жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ : "Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттары",1сынып
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Аманкулова Баян Оралбаевна
1 сынып №37 жалпы орта білім беретін мектеп, бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ тақырыбы:
Пәні: |
«Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттары»
Жаратылыстану 1 сынып |
Мектеп: №37ЖОББМ |
|||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: Аманкулова Баян Оралбаевна |
|||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: 24
|
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқумақсаты: |
Барлық оқушылар:кейбір ғарыш денелерін сипаттау; |
||||
|
Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау; |
||||
Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу. |
|||||
Ресурстар: |
ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері; телескоптардың суреттері. Ғарышкерлер суреттері.
|
||||
Күтілетін нәтижелер: |
|
||||
Сабақтың мақсаттары: |
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау |
||||
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек, сауат ашу, дүниетану |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар: Ғарышкер неге скафандр киеді? бейнефильм Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/. |
||||
Сабақ түрі, әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлік сұрақтар, зерттеушілік тапсырмалар, ресурс парақтарымен жұмыстану Сабақ барысы |
||||
Сабақтың басы |
Амандасу. Сыныптың дайындығын қадағалау. Сабақтың мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру. Психологиялық дайындық Оқушыларды топтарға бөлу. Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам жоқ. (Жұлдыз) Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн) Біреудің бір ұлы бар және қызы, Біледі ол екеуін дүние жүзі. Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен ай) Пішінін өзгертіп отыратын жер серігі - Ай Топтық ережені еске салу. 1 топ: «Күн» 2 топ: «Ай» 3 топ: «Жұлдыз» Кіріспе тапсырма
«Құпия сөздер» Тақтаға бір оқушы шығады. Оның басына тәж кигізіледі. Тәжде бір сөз жасырынады. Тәжді киіп тұрған оқушы ол сөзді көрмейді. Отырған оқушылар сөзге анықтама береді. Сөз туралы анықтаманы, түсінікті тыңдай отырып, тәж киген бала сөзді табу керек. Жасырынатын сөздер: Ғарыш, шоқжұлдыз, күнтізбе, Тоқтар Әубәкіров |
||||
Сабақтың ортасы |
Ғарышты зерттеу не үшін керек болды? Ғарышқа жету үшін не керек? Зымыран -Ендеше ғарышты зерттеу құралдары және ұшу аппараттары туралы бүгінгі сабағымызда кеңінен танысатын боламыз. Таныстырылым №1 «Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттары» Мұғалім түсіндірмесі: Адамдар телескоптың көмегімен ғарышты бақылайды. Қазіргі телескоптар заттарды нақты, айқын етіп көрсетеді. Алыста орналасқан заттарды жақындатып, анағұрлым ұлғайтып көрсете алады. Расытханалар арнайы ғимараттарда орналасады. Онда үлкен телескоптар, дыбыстар мен көріністерді жазып алатын құралдар қойылады. Олар қалалардан алыс жерлерде, биік тауларда орналасады. Қазіргі кезде ғарышты зерттеуші ғалымдар ғаламшарлар мен жұлдыздар туралы ақпаратты Жер серіктерінің көмегімен алады. Ғарыш стансаларында түрлі тәжірибелер жүргізіледі. Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдегі алғашқы және ең үлкен айлақ. Ол Қазақстан аумағында, Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышты арнайы құралдар мен ұшатын аппараттардың көмегімен бақылайды. Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/. Оқулықпен жұмыс «Миға шабуыл» - Ғарыш дегеніміз не? Суреттегі телескоптарды салыстыр. 1-топқа сұрақ
2- топқа сұрақ - Қазіргілерден айырмашылығы қандай? 3-топқа сұрақ Телескопты қай жерге орналастырған дұрыс? Неге? Бейнефильм: «Ғарышкер неге скафандр киеді?» Зерттеу жасау 1-топ: «Суретшілер» Зымыранның суретін салады. Тоқтар Әубәкіровтың суретін салу. 2-топ: «Мүсіншілер» Зымыран және ғарышкерді ермексаздан жасайды. 3-топ: «Оригами» Зымыранның үлгісін қағаздан жасайды. Дәптермен жұмыс Зерттеу кезінде алынған зымыранның аппликациясын жасайды. Сергіту сәті: «Атомдар мен молекулалар» «Күн мен түн» Суретшінің қателігін табу. Жеке жұмыс Жауабы: Расытханалардың айналасында көпқабатты ғимараттар болмауы керек, расытханалардағы телескоптар заманға сай болуы керек. Суретті бояп шығады. Ғарышты зертте: 3-топқа кеспе әріптер беріледі. Сол әріптерден РАСЫТХАНА, АСТРОНОМИЯ, БАЙҚОҢЫР сөздерін құрауы тиіс. Қысқаша түсінік береді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: 1-тапсырма: Ғарышты зерттеуге арналған құралды анықтаңыз және сипаттап айтыңыз. 2-тапсырма: Жердің жасанды серіктерін сипаттап айту.
|
||||
Сабақ соңы
Қорытынды |
Кері байланыс. «Жұлдыздар жарқырайды» Тақтаға түнгі аспан әлемінің суреті ілінеді. Оқушыларға үлкен, орташа және кішкентай көлемдегі жұлдыздар таратылады. Сабақта алған білімі мен белсенділігін еске түсіріп, жұлдыздың бірін таңдап аспан әлеміне жапсырады. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды бағалау. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген