400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " И и дыбысы мен әрпі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға И дыбысын үйрету. АКТ қолдау барысында оқушылардың байқампаздық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Сауат ашу

Сынып: 1

Мектеп: № 73 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия

Күні: 21. 06. 2017 ж

Сабақтың тақырыбы: Ии дыбысы мен әрпі

Мұғалімнің аты-жөні: Эркабаева Г.

Қатысқандар:


Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша

шағын әңгіме құрап айту

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Берілген сюжетті сурет бойынша

шағын әңгіме құрайды және оны айтады.

Көбі: Сурет бойынша әңгіме құрап,оны тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Берілген сюжетті суретке сызба бойынша сөйлем құрай алады және оларға талдау жасай алады.


Бағалау

критерийлері


1.Сюжетті суреттерді сипаттайды.

2.Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме

құрастырып айтады.

Тілдік мақсат


Тиін,тиын,шие,фильм

Құндылықтарды дарыту


Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Партада дұрыс отыру ережесін сақтау.Оқу құралдарын дұрыс пайдалануын қадағалау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,орыс тілі

АКТ қолдану дағдысы

АКТ қолдау барысында оқушылардың байқампаздық және

шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Алдыңғы меңгерілген білім



Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сыныпта «Қайырлы таң!» ойыны арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып аламын.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!


– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушыларды ДЖИГСО арқылы 3 топқа біріктіріп аламын.

1 топ: Табиғат

2 топ: Отбасы

3 топ: Отан

Алдынғы өтілген сабақпен байланыс жасау мақсатында «Сұрақтар қобдишасы» әдісін алдым.Мұнда оқушылар Ү дыбысы бар сөздерді тауып,оны оқып айтады.


Сәттілік гүл шоғы














Қима қағаз



Қобдиша



Сабақ ортасы

25 минут











































1-тапсырма

І.«Серпілген сауал» әдісі.

1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Дыбыс дегеніміз не?

4.Әріп дегеніміз не?

5.Сөз неден құралады?

6.Сөйлем неден құралады?

Дескриптор:

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар екенін айтады.

-Дыбыс туралы біледі.

-Сөйлемнің сөздерден құралатынын ұғынады.


Интербелсенді тақтадан (АКТ) инелік туралы бейнетаспа көрсетіледі.

2-тапсырма

Сұрақтарға жауап алу:

1.Инелік дегенде қандай дыбыс естіліп тұр?

2.И дыбысы қалай айтылып тұр?

3.И дыбысы қандай дыбыс?

4. Инелік туралы не білеміз?

5.Ол неге ұқсайды?

Инелік сөзіне дыбыстық талдау жасатамын.

И әрпіне келетін сөздерді айтқызу.

Дескриптор:

-Инелік сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

-И әрпі бар сөздерді жазады.

3-тапсырма

Топтық жұмыс

1-топ.Сиқырлы буындар.

2-топ. «Ойлан,ізден,тап» әдісі. И әрпі бар сөздер жазу.

3-топ. «Сезін,зертте,салыстыр» әдісі. Венн диаграммасы.

Дескриптор:

-Берілген сөздерді буынға бөледі.

-И әрпі бар сөздерді жазады.


Сергіту сәті.

Айырмашылығын тап ойыны


Тиін Тиын

Орыс тілі пәнімен байланыс:

Тиін – белка

Тиын – копейка

Ит – собака

Шие – вишня

Киім – одежда.

Дескриптор:

-Тиін және тиынның айырмашылығын табады.

-Орыс тілі пәнімен байланыс жасайды.

Дәптермен жұмыс.

Оқулық,

АКТ, жұмыс

дәптері, калам,маркер,инелік суреті

Сабақтың соңы

5 минут

4-тапсырма

Фильм не туралы?

Фильмге ат қой. «Ит –адамның досы» дегенді түсіндір.



Дескриптор:

-Сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады;

-Мәтінді жүйелі әңгімелейді.

Кері байланыс

«Көңіл-күй смайликтері» әдісі арқылы жүзеге асады

Picture 5



Түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

Бағалау

Оқушылар смайликтер арқылы бағаланады.

Сабақ рефлексиясы

Әріптестерім мен тренерімнен алған кері байланыс негізінде мен алдағы уақытта өз сабағымда тиімді жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды ұйғардым.Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды түрлендіре отырып беруді шештім.Сонымен қатар алдағы сабақтарымды ойын түрінде тапсырмаларды қызықты етіп ұйымдастыруды ұйғардым.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі