400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ : "Ертегілер еліндегі математика"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне қосымша көмек ретінде пайдалануға болады. Екінші кіші топ балаларға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру бөлімі: Таным, әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметінің салалары:

Көркем әдебиет, математика, құрастыру

Тақырыбы : «Ертегілер еліндегі математика».

Мақсаты: Жыл бойы алған білімін тиянақтау.

Білімділік:

  • Көп, бір ұғымдарын бекіту.

  • Ұзын – қысқа, биік – аласа, кең – тар, жуан-жіңішке, үлкен – кіші;

  • Түстерді, геометриялық пішіндерді, 3 – ке дейін санауды;

Кеңістікті бағдарлай білулерін бекіту (оң, сол)

  • Тәулік бөліктерін ажыратып атай білулерін жалғастыру

Дамытушылық:

  • Есте сақтау қабілеттерін, ой – қиялдарын қалыптастыру.

  • Есту қабілетін дамыту

  • Ұсақ моторлық дағдыларын дамыту

  • Сөз байланысын дамыту.

Тәрбиелік:

  • Қайырымдылыққа, өзаракөмек бере білуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Демонстрациялық көрнекіліктер : Геометриялық пішіндер, слайд, күлгін орман дамытушы аймақ.

Үлестірмелі материалдар: әр балаға геометриялық пішіндер, үрмебұршақ, «Күлгін орман» дамытушы аймаққа қажетті заттар, әр бала санына кастрюль және моншақ суреті салынған қағаздар

Оқу қызметі кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Балалар, бізге балабақша қызметкерлері келді, амандасайық ...

Шаттық шеңбер:

Күлімдеп күн бүгін!
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін!
Қарады саған да.
Шуағын төгіп тұр,
Сәлем күн анаға!.

Тәрбиеші: - Балалар! – Бүгін біздің ҰОҚ –ті ерекше болмақ. Ал, қазір біз ертегілер еліндегі математика әлеміне ұшатын кілеммен саяхатқа барамыз.



Алдымен ойын ойнайық.

Ойын: «Бірдей пішінді тап»

Ойын шартын түсіндіру.


Балалар, экранға қараңдаршы, не көріп тұрсындар?

Т: Дұрыс айтасыңдар. Бұл жай ғана үйшік емес. Бұл «Үйшік» сиқырлы, математикалық үйшік. Кейіпкерлерге үйшікке кіру үшін, тапсырмаларды орындауымыз керек.


Балалар, бірінші болып тышқан келеді. Тышқан үйшікке қай жолмен барады?




Енді қай кейіпкерлер үйшікке келді:


- Бірінші тапсырма: (Тәулік бөліктері)

1. Күн шығады, барлық бала оянып жуынып, тістерін тазалап, киініп, әке – аналарымен балабақшаға барады. Бұл тәуліктің қай уақыты?


2.Ал мына суретке қараңдаршы... Дала жарық. Балалар ойнап, жүгіріп жүр. Бұл қай уақыт деп ойлайсыңдар?


3. Ал сендер қай уақытта үйге қайтасыңдар?


4. Барлық адамдар ұйқыға жататын, күнді ай алмастыратын қай уақыт?


-Жарайсыңдар, бірінші тапсырманы жақсы орындадыңдар.

- Түлкі мен қасқыр да үйшікте тұрғысы келеді. Оларда сендерге тапсырма дайындапты.

Олар үрмебұршақ әкеліпті. Үстел басына отырамыз.Ненің суретін көріп тұрсыңдар? –.

-Көлеміне назар аудартады.

-Үлкен кастрюльге көп үрмебұршақ саламыз.Ал кіші кастрюльге бір үрмебұршақ саламыз.

-Балалар, келесі тапсырманы орындайық... Қағазда ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Ендеше үрмебұршақтан бақаға моншақ тізіп берейік. Жіптің ұзындықтары қандай?.

Тамаша, бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.

Сергіту жаттығуын музыкамен орындау.

Балалар, аюдың да тапсырмасын орындайық.

Ол да үйшікте тұрғысы келеді, түрлі – түсті мозаикадан геометриялық пішіндер құрастырып беруімізді сұрайды, 3 топқа бөлінеміз.

Жарайсыңдар. Аю да геометриялық пішіндерді білетін болды..

Балалар, өте жақсы білім көрсеттіңдер. Енді нағыз ертегілер әлеміне саяхатымызды жалғастырамыз. Ұшатын кілемге жайғасайық.


«Үйшік» ертегісін сахналау.




*Геометриялық пішіндерді пайдаланып, «Күлгін орман» дамытушы аймағы арқылы аюға үй құрастыру.

Қорытындылау

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Не ұнады? Математика сабағында не істедіңдер?


Балалар амандасады.



Балалар шаттық шеңберін барлығы

бірге жасайды.








Балалар ойынға қызығушылық танытады.



Үйшік



Балалар келіседі.




Балалар кең – тар, жуан-жіңішке ұғымдарын пайдаланады.


Бақа мен қоян


Таңертең






Күндіз




Кешке



Түн









Кастрюль


үлкен, кіші


Балалар тапсырманы орындайды

моншақтың



Ұзын, қысқа




Балалар өздері орындайды

Балалар үшбұрыш, шаршы, дөңгелекті құрастырады.




Балалар ұшатын кілемге отырады.



Балалар рөлдерге бөлініп, ертегі кейіпкерлерін сомдайды.


Балалар үй құрастырады.



Ұнады


Әр бала өзіне ұнағандарын айтып береді


Күтілген нәтиже:

Жаңғыртады: Жыл бойы алған білімдерін;

Түсінеді: Ұзын – қысқа, биік – аласа, кең – тар, жуан - жіңішке, үлкен – кіші ұғымдарын, түстерді, геометриялық пішіндерді, 3 – ке дейін санауды;

Қолданады: Тәулік бөліктерін ажыратып атай біледі,күнделікті қолдана біледі.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі