жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ : Геометриялық фигуралар 4 сынып
Бекітемін:
Мектеп директоры:_____________________
Оракбаева Г.О.
« А.Пушкин атындағы № 3 ЖОМ»КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Геометриялық фигуралар:текше,тіктөртбұрышты параллелепипед»
Н.С.Назарова
№35-сабақ
Пән: Математика |
Мектеп: |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||
Сынып: 4-сынып |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы |
Геометриялық фигуралар: текше, тікбұрышты параллелепипед. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.3.1.1 - тікбұрышты үшбұрышты, текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін (төбесі, қабырғалары, қырлары) бір бірінен ажырату және атау 4.3.1.2 - геометриялық фигураларды жіктеу |
||
Күтілетін нәтижелер |
Барлық оқушылар: текшені, тікбұрышты параллелепипедті және олардың элементтерін (төбелері, қырлары, қабырғалары) тануды және атауды білетін болады; Көптеген оқушылар: тікбұрышты параллелепипед көлемінің формуласын (V = a · b · c) қорытып шығару және қолдануды білетін болады; Кейбір оқушылар: текшені, тікбұрышты параллелепипедті латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау және оларды таңбалануы бойынша оқуды білетін болады. |
||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: текшені, тікбұрышты параллелепипедті және олардың элементтерін атауды (төбелері, қырлары, қабырғалары); тікбұрышты параллелепипед көлемінің формуласын (V = a · b · c) қорытып шығаруды; текшені, тікбұрышты параллелепипедті латын алфавитінің бас әріптерімен оқуды біледі. Пәндік лексика және терминология. текшенің, тікбұрышты параллелепипедтің элементтері (төбелері, қырлары, қабырғалары); Диалогқа / жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы сөздер топтамасы Талқылау: Шамалардың өлшем бірліктерін аударыңдар. Шамалардың кеңістіктік фигурасын сипаттайтын, басқа шамалармен тәуелділікпен байланысқан шаманы есептеңдер. Жазу: Ұсынылған бірліктерге шамаларды ауыстыруды жазу, көлемді анықтауға арналған есептердің шешімін жазу. Кубтың, тікбұрышты параллелепипедтің белгіленуін жазу. |
||
Алдыңғы білім |
Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табуға арналған формуланы (V = a · b · c) құрастырады және қолданады. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру «Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады. Жыл мезгілдері 4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады, Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады. Сурет бойынша топқа бөлінеді.
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау
Есіңде сақта! V = a · b · c Vтекше = a · a · a = а3 |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|
Сабақтың ортасы |
Топтық жұмыс 3 тапсырма Көрсетілген өлшем бірлігіне өрнектеңдер. 12 м3 = дм3 12 дм3 = см3 3 м3 = дм3 1 000 000 мм3 = см3 1 дм3 = см3 = мм3 1 м3 = дм3 = см3 Дескрипторы: Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласын құрастыруды және қолдануды үйренесің. |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Оқулық Жұмыс дәптерлері, Оқулық
|
|
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі. Есепте 4 тапсырма Есепте. а) Ұзындығы – 25 м, ені – 10 м, ал тереңдігі 2 м болатын хауыздың көлемін тап. ә) Осы хауыздың бүйір жақтарының ауданын тап.
Сен зерттеушісің 8 тапсырма Ойлан және жауап бер. Екі қорапта 1 200 г кәмпит болды. Бір қораптан екіншісіне 50 г кәмпитті ауыстырып салғанда, екеуінің массасы теңесті. Бастапқыда қораптардың массасы қандай болған? Жауабы: бастапқыда ауыр қораптың салмағы –г, ал жеңіл қорап –г болды. Кері байланыс парағы. «Бағдаршам» әдісі бойынша.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
|
Қорытынды бағалау |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген