400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ , Жануарлар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиеленушілердің : үй жануарлары мен жабайы жануарлар және олардың төлдері, тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«Қазақстан Республикасы

Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласының

«Күншуақ» балабақшасы»

КМҚК меңгеруші м.а.

__________А.Н.Тілеухан

Күні: 26.11.19 ж

Білім беру салаласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Өтпелі тақырып: «ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ»

Апталық тақырып: «Біз күштіміз, ептіміз»

Мақсаты: үй жануарлары мен жабайы жануарлар және олардың төлдері, тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- үй жануарлары мен жабайы жануарларды (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы, қысқа дайындығы) ажыратып айтып беруге үйрету;

- жануарлармен қарым-қатынаста қауіпсіздік ережелерін сақтай білу дағдыларын дамыту;

- қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үй жануарлары мен жабайы аңдардың макеті, сюжетті суреттер,слайд

Әдіс-тәсілдері: сөздік, ойын, көрнекілік, практикалық

Сөздік жұмыс: үй жануарлары, төлі, жабайы аңдар

Билингвалды компонент: жануарлар - животные - animals (анималс),

үй жануарлары – домашние животные - рets (петс), жабайы аңдар – дикие животные - wiid animals (уаил анималс)

ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа хат тасушы келіп балаларға қорап тастап кетеді. Педагог қорапты ашып ішінен хатты алып балаларға оқып береді.

– Балалар, мына хат өзімізге бұрыннан таныс досымыздан келіпті. Хатта былай деп жазылыпты.

Құрметті менің достарым! Мен сіздерден көмек сұрап хат жолдап отырмын. Кеше таңертең ұйқыдан оянсам менің үйімнің айналасында жануарлар жүр екен. Оларды қайда жіберерімді білмей тұрмын. Себебі олардың қайда мекен ететінін білмеймін. Бәрін үйде қалдырамын ба әлде орманға жіберемін бе. Әлде жартысын орманға жіберіп жартысын үйде алып қаламын ба? Осыған көмектессеңіздерші.

– Балалар, досымызға көмектесеміз ба? (Көмектесеміз).

– Олай болса біз қай жануарды орманға жіберу керектігін, ал қайсысын үйде қалдыру керектігін анықтайық (қораптан жануарлардың макетін алып шығып үстелдің үстіне қояды).

2.Негізгі бөлім

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Ол қай жануар? (Түйе)

2. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. (Ешкі)

3. Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген.

Ірімшік пен құрт майы,

Жегенде тілді үйірген. (Сиыр)

4. Аласа ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар. (Қой)

5.Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем. (Жылқы)

Педагог жануарлардың макетінің ішіне жұмбақта кездескен жануарларды бөліп алып үстел үстіне қояды. Балалардан оларды (түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі) және олардың төлдерін (бота,құлын,бұзау,қозы,лақ) атауды сұрайды.

– Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұлар үй жануарлары ма әлде жабайы аңдар ма? (Үй жануарлары).


Педагог үй жануарларының дене бітімі мен бөліктері, түсі, қоректенуі, адамға пайдасы, ұқсастықтары мен өзгешеліктері, үй жануарлары деп аталу себептері, олардың күтіміне адамдардың қатысының бар екендігін сұрақтар қоя отырып ақпарат береді. Олардың төлдері жайлы айтады.

– Міне, балалар, біз үй жануарларын анықтап алдық. Дегенмен бізде тағы да жануарлардың макеті қалды ғой. Бұлар қандай жануар екен атаңдаршы. Педагог қоян, түлкі, қасқыр, аю, макетін көрсетеді. Балалар жеке-жеке атап береді.

– Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар. Шешуін дұрыс тапқан бала сол аңның макетін орманға орналастырады.

1.Өзі бір қу

Жүрген жері айғай мен шу.

Ол қай аң? (Түлкі)

Түлкінің түсі қызыл. Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын. Түлкі қоян мен құстарды, құстардың жұмыртқасын жейді.

2.Қорбаң, қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді.

Бұл не? (Аю)

–Мынау – аю. Аюдың түсі сұр, қоңыр, ақ болады. Олардың денесі үлкен, басы да үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Аюлар қорбаңдап жүреді. Аюлар қыс бойы ұйқыда жатады. Олар, судан балық аулап, жидек теріп, және құстарды аулап жейді.

3.Сұр түсті

Ақсиған көп тісті. (Қасқыр)

Қасқыр итке ұқсайды. Құлағы үшбұрыш. Ал аяқтары ұзын болады. Қасқыр – күшті, айласы да бар, өте қауіпті жыртқыш аң. Олар жан-жануарлармен, құстармен, үй жануарлары кездесе қалса, оларды да жеп қоректенеді.


Секең, секең етеді,

4.Орман оның мекені. (Қоян)

Қояндар тез жүгіреді, кейбіреуі өзіне ін қазып алады. Қоян аю, қасқыр, түлкіге қарағанда кішкентай. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Олар қорқақ, сондықтан топ-топ болып тіршілік етеді.

Педагог қосымша балаларға сұрақтар қоя отырып, жабайы аңдар туралы ақпарат береді.

Осы аталған аңдар орманда тіршілік етеді. Сол себепті оларды жабайы аңдар деп те атайды. Бұл аңдардың барлығы да өз азықтарын өздері тауып жейді. Кейбіреуі қысқа алдын ала дайындалады. Ондай жануардың бірі – тиін. Тиінді көргендерің бар ма? Сендердің көпшілігің тиінді байқамай қалуларың да мүмкін, себебі ол кішкентай әрі көбінесе ағаштардың басында жүреді. Тиін қарағайлы ормандарды мекендейді екен. Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы қандай? (Балалар суретке қарап түсі қызғылт, үстінде жүні бар, құйрығы ұзын, құлағында шашағы бар, әдемі көздері жылтырап тұрады деп жауап береді).

– Қалай ойлайсыңдар тиін ұясын қайда салады? (Ағаштың басына).

– Тиін немен қоректенеді? (Жаңғақпен, саңырауқұлақпен)

– Балалар, біз қазір жабайы аңдар туралы түсірілген бейнетаспаны қараймыз (бейнетаспадан балалар жабайы аңдардың тіршілігі туралы толық ақпарат алады). Педагог бейнетаспа көріп болғаннан кейін балалармен әңгімелесуді жалғастырады.

– Балалар қыс мезгіліне ерекше дайындалатын қай аң екен? (Тиін).

– Жаз, күз мезгілінде тиіндер тоқ жүрсе де, қыс маусымына дайындық жасайды екен. Олар қыс маусымына қалай дайындалады? (Қысқы қорегі үшін жаңғақтар мен саңырауқұлақтар жинайды).

– Оларды қай жерге жинайды? (Ағаштардың түбін қазып, оларды көміп тастайды).

– Ағаштардың қуыстары мен ойық жерлеріне тасып та қор жинайды екен. Уақыт өте келе олар жемін қай жерге көмгендерін ұмытып қалады. Қыс түскенде олар жинаған қорларының кейбіреуін ғана кездейсоқ тауып алады. Тиіндердің бұндай аңқаулығын басқа жануарлар мен құстар жақсы пайдаланады. Сөйтіп тиіндер тек өздерін ғана емес сонымен қатар басқа аңдар мен құстарды да қоректендіреді екен. Міне, балалар, біз үй жануарлары мен жабайы аңдарды екі топқа бөлдік. Енді екеуін екі қорапқа салып, Барыс досымызға қайта жіберейік. Ал Барыс қай жануарды қайда орналастыру керектігін шатастырып алмас үшін қорапты безендіреміз.

Дидактикалық ойын.

Ойын шартын слайд арқылы түсіндіру.

Сергіту сәті.

Бейнетаспадан қайталау.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

Дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіру.

Үш тілде үй жануарлары – домашние животные-рets (петс), жабайы аңдар – дикие животные-wiid animals (уаил анималс) сөз тіркестерін қайталату

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия.

Балалардан оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін айтқыза отырып, көңіл күйлеріні таңбалармен көрсетуді сұрайды.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: үй жануарлары және олардың төлдері, жабайы аңдарды және олардың төлдері суретке қарап атап береді.

түсінеді: үй жануарлары және олардың төлдері, жабайы аңдардың және олардың төлдері айырмашылығын, ерекшеліктерін біледі; олардың өзара байланысын түсінеді.

қолданады: жануарлардың табиғаттағы орны, тіршілігі, қозғалысы, қорегі, адамға пайдасы, бейімделуі туралы біледі. Жануарларға қамқорлықпен қарайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
693
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі