
Отап турап жатыр (Тіс)
 

2 деңгей

Төмендегі  сөздерге  тиістісін  стрелка  арқылы қосыңдар        ( тұрақты тіркестер)

Бір шымшым                                       су

Бір жайым                                            өлең
Бір шөкім                                             бұлт
Бір салым                                             тұз
Бір асым                                               қамыр
Бір жұтым                                            ет
Бір ұрттам                                             шай
Бір ауыз                                                айран

(Дұрысын оқытып тексертіп,бағалату) 2 балл

Қорытындылау:

К ері байланыс сұрақ – жауап (5 минут)

Постер қорғау. Балалардың сан есім туралы нені білгендерін,

нені үйренгендерін қорғайды.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау парақшалары бойынша оқушылардың бағалаймын.

Үйге тапсырмалар:

12 -жаттығу. 146 бет

Рефлексия:

Соңғы слайд

Үлкенге де сіз

Кішіге де- сіз,

Құрметпенен сіздерге

Сау болыңыз дейміз біз

Оқушылар өтілген сабақтан қандай әсер алғандығын смайлгке

жазады.














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1337
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі