400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Жаратылыстану" пәні - 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне 1 сыныпқа арналған жаратылыстану пәнінен "Жасанды және табиғи жарық" бойынша жаңа бағдарламада құрылған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Астана қаласы № 15 мектеп-лицей ММ бастауыш сынып мұғалімі

Сулейменова Айгуль Камидулловна




Пәні:

Күні:

Жаратылыстану

13.04.2018ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ортақ тақырып

5 бөлім Табиғат физикасы

«Тағам және сусындар»

Сабақ тақырыбы

Жарық не үшін қажет?

ТОҚСАН

ІҮ

СЫНЫП

1 «Б»

Оқу мақсаты

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:  жасанды жарық көздерін және оның қажет­тілігін анықтау;

Оқушылардың басым бөлігі:      қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау;

Кейбір оқушылар:  жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдану.

Ресурстар

Сюжетті суреттер, үлестірмелі парақшалар жиынтығы;

Шам түрлері: (қалта шам, үстел шамы, май шам);

Қалыптастырушы бағалау парағы.


Ұсынылатын фильм

  • twig-bilim.kz Лазерлер қалай жұмыс істейді? Лазерлер CD және DVD-ді

  • twig-bilim.kz Жарықты басқару - Жарық деген не?

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:

  • мектепте жасанды жарық көзін жарықтандыру үшін пайдаланатынын білетін болады;

  • жасанды жарық көзін қолайлы өмір сүру үшін, жол бойындағы қауіпсіздікті сақтау үшін пайдалануға болатынын біледі;

  • жарық көңіл күйді көтеретінін, күнделікті өмірі­­мізді ғажайыпқа айналдыратынын білетін болады.

Жетістік критериилері

  • оқушылар жасанды жарық көздерін қалай қолданылатынын түсіндіре алады;

  • жасанды жарық көздерінің адам өміріне маңызды екенін біледі;

АКТ

Бағдаршам жарығы

Тілдік мақсаттар

  • жарықтындыру;

  • безендіру.

Құндылықты дарыту

«Мәңгілік ел» патриоттық идеясын іске асыру аясында әрбір оқушының бойында өз Отаны үшін мақтаныш сезімін арттыру.

Топтасып, жұптасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Физика, дүниетану, математика

Бастапқы білім

Оқушылардың осы сабақтың алдында нені үйреніп үлгерді:

  • жарықтың не екенін біледі;

  • жарық көздерінің түрлерімен танысты.

Білу қажет:

  • жарық түрлерінің адам өміріне қажетті екендігін, жасанды жарықты қалай қолданатымызды түсінеді.

Сабақтаң барысы

Кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Кіріспе бөлім

_1_ минут
































Негізгі бөлім

_2_ минут




































__3_ минут


















































__6_ минут































Қорытынды бөлім

__3_ минут






















_2__ минут



















__1_ минут











__2_ минут


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық дайындық.

Күннің, Айдың, аспанның

Арайлап атқан ақ таңның,

Жасыл қыр мен орманның,

Сылдыр қаққан бұлақтың,

Таңғажайып бейнесін

Көріп өсіп келеміз

Көмегімен жарықтың!

Шеңберде тұрып оқушылар бір-біріне күлімсіреп жақсы көңіл күй сыйлау.

Топтарға бөлу.

Оқушылардың оқу тапсырмасын бірлесіп орындау үшін алты адамнан тұратын төрт топ(түрлі шам

Суреттері арқылы) құрамын. Бұл оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтасып, басқа адаммен қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастырады.

  • Бүгін сабақта білімімізді әрі жаңғырту үшін, балалар, біз топқа бөлінеміз.

Топта жұмыс жасау ережелерін еске түсіру.

«Бес- Т- ережесі» әдісі

Т – тыңдау;

Т – тазалық сақтау;

Т – тыныштық;

Т – талап;

Т – татулық.

  • Бүгінгі сабақта сіздердің білімдеріңіз жетон жинау арқылы бағаланады. Яғни, әр дұрыс, шапшаң, тиянақты орындаған топ киндер жұмыртқасын алып отырады. Топтар өзара бір-біріңді бағалап отырасыздар.

  • Қай топ жеңімпаз атанады екен?! Сонымен іске сәт!


(Ұ) Еске түсіру сәті

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-light

Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылар бір-бірімен еркін сөйлеседі, жауаптарын бірге жоспарлайды қарым-қатынас дағдысы қалыптасады.

  • Балалар, сіздердің алдарыңызда №1 деп белгіленген тапсырма жатыр. Ашып өзара ақылдасып, жауап дайындаңыздар.

1-тапсырма

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • табиғи жарық көздерін таниды, атайды;

  • жасанды жарық көздерін таниды, атайды.




І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІҮ топ


Суреттегі жарық көздерін атаңыз.

Табиғи жарық көздерін білдіретін суреттерді атаңыз.

Жасанды жарық көздерін білдіретін суреттерді атаңыз.

От жасанды табиғи көзіне жата ма әлде жасанды жарық көзіне жата ма?

Дескриптор:

суретте берілген жарық көздерін атайды;


табиғи жарық көздерін атайды;


жасанды жарық көздерін атайды;


отынның жалыны жасанды жарық көзіне жататынын айтады;

Бағалау –Жарайсыңдар! Жетон беру.



(Ұ) Жаңа тақырыпты ашу

(білу, түсіну деңгейлері қалыптасады)

«Кім тапқыр?» ойыны. Бұл ойында балалар жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Әр дұрыс жауап бағдаршам көздерінің артында жасырынған сөздерді табуға жол ашады.

Жұмбақ жасыру.

Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,

Екеуі қызықтырған талайыңды.

Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,

Тұрады нұрға малып маңдайыңды. Ай, күн

Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам дым да жоқ. Жұлдыз



Арыстан арқырады,
Орман жарқырады
. (Найзағай)


Ендеше балалар, бүгінгі біздің жаратылыс сабағымыздаң тақырыбы: «Жарық не үшін қажет?»

Мақсаты айтылады: өткен сабақты жақсы меңгергендерің байқалып тұр. Жасанды жарық көздерімен табиғи жарық көздерін ажырата алдыңдар. Жарайсыңдар, балалар! Ал енді бүгінгі сабақта біз осы білімімізді әрі дамытамыз, яғни қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау арқылы жарық көздерінің қажеттілігін анықтауымыз керек.

Жетекші сұрақ:

  • Балалар, сіздердің ойыңызша, мына бағдаршам жарық көзінің қайсысына жатады? (жасанды жарық көзі)

  • Ал осы жасанды жарық не үшін керек? Егер ол болмаса, елестетіп көрейікші не болады?

Қорытындылау: Бағдаршам – жарық көзі, ол қолайлы өмір сүру үшін және жол бойындағы қауіпсіздікті сақтау үшін қажет.

Мұғалім:

Электр шамын көрсете отырып мағлұмат беру.


Бұл электр шамы.

1810 жылы осындай ғажайып ашылуды ағылшын физигі Деви жасаған. Доғалық кернеуді жарықтандыру мақсатында қолданылады. Олардың құрылысы баршамызға мәлім: жіңішке өткізгіш жіптен өткен электр тоғы оны белгілі бір температураға дейін қыздырады да, жарық сәуле пайда болады. Электр шамды жасау да оңай іс емес. Шыны қалпақша ішіне балқытылған екі платина электродтардың ортасына өзекше орнатылып, ішіндегі барлық ауа сорылады. Ауа сорылғаннан кейін шамды контактісі бар цокольға орнатып, патронға кигізеді. Эдисон шамының орташа жұмыс істеу уақыты 800-1000 сағатты құрайтын. 

(Т) Оқытудың «Зерттеу әдісі»

Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау. Ойлау, болжау, тұжырым жасау арқылы алған білімдерін қолдану дағдылары қалыптасады.

2-тапсырма

  • Алдарыңыздағы жасанды жарық көзіне назар аударып, бақылау жасаңыз. Бақылау нәтижесін кестеге түсіріңіз.

Жасанды жарықтың қандай пайдасы бар? Жұпта ой бөлісіңіз.

-Оқулықтың 76-77 беттеріндегі мәліметтерді пайдаланыңыздар.

(түсіну, қолдану деңгейлері қалыптасады)


Бағалау критерийі: Білім алушы

  • жасанды жарық көздерін анықтайды;

  • жасанды жарық көзінің қажеттілігін түсіндіреді.

Жасанды жарық көзінің атауы

Не үшін қажет?




Дескриптор: Білім алушы

  • алдарындағы жасанды жарық көзін анықтайды;

  • оның не үшін қолданылып тұрғандығын сипаттайды;

  • жасанды жарықтың қажеттілігі туралы ой қорытады.

Қорғау: әр топтан бір немесе екі бала шығып қалташам жарығымен оқып шығады.

Бағалау: әр топтың дұрыс жауабына жетон беру.

Кері байланыс – әр топ бір-бірін басбармақ әдісі арқылы бағалайды.


Бекіту

  • Балалар жұмыс дәптерлеріңіздің 53 бетіндегі тапсырманы шапшаң орындаңыз. Ол үшін сіздерге сары, қызыл, жасыл түсті қарындаштар қажет болады.

  • Сары түсті қарындашты алып мектепте пайдаланылатын жарық көздерін бояп шығыңыз.

  • Енді қызыл түсті қарындашты алып үйде пайдаланылатын жарық көзін бояңыз.

  • Жасыл түсті алып үйде де, мектепте де пайдаланылатын жарық көзін қоршаңыз.

  • Болсаңыздар жұптар бір бірін тексеріңіздер.

(тақтада дұрыс жауап шығады:

Дескриптор:

Shape1 Үлкен аспашам, софит, үлкен прожектор;

Shape2

Теледидар, білтешам, торшер;

Shape3

Үстел шамы, үй қабырғаларына орнатылған шам, төбеде орнатылған ұсақ шам.


Киндер жұмыртқаларын санау.

Математика пәнімен байланыстыра отырып, оқушылардың жинаған жетондары есептеледі, қаншаға артық-кем екендігі анықталады.

Әр топ басшысы жинаған киндер жұмыртқа санын тақтадағы кестеге жазады.

Топтар

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІҮ топ

ҚОРЫТЫНДЫ







  • Алдарыңыздағы киндер жұмыртқаларын санап шығыңыздар.

  • Қай топ жеңімпаз?

  • Сіздердің жинаған киндер сандарыңыз жеңімпаз топтың жинағанынан қаншаға кем?


Бағалау: әр топ отшашуға лайық. (отшашу әдісі)


(балаларды мадақтау, «алғыр» тобы, «шапшаң топ», «талапты» топ, «белсенді» топ номинациясы арқылы атап өту.


Кері байланыс

Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін тақтадағы кестеге күн шуағы бейнеленген смайлик арқылы жапсырады.

КРИТЕРИЙЛЕРІ:

  • табиғи жарық көздерін танимын;

  • жасанды жарық көздерін танимын;

  • олардың қажет екендігін білдім.

Күліп тұрған – түсіндім

Ойланып тұрған – әлі де мағлұмат керек

Екі беті қызарып тұрған – түсінген жоқпын


Сабақты аяқтау. Рефлексия.

Басбармақ арқылы бағалау.


Ғылыми жоба жұмысынан жүлделі орын алған 2 «А» сынып оқушысына сөз беру.

Орындарынан тұрып қонақтарды шығарып салу.






Табиғи жарық көздерінің суреттері

Picture 10

Picture 11

Picture 12

Picture 13
































Жарық көздері бейнеленген суреттер











Shape4



Shape5




Shape6

















































А3 қағазы, маркер, түрлі суреттер, мәліметтер жазылған қағаз,

қалташам.































Жұмыс дәптері














Кесте

















Түрлі түсті қарындаш







Басбармақ

Макет




Қор ытынды


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  • Тапсырмалар оқушылардың ойын білдіру, пікір таласу, болжау, тұжырым жасау, қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды;

  • Оқушылардың сабақ барысында идеяларымен алмасып, мәселелерді өзара талқылап, шешім қабылдауға мүмкіндік берілді;

  • Сабақта барлық тапсырмаларға әзірленген көрнекіліктерім орынды қолданылды.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  • оқушылардың өзіндік іс — әрекетін ұйымдастыруда үлгерімі төмен балаларға деңгейлік тапсырма дайындау, белсенділік дағды қалыптастыру;


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?


  • топтағы проблемалық сұрақтарды талдауда қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі