Ашық сабақ " Жақсылардың жақсысы " 4- сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ " Жақсылардың жақсысы " 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіреді, ертегідегі негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйретеді.Болжам жасау, ертегіні талдау, салыстыру жасау арқылы оқушы қиялын дамытуға кқмектеседі.Сонымен қатар оқушыларды бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кабидуллина Нурила Кенжебергеновна

Құмжарған орта мектебі,

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы


І. Сабақтың тақырыбы: Жақсылардың жақсысы

ІІ. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, ертегідегі негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Болжау жасау, ертегіні талдау, салыстыру жасау арқылы оқушы қиялын дамыту.

3. Тәрбиелік: Бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйрету.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: ұршық, иірілген жүн, кілемше, кітап, көліктер суреттері.

Қолданылатын стратегиялар: Ой шақыру, болжау кестесі, еркін жазу, пікірталас.

ІҮ. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Қызығушылықты ояту. Балалар, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ол үшін көлік таңдауымыз қажет. Қай көлікпен барсақ екен? Қайсысы жүйрік? Ендеше балалар, үй тапсырмасын сұрайық. Үйге қандай тапсырма берілді? Өлеңді тізбектей оқу.

- Өлеңде не туралы айтылған? Оларды бір сөзбен қалай айтамыз? Қолдануына қарай көліктер нешеге бөлінеді? Әуе жолымен жүретін көліктерді атаңдар. Жермен, жер астымен жүретін көліктерді атаңдар. Сумен жүретін көліктерді ата. Ертеде осындай көліктер болмағанда адамдар қандай көліктерді пайдаланған? Пойыз өзінің жүйріктігін нелерден артық санайды? Ұшақ өзі туралы не дейді? Автобус қай көліктен жүйрік?

- Өлеңді қара сөзбен баяндау.

- Оқушылардың көліктер туралы дайындап келген қосымша деректері.

3. Сергіту сәті. «Бағдаршам»

4. Пікірталас. а) 1-топ: Көліктің пайдасы. ә) 2-топ: Сарапшылар. б)3-топ: Көліктің адамға, қоршаған ортаға зияны.

- Сендер келешекте адамға, қоршаған ортаға зияны тимейтін қандай машиналар ойлап табар едіңдер?

- Бумен, ауамен, сумен, күннің көзімен, батареямен жүретін машиналарды ойлап табар едік.

5. Жаңа сабақ. а) Кіріспе - көпір (жаңа сабақ пен өткен сабақты байланыстыру.) Сендердің қиялдарың шындыққа айналып, көліктер қолданысқа енсе жақсы болар еді. Ал тағы қандай жақсы заттарды білесіңдер? (Кітап, ойыншықтар, компьютер, теледидар, машина, т.б)

Еңбек, білім, байлық, денсаулық сөздері жазылған қиындылар үстел бетіне қойылады. Әр топтың бір мүшесі осы сөздердің бірін таңдап алады. Оқушылар осы сөздерді не үшін таңдап алғандарын түсіндіредіү

  • Бүгін сендер болгар жазушысы Р.Босилектің «Жақсылардың жақсысы» ертегісінен жақсылардың ең жақсысымен танысасыңдар. Ол қандай заттар екен?

ІІ. Мағынаны тану кезеңі. Мұғалім мәтіннің бірінші бөлімін оқиды. Мәтіннің 1-бөлімі: «Бірақ сен әлі жассың, бұл бөлменің кілтін сен өскенде беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың,-деп жауап қайтарады әкесі» - деп аяқталады. Мынадай сұрақ қойылады:

- Жабық бөлменің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

Оқушылар таратылып берген болжау кестесінің 1,2 бөлігін толтырады. Мәтіннің 2-бөлімі оқылады: «Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып: - Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа ешнәрсе таппадым, -дейді»-деп аяқталады.

Мынадай сұрақ беріледі: Қыздың әкесі болсаңдар не деп жауап берер едіңдер?

Оқушылар болжау кестесін толтырып, топта талқылап, әр топтың бір-бір мүшесі жазғандарын оқиды. Одан соң мәтіннен әкесінің жауабы оқылады.

ІІІ. Ой толғаныс. Бұл кезеңде мынадай тапсырма беріледі. Эссе жазу. «Дүниедегі мүліктің бәрі біліммен, еңбекпен табылады» дегенді сен қалай түсінесің?

Оқушылардың орындаған жұмыстарынан үзінділер.

Біз «Білім» сөзін таңдадық. Сабақты жақсы оқыған бала білімді болады. Білімді адам көп нәрсе ойлап таба алады. Өазіргі заманда ағылшын тілін, компьютер білген адам көп жұмыстарын тез бітіріп алады. Ақшаң көп болып, түк білімің жоқ болса, ақшаң бір күндері бітіп қалғанда, ештеңе істей алмай кедейленесің. Білімді адамды тез жұмысқа алады. Кітап бізге көп білім береді, қызықты әңгімелер, жақсы өлеңдер оқимыз. Біз бәрін кітаптан үйреніп жатырмыз. Білімді адамдар кітапты көп оқиды.

Біздің топ «Денсаулық» деп аталады. Адам жақсы жұмыс істеу үшін, оқу үшін, ұзақ жасау үшін ауырмау керек. Ауырған адамның ештеңе істегісі келмейді. Денсаулық жақсы болу үшін спортпен айналысу керек. Дәрігерге барып қаралып тұру керек.

Біздің топ «Еңбек» деген сөзді таңдадық. Себебі адамдар еңбек ету арқылы жақсы өмір сүреді. Еңбек етпеген жалқау адамдар кедей болады. «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» деген мақал бар. Көп еңбек істеген адам жақсы үйде тұрады, қарны тоқ болады. Еңбек етуді қазірден бастап үйренуіміз керек. Біздің еңбегіміз сабақты жақсы оқу, үйдің жұмысына көмектесу, өз киімдерімізді жинау.

«Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады» дегенді мен былай түсінемін. Кітапты көп оқысаң білімің артады. Білімі көп адам ерінбейді, көп нәрселер ойлап табатын, еңбектен ерінбейтін адам жұмыс істеп көп ақша табады. Оның үйі болады, машинасы болады. Мен жақсы оқуға тырысамын. Кейін еңбек етіп папам мен мамамды бағамын.

Сөздік жұмысы: Мұра - ата-бабадан, әке-шешеден балаға қалған дүние-мүлік. Мүлік - дүние, жиһаз, бұйым.

5. Жаңа білімді бекіту.

а) Сұрақтар қою арқылы

- Мәтін неліктен ертегіге жатады? Қыз әкесінен не туралы сұрады? Әкесі не деп жауап берді? Әкесі қызына қандай ақыл айтты?

ә) Рөлге бөліп оқу.

б) Тапсырмалар бойынша тауып оқу:

1-топ - Мәтіндегі қыздың әкесінің ақыл сөздерін тауып оқу

2-топ - Мәтінді бөлімдерге бөлу, әр бөлімге ат қою

3-топ - Әкесі мен қыз тқратын үйді мәтінге сүйеніп сипаттап беру.

6. Шығармашылық тапсырма. -Ертегіні өзің қалай аяқтар едің? (Ертегіні өзіндік ой-тұжырымдарымен аяқтау)

7. Рефлексия.

- Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не туралы білдік? Жақсылардың жақсысы не екен?

8. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, еңбек, білім туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

9. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

Мұғалім: -Балалар, менің сендерге айтарым: мемлекетіміз, ұстаздар, ата-аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан ерінбей, жалықпай білім алыңыздар. Ел болашағы мына сендердің қолдарыңда.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.12.2017
1243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі