400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Екі таңбалы сандар" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ ретінде ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Мектеп:

Күні: 22.11.2016 ж.

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Екі таңбалы санадар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10/11 -20 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;


Барлық оқушы орындай алады: натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді;

10/11 - 20 көлемінде түра және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай аалады: 11 – ден 20 – ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

Кейбір оқушылар орындай алады: 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.

Бағалау критерийлері

1.0 санының құрылу жолын түсіндіреді.

2.20 көлемінде тура және кері бағытта санайды.

3.Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

Пәнаралық байланыс:

Өнер, жаратылыстану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:


АКТ - мен байланыс

Аудиожазба

Құндылықтармен байланыс:

Адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулу

Дискриптор

-суретке сәйкес өрнектер жазады;

-0 санының құрылу жолын түсіндіреді.

-20 көлеміндегі сандарды өсу ретімен жазады;

-20 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады.

-12 санының көршілерін жазады;

-18 санының көршілерін жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Оқушылармен тірек сөздердің айтылуын қай - талау үшін «Бұл кімнің дауысы?» деген ойын ойнату.Ойынды бастамас бұрын хормен тірек сөздерді қайталату. Одан кейін оқушылар бір – бірімен қол ұстасып шеңбер жасап тұруы керек. Жүргізуші сайланады. Шеңбердің ортасында тұрған жүргізушінің көзін мойынорағышпен байлап қою керек. Оқушылар шеңбермен айналып жүреді. Мұғалім көрсеткен оқушылардың біреуі тірек сөзді дауыстап айтады. Жүргізушінің міндеті - тірек сөзді айтқан оқушыны дауысы бойынша кім айтқанын табады. Егер ол дұрыс тапса, ортақ шеңберге тұрады. Ал кімнің дауысын таныса, сол оқушы жүргізуші болып ортаға шығады. Ойын осылай жалғасады.


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Бірліктер - единицы – units Ондықтар - десяток - ten


Сыныптағы диалог/жазылы үшін сай келетін тіл стилі:


Талқылауға арналған сұрақтар: 11 – ден 20- ға дейін санай аласың ба?

Екі таңбалы сандар қайда қайда кездеседі? Пазлдарда қандай сандар жасырылған? Бұл сандарды бір сөзбен қалай атауға болады? Неге?

Мұндағы қай пазлды артық деп ойлайсың? Неліктен


Неліктен екі таңбалы сандар екі цифрмен жазылады деп ойлайсың?

Алдыңғы оқу:

11 – ден 20 – ға дейін тура және кері бағытта санай алады.

Жоспар

Сабақтың Жоспарланған кезеңдері


Сабақтың басы

10 – нан 20 ға дейінгі екі таңбалы сандар кестесімен жұмыс.

Оны тақтаға орналастыру. Оқушылардан кестеде көрсетілген сандар қалай аталады деп сұрау (екі таңбалы сандар). Бұл сандар неге екі таңбалы сандар деп аталады?

Кіріспе тапсырма. Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамымен таныстыру.

Ойын: «Бүгін сендер барлығың сандар балына шақыру алдыңдар» деп хабарлау. Сыныптағы екі топқа бөлу. Бірінші топқа түскен оқушыларға 1 цифры жазылған парақшаларды тарату. Екінші топқа түскен оқушыларға 0 – ден 9 – ға дейінгі сандарды таратып беру. Ырғақты музыка қосып, «сандарға » жұппен емес бір – бірден билеуді ұсыну. Балға шақырылған барлық сандар бір – бірімен танысу керек. Олар қалай аталатының және неге оларды солай атайтынын сұрау. (Жауабы: бір таңбалы , себебі олар тек бір цифрдан ғана тұрады.)

10 – нан 20 дейінгі екі таңбалы сандардың демонстрациялық кестесі; әрбір оқушыға арналған ламинатталған қағаз парақтары; екінші ондықтың сандары жазылған сан кесіндісі;

10 – 20 – ға дейінгі сандар жазылған парақшалар жинағы.


Балда жұппен билейтінін айту. Ырғақты музыканы қосу және оқушыларға жұппен билеуді ұсыну. «1» цифры бар оқушы өзіне жұпты екінші топтан таңдап алуы керек. 1 – 2 минуттан кейін оқушыларға тақтаға шығады.

Тақтада екі қағаз тәж бекітіліп тұрады. Олардың біреуінде «Ондықтар», екіншісінде «Бірліктер» деп жазылған. Тағтаға шыққан оқушылар осы тәждердің астына барып тұруы тиіс. Олар тұрған соң басқа оқушылардың назарын құрастырылған екі таңбалы санға аударыңыз. Екі таңбалы сандарды құруды ұсыну.

Қалған оқушыларға пайда болған санды оқуты. «Ондықтар» деген жазудың астында тұрған цифр осы сандағы ондықтың санын көрсетеді. Ал «Бірліктер» деген жазудың астындағы цифр берілген сандағы бірліктің санын көрсетеді. Одан ары сандардың «көршілерін» анықтауға жұмыс жүргізу. Оқушыларға көздерін жұмуды сұрау. Кез келген екі таңбалы санда атау. Осы санның екі жағында қандай сандар орналасканын сұрау.


Екі ортасы

Екі таңбалы сандар қайда кездеседі? Оқушыларға оқулықтағы иллюстрапцияны қарауды ұсыну. Олардан өмірде екі таңбалы сандардың қайда кездестіргендері туралы сұрау. Оқушыларды топтарға бөлу және берілген сұрақтың жауабының нұсқаларын топтарда талдауды ұсыну. Олар өз жауаптарын А3 форматты қағазда жазып көрсетеді. Топтар арасында жұмыстары туралы талдау жүргізу. Әрбір топ өзінің сурет түрінде бетке жазған жауаптарын көрсетіп және осы сұрақтар бойынша өз ойын айтады.

Орындап көр.Жұмысты жұппен ұйымдастыру. Оқушыларға текшелерден құрылған конструкцияны қарауды және санау арқылы бір бағанда неше текше барын, анықтауды ұсыну. Әрбір конструкцияда барлығы неше текше барын және бұл қанша ондық, қанша бірлік болатынын сұрау.

Жауабы: 12;15;13.

Екі таңбалы сандар. Тапсырма екінші ондықтың сандарын оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған және оқушылардың екінші ондық сандарының құрастырылуы туралы білімдерін бекітеді. Оқушылар екінші ондықтың сандарының атауындағы заңдылықты түсіндіре алады, сонымен қатар 20 көлеміндегі сандарды тура және кері санау дағдысының қалыптасуына жаттығу жасайды. Реттік санау дағдысын бекіту ушін, тақтаға 20 оқушыны шақыру. Оларға кез келген немесе берілген тәртіппен, мысалы, бойына қарай, және өзінің реттік нөмірін айтып ретімен тұруларын сұрау.

Шығарып көр. Берілген тапсырма оқушыларға сандарды жазу кезінде қолданылған «онд». Және «бірл». Деген қысқартуларды анықтап, шыққан сандарды танып және оларды оқи білу дағдысын қалыптастыруға бағыттылған. Егер қандай да бір санды 0 ондық және 6 бірлік деп жазу артық, себебі ол бір таңбалы сан.

Қанша балапан? Суреттегі заттардың саны қанша екенін санау керек және сәйкес келетін санмен сызықпен қосу қажет. Бұл не? Оқушылар суретте кескінделген 1 – ден 20 – ға дейінгі сандарды өсу ретімен жазылған нүк – телермен сызық арқылы қоса алады. Одан кейін шыққан суретті бояуға болады.

Екі таңбалы сандарды жаз. Оқушылар пирамидадағы сақиналардың санын санай алады және оларға сәйкес келетін екі таңбалы сандарды жазады. Бірліктерді боя. Оқушылар көрсетілген санның жазылуындағы бірліктің санына сәйкес келетіндей нүктелерді бояйды. Осыдан кейін олар кері тапсырманы орындайды.



Суреттегі боялған нүктелерге сәйкес келетін сандарды жаза алады.

Ондықтар мен бірліктердің санын анықта.

Оқушылар сурет бойынша ондықтар мен бірліктердің санын анықтайды және оларды жазады.


Сабақтың соңы

1 – тапсырма: Суретке сәйкес өрнектер жазыңыз. 0 санының құрылу жолын түсіндіріңіз.

Shape2 Shape1

3 3-1 3 - 3 -


Жұмыс дәптері


2 – тапсырма : Қатарды белгісіз сандармен толықтырып жазыңыз


3 – тапсырма: Ә р санның көршілерін жазыңыз:

Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3

18

12




Қосымша мәліметтер: Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды оқумен және жазумен танысады. Екінші ондықтың сандарын оқығанда он санына 1 – ден 9 – ға дейінгі сандарды қосып айту арқылы оқылады. Мысалы: он бір, он екі т.с.с.

Санның жазылуындағы әрбір цифрдың анықталған орны бар (позициясы). Разряд – бұл санның жазылуындағы цифрдың тұратын орнын білдіреді. Санның жазылуындағы цифрдың мағынасы қай разрядта тұрғанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Разрядтар санның соңынан бастап саналады. Бірліктер разряды – бұл кез келген аяқталатын ең кішкене разряд. Ондықтар разряды – бұл бірліктер разрядының алдында тұратын разряд. Егер санда разряд жоқ болатын болса, санның жазылуында оның орнында 0 (нөл) цифры тұрады.

Сабақ бойынша

Рефлексия:

Бағдаршам көздері арқылы кері байланыс жасау

Бағдаршам көздері

Жалпы баға

Сабақта жақсы өткен екі аспекті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезнңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшілігіне көңіл бөлу.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі