400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Есептер шығару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ----------------

Сабақ: математика

Мектеп: №37 орта мектеп

Ортақ тақырып: 2А –Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есеп.


Сабақтың тақырыбы:

Есеп шығару. Математикалық олимпиада.

Күні: 26.11.2019 жыл

Мұғалімнің аты: Кангабылова Г.С

Сынып: 2 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану
2.5.1.1** екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу


Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады:

Жазбаша есептеу тəсілдеріне арналған алгоритмдерді білу; Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолдану;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

Кейбір оқушылар орындай алады:

Екі таңбалы сандарды ауызша қосу жəне азайту.

Бағалау критерийлері


  1. Сұраққа жауап береді.

  2. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін біледі;

  3. Есептеудегі қатені тауып, дұрыстығын тексереді.

3. Екі амалмен орындалатын есепті кесте,сызба, қысқаша жазба түрінде модельдейді;

4. Мысалдарды есептеп, бірдей мысалдардың жұбын табады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Құндылықтарды дарыту

Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа. жылдамдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.


Тілдік мақсаттары

Пәнге тән терминология:

Бірліктер, ондықтар, жүздіктер, разрядтар;

мың

жүздіктердің атаулар(жүз, екі жүз, үш жүз, т.б.)

есептеудің тиімді тәсілі

есептеудің жазбаша тәсілдері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер бағандап жазу қате болса, нәтиже дұрыс болып шыға ма?

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда нәтиже өзгере ме?

Жүздік деп нені айтуға болады?

Екі таңбалы және атаулы сандармен амалдар орындау алгоритмдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?


Алдыңғы оқу

100-дің шегіндегі сандарды оқу, жазу және салыстыру дағдылары; 20 шегіндегі сандарды қосу және азайту дағдылары, екі таңбалы сандардың ондық құрамын білу, екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштар мәнімен алмастыра білу, ауызша есептеу дағдылары

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Басы



Түрлі –түсті галстуктардың түсіне байланысты 5 топқа бөлу.


Ширату жаттығуы

«Кім жылдам» әдісі.

  • 500 –бен 300-дің қосындысы нешеге тең? (800)

  • 1метрде неше сантиметр бар? (100см)

  • 56-ға қандай санды қосқанда 63 болады? (7)

  • Би үйірмесіне 20 ұл қатысады, ал қыздар одан 5-і артық . Би үйірмесіне неше қыз қатысады? (25)

  • 5 ондық 3 бірліктен тұратын санды ата? (53)

  • 50 ондықтан тұратын санды ата? (500)

  • Біздің мектепте 600 оқушы, ал көрші мектепте бізден 200 оқушы кем. көрші мектепте неше оқушы бар? (400)

ҚБ: «Жұлдызшалар»

Білім алушылар сабақтың мақсатымен танысады.

-Балалар олимпиада деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Олимпиада – математиканы оқып-үйренуге қызығушылығын арттырудың тиімді формаларының бірі.

Математикалық олимпиада болған кезде әр оқушы өзінің бағын сынайды. Берілген тапсырманы орындау арқылы ұпайлар жинайды сол ұпай сандары көп оқушы жеңіске жеткен болып саналады.

Ендеше балалар бүгін көбірек есеп шығару арқылы ұпай жинауға тырысайық.

Қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түсті галстуктар


Сұрақтар

Ортасы




1Shape1 -тапсырма: «Есепті шығар» ҰЖ
Ұл-18

Қыз -17 50 жолаушы

Ересек -?

Шешуі: 1) 50- (18+17)=15 (е.)

2) (50-18) -17=15 (е.)

3) (50-17) -18= 15 (е.)

Жауабы: 15 ересек.

Дескриптор:

1. Берілген тапсырманы талқылайды;

2. Есептің қысқаша шартын құрады.

3. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмін қолданады;

4.Есептеудің әртүрлі тәсілдерін қолданады;

ҚБ « Жұлдызшалар»


2Shape2 - тапсырма: ЖЖ «Кім жылдам?»

Shape4 Shape3 66+ 18=74 84 80-46=34 100-82=28 18 49см+27см=66см 76см

54+42= 96

Дескриптор:

1. Баған түрінде жазбаша есептейді;

2. Баған түріндегі есептің дұрыстығын тексереді;


ҚБ «Жұлдызшалар»


Дәптермен жұмыс.

3- тапсырма: «Блум түймедағы » ТЖ

ҚShape5 азақ т.-35

Орыс т. 27 70 кітап

Ағылшын т.-?

Шешуі: 1) 70- (35+27)=8 (а.)

2) (70-35) -27=8 (а.)

3) (70-27) -35= 8 (а.)

Жауабы: 8 ағылшын тілі.

Дескриптор:

1. Берілген тапсырманы топта талқылайды;

2. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолданады ;

3. Бір-бірінің жауаптарын тексеріп, қателерін түзетеді;


ҚБ «Үш шапалақ»


4- тапсырма: ЖЖ «Есепте»

64-47=17 70-56=14 87+7=94

78+9=87 63-8=55 33-7=26

100-9=91 43+24=67 80-3=77

Дескриптор:
1. Есептің мәнін табады;

2. Бір-бірінің жұмыстарын тексереді;

ҚБ «Үш шапалақ»

5- тапсырма: ТЖ «Сәйкестендір»

3Shape7 Shape6 00+400=700 3 онд. 5 бірл. + 4 онд. 2бірл.= 7онд. 7бірл.

3Shape8 5+42=77 3 онд. 5 бірл. + 6 онд. 5бірл.= 1 жүзд.

35+65=100 3 жүзд. +4 жүзд.= 7 жүзд.

9Shape10 Shape9 00-500=400 9 онд. 8 бірл. -5 онд.= 4 онд. 8 бірл.

9Shape11 8-50=48 4 онд. 5 бірл. - 2 онд. 3бірл.= 2онд. 2бірл.

45-23=22 9 жүзд. -5 жүзд. =4 жүзд.


Дескриптор:

  1. Мысалдарды есептейді;

  2. Бірдей мысалдарды анықтайды;

  3. Жұбымен сәйкестендіреді;

  4. Топтар бір-бірін бағалайды;

ҚБ «Мадақтау»

Үлестірме.

  1. Өректер құрастырып, олардың мәнін табу.

Азайғыш

60

40

50

30


80


50

70

80


90

Азайтқыш

25


15


35

42

30

16



32

45

Айырманың мәні


16


19

60


59


35

54

50



  1. Ағалы-інілі-Дәурен, Нұрлан және Әділет бір мектептің әртүрлі сыныбында оқиды. Дәуреннің жасы Әділеттен үлкен емес, ал Нұрлан Дәуреннен үлкен емес.Үлкен,ортаншы және кенже балалардың есімін ата.

Ү-Әділет

О-Дәурен

К-Нұрлан

















Соңы




«Шәкіл» әдісі

Бағалау. Ең жоғары балл жинаған оқушыларға марапаттау. Ең жеңімпаз атанған топты марапаттау.

Үй тапсырмасы: 33-бет № 3,5 тапсырма

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді түрлі-түсті шарлар арқылы бағалау.

Шәкіл парақ

шасы



түрлі- түсті шарлар

Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз? Қабілетті оқушыға қосымша тапсырмалар беремін.

Үлгерімі төмен оқушыға сабақ үстінде қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамын.


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Жұптық, топтық, өздік жұмыста жұлдызша, үш шапалақ арқылы бағалаймын. Мадақтау, марапаттау арқылы бағалауды жүзеге асырамын.

Пәнаралық байланыс – қазақ тілі, дүниетану.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа. жылдамдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.


Қорытынды бағамдау

Қaндaй eкі нəpce тaбыcты бoлды (oқытyды дa, oқyды дa ескeріңіз)?

1:

2:

Қaндaй eкі нəpce caбaқты жaқcaртa aлды (oқытуды дa, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






















Picture 1 Picture 2

Picture 6 Picture 9



Picture 5

Picture 3 Picture 4



Picture 7 Picture 8



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі