Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ " Химиядан қызықты есептер"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Химия пәнінен қызықты тапсырмалар мен есептер
Құрастырған: химия пәнінің мұғалімі
Ахмет Сапар Үшкемпірқызы
Кіріспе
Бұл жұмыс дәптері орта білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған «Химия» оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. Жұмыс дәптері 8 сыныптың білімі беру стандартына негізделіп дайындалған. Жұмыс дәптеріндегі түрлі тапсырмалар мен жұмыс түрлері оқушылардың белгілі практикалық қабілеттерін қалыптастыруға, үйреніп отырған пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға және ғылыми жаратылыстану бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Тапсырмалар танымдық сипатта берілген, ол білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне ғана емес, сонымен қатар сабақ барысында мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеуге де арналған. Материалдардың берілуі мен көрнекілігі оны көзбен көру арқылы қабылдауды жақсартады, үйреніп жатқан пәннің негізгі бағдарламаларын оқушылардың сапалы меңгеруіне көмектеседі, ғылыми терминдер мен түсініктерді есте сақтауға мүмкіндік береді.
Жұмыс дәптерін оқушылардың алған білімдерін бекітуге, сонымен қатар білімді тексеруге қолдануға болады.
Жұмыс дәптері мұғалімдерге оқушылармен химия пәнінен жеке жұмыс жасауға ыңғайлы.
Мазмұны
-
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі бойынша тапсырмалар мен есептер________________________________________________4
-
Химиялық элементтердің валенттілігі______________________9
-
«Бой сергіту» сұрақтары_________________________________11
-
Атомдағы электрондардың қозғалысы_____________________13
-
Авогадро заңы. Зат мөлшері_____________________________ 17
-
Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері__19
-
Химиялық формулалар мен реакция теңдеулері бойынша есептеулер_____________________________________________23
-
Қызықты есептер_______________________________________ 30
-
Шығармашылық тапсырма_______________________________ 32
-
Газдардың қасиеттері___________________________________ 38
-
Нәтиже сабақ__________________________________________ 40
-
Пайдаланылған әдебиеттер______________________________ 43
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі бойынша
тапсырмалар мен есептер
1-тапсырма
Реттік нөмірі №35 болатын элемент периодтық жүйеде:
а) қай периодта, қатарда;
ә) қай топта, топшада орналасқан;
б) сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электроны бар;
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма
Н2СO3 көмір қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3-тапсырма
2 моль фосфор (Ү) оксидінің массасы қандай?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4-тапсырма
«Артық затты
тап».
Тапсырма: химиялық формулалар берілген, әр қатарға мұқият қарап артық затты сызыңыз және қатардан сызған химиялық формуланың негізгі қасиеті мен белгілерін жазыңыз.
-
KOH, NaOH, Mg(OH)2, Ba(OH)2, Zn(OH)2.
-
MnO, CrO3, CO2, Mn2O7, Cl2O7.
-
H2CO3, H2SO3, H2S, H2SO4, H2SiO3.
-
Na2SO4, CaCO3, BaS, Al(NO3)3, K2SiO3.
-
Cu(OH)2, Al(OH)3, Mn(OH)2, Ba(OH)2, Cr(OH)3.
-
K2O, CaO, Ag2O, Li2O, MgO.
-
K2SO3, NaNO2, KClO4, NaClO2.
__________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5-тапсырма
АI ( NO3)3 алюминий нитратының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6-тапсырма
Электродық конфигурациясы мынадай элементтерді
анықтаңдар:
1s2 2s2 2p4 және 1s2 2s2 2p6 екі элементтердің қайсысының электр терістігі жоғары болатынын айтыңдар.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7- тапсырма Сөз жұмбақты химиялық элементтермен толтыр:
|
8-тапсырма
Химиялық элементтердің таңбалары берілген:
Al, K, Cl, Na, Mg, Li, S, Si, Rb, Ag, P, Ar, Cs, Cu, Fr, Fe, H, Au, Ca, Zn
Табу керек:
1) химиялық элементтерді алфавиттік ретпен орналастыру;
2) тұрақты валенттілік көрсететін элементтерді теріп жазу;
3) ауыспалы валенттілік көрсететін элементтерді теріп жазу
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9-тапсырма.
Алхимиктерден тапсырма
Тапсырма: алхимиктердің көзқарасы бойынша жеті планетаға ежелден белгілі болған жеті металл және апта күндері сәйкес келген. Сіздің міндетіңіз –дұрыс сәйкестікті табу.
СЫНАП КҮН ЖЕКСЕНБІ
МЫС АЙ СӘРСЕНБІ
ҚОРҒАСЫН ЮПИТЕР ЖҰМА
ҚАЛАЙЫ МЕРКУРИЙ БЕЙСЕНБІ
ТЕМІР САТУРН ДҮЙСЕНБІ
АЛТЫН МАРС СЕНБІ
КҮМІС ВЕНЕРА СӘРСЕНБІ
10-тапсырма.
Берілген кестеде қанша зат бірнеше рет кездеседі:
1) химиялық элемент (оттек, кремний)
2) жай зат (сынап)
3) күрделі зат (күміс хлориді)
4) қышқыл (тұз қышқылы)
5) еритін тұз (калий нитраты)
6) оксид (кальций оксиді)