Сабақтың мақсаты: «Дос», «достық»
ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін
ашу. Міндеттері: Достық, сыйластық, татулық
құндылықтарының адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндіру; Оқушыларды өзара сыйластыққа, бір - біріне
көмек көрсетуге, бірін - бірі қолдауға, қамқорлық жасауға
баулу; Мейірімділікке, достыққа, татулыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар: оқулық, дәптер,
музыкалық әуен, стикер, ақ парақ, суреттер, видеоролик, маркер,
кеспе қағаздар,
|
Ұйымдастыру
кезеңі: 5Т ережесін еске
түсіру.
Оқу құралдарына назар аударып,
сәлемдесу.
Танысу
тренингі. Өз есіміңізге сын есім қосып
танысайық. Мысалы: Аслан- ақылды, Таңнұр –
талантты,...
Үй тапсырмасын
сұрау «Кешірімділік – көңіл кеңдігі»
эссе.
Топпен ән
айту.
Достарым
Сөзі:
Х.Закариянов
Әні: О.
Көшеров
Әңгімелеу (сұхбат) • Достық деген не? Оны қалай
түсінесіңдер? • Достың көп болуы мүмкін
бе? • Өз достарың жайлы не
айтасыңдар?
Дәйексөз.
Достық негізі талғамның, көзқарастың толық
үндесуінен туады. Цицерон
Дәптерлеріне жазып
алады.
Мәтінмен
жұмыс.
Екі дос
(аңыз)
Мұғалім
сыйы Достық өлкесінің заңы М.
Шаханов. Алдымызда қанша сауал
тосылды, Өмір бізді ерте үйірді
биіне. Сәби
кезім. Бірге ойнайтын
досымды, Ертіп бардым нағашымның
үйіне. Сәбилік
шақ! Сүттей аппақ кезең
бұл, Аңғал, бейқам балбұлақтай
сыңғырлы. Д Досым «киіп көремін» деп
әжемнің Аңдаусызда көзәйнегін
сындырды. Енді қайттік, амал - айла
азайып, Құтылуға өткел іздеп
тарықтық. Досым менің ұяң еді
ғажайып, Әжем өте қатал еді,
жарықтық. - Бала мұнша бола ма екен
мазасыз, Қане, қайсың көзәйнекті
сындырған? - деді әжеміз,- қалдырмаймын
жазасыз, Сындырған кім? Алдыма кеп тұр
жылдам! Енді қайттік, кім ұсынбақ
көмегін? Бұл қырсықтан құтқармақ боп
досымды: «Мен сындырдым, кешіріңіз... мені
дедім...» Дедім үнсіз төмен салып
басымды. Бір ерекше дүлей мінез тосып
ек, Шіркін, адам табиғаты - ай сан
қырлы Қанша ашулы болғанымен осы
рет, Әжем мені жазалаусыз
қалдырды. Лезде қайта көтеріліп
еңсеміз, Көңіліміздің айдынынан күн
күлді. Сол сәтте інім сыбыр
етті: «Сенбеңіз, Көзәйнекті қонақ бала
сындырды». Әжем кенет ашу буып
күйгелек, Ашу буып аң - таң болып қалды
да: - Жүр бері,- деп құлағымнан
сүйрелеп, Ертіп барды нағашымның
алдына. «Қой, бәйбіше, дау тудырма
бекерге,- Деп нағашым әңгімесін
жалғады,- Айып па екен, өзін беріп
қатерге, Ер жігіттің досын қорғап
қалғаны. Достық деген ізгіліктің
алаңы, Оған куә ғасырлар мен
замандар. Отанын да сатып кете
алады Қиын шақта досын сатқан
адамдар!».
«Достық туралы» видео
ролик
Поэзия
әлемі.
Ақын-жазушылардың достық туралы өлеңдерінен
үзінді оқу.
Шығармашылық
жұмыс,
Оқушылар екі топқа
бөлінеді.
1 тапсырма. 1-топ.
«Доссыз өмір-тұссыз ас» Эссе, шығарма 2-топ. «Дос жүрегі» өлең
жолдарын құрастыру.
2 тапсырма. ДОСТЫҚ
сөзінің мәнін ашу.
Д-дүниедегі
О-озық
ойлы
С-
сабырлы
Т-
тұрақты
Ы-
ыстық
Қ-
қарым-қатынас
3
тапсырма. «Сөйлемді аяқта»
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені
... Ә) Сыйластық бар жерде
...
4
тапсырма. Мақалды
жалғастыр 1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам ....
қалады». 2. «Дұшпан .... айтады,
дос....айтады». 3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ
.......». 4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі
жақсы.». 5. «..........ақшаң болғанша, көп досың
...». 6. «Досы көппен ....
, Досы жоқпен ...
». 7. «Досы ... , өзі де
жақсы». 8. «.... басқа
қарайды, ... аяққа
қарайды». 9. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан
....». 10. « Досың мың
...., ... біреу болса да
көп». 11. « ... адам тамыры жоқ ...
тең» 12. « ... дос
болсаң, Сасқанда ақылың
айтар. ... дос
болсаң, Топ ішінде бетің
қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз
қалады». 2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып
айтады. 3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ
жоқ». 4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі
жақсы». 5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың
болсын». 6. «Досы жоқпен
сырлас, Досы көппен
сыйлас». 7. «Досы жақсының-өзі де
жақсы». 8. «Дос басқа
қарайды, Дұшпан аяққа
қарайды». 9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан
артық». 10. «Досың мың болса
да-аз, Дұшпаның біреу болса
да-көп». 11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен
тең» 12. «Білімдімен дос
болсаң, Сасқанда ақылың
айтар. Білімсізбен дос
болсаң, Топ ішінде бетің
қайтар».
Ойын: «Ренжістік, достастық»
/әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық »
ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын
шығармыз. Менің өтінішім бойынша
сендер: • «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе
қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды
безейсіңдер. • «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен
бұрыласыңдар. • « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол
алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер
айтасыңдар. Пікір
алмасу. - Сендерге ойын ұнады
ма? - Татуласу
ше? - Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар?
/қуанышты, бақытты,
көңілді/ - Ал, сендерге ренжіскен ұнады
ма? - Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер?
/уайымды, қайғыны,
көңілсіздікті/ Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп
болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не
жетсін.
Достықтың түрлері
видео
Тренинг «Дос жылатып
айтады, дұшпан күлдіріп айтады»
Барлығыңыз орныңыздан
тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, қасыңдағы сыныптасыңа
бірінші жаман қасиетін, екінші жақсы қасиетін айтыңыздар. «Сын
түзелмей, мін түзелмейді»-демекші сынды ашуланбай қабылдаңыз да,
болашақта кемшілікті жоюға тырысыңыздар. Сонымен қатар, «Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын!»-деп халқымыз айтқандай, жақсы
қасиетінде айтып, мадақтап қойыңыздар.
Рахмет, оқушылар!
«Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан
кешірімді болыңыздар!
Кері
байланыс.
Үй
тапсырмасы.
«Менің досыма тілегім»
ашық хат жасап келу.
Топпен ән
айту.
«Қайдасыңдар достарым»
әні.
Соңғы тыныштық
сәті.
Көзімізді
жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгін өткен сабағымыздан нені
түсіндік, қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын
жүрегімізге салып , көкейімізге түйіп алайық. Іштей «Мен табиғатты
қорғаймын, аялаймын, қамқор боламын» деп қайталаймыз. Жайлап
көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін
рахмет!
|
|